Тақырыбы: Атадан қалған асыл ой Мақсаты



Дата12.10.2022
өлшемі47,66 Kb.
#152705
түріСабақ
Байланысты:
Атадан қалған асыл ой


Тақырыбы: Атадан қалған асыл ой
Мақсаты: Ата-бабамыздан асыл мұра болып қалған тілімізді, салт-дәстүрімізді, асыл сөздерді өскелең жас ұрпаққа мирас ету, дәстүр сабақтастығын ұғындыру.
1. Қазақ даласында өмір сүрген шешендердің асыл сөздерімен таныстыру,
2. Білімгерлердің ойлау қабілетін дамыту, тіл байлығын, сөздік қорларын арттыру.
3. Жас ұрпақты сөз қадірін түсінуге, үлкеннің ақылын тыңдау парыз екенін ұғындыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек сызба. Төле, Әйтеке, Қазбек билердің суреттері. «Ақылдың кені-данышпан», «Сөнбес жұлдыздар» атты слайдтар. Нақыл, ақыл, шешендік сөздер.
Сабақтың барысы:
Кіріспе:
Біздің абыз бабаларымыз бүгінгі ұрпаққа ұлан-байтақ даланы, құс ұшырса қанаты талатын қазыналы жерді ақыл-парасат, ойлы да арлы адамгершілік қасиеттері арқасында ғана мұра етіп қалдырған. Олардың өнегесін ұлағат тұтқан ұрпақтар да өмір көшінде бабалар арманын жалғастырып келеді. Болашағымызбен өткен жетістіктеріміздің алтын қазығы – қариялар.
Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Атадан қалған асыл ой» деп аталады.
«Бабалар сөзі – даналық көзі» деп аталады.
Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке,
Асқар тау Қазыбектей білімді еді.
Бірі – күн, бірі – туған айдай болып,
Заманға сәйкестеніп келіп еді ...
Қазанғап.

  • Ендеше, бабаларымыздың шешендік сөздерін тыңдайық.

Әйтеке би:

  • Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.

Ашу деген ағын су,
Алдын ашсаң арқырар.
Ақыл деген дария,
Алдын тоссаң тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған бәлеге жолығады.
Жол қуған олжаға жолығады.
Төле би:

  • Бақ – ұзатылған қыз,

Байлық – еритін мұз.
Бала – артта қалған із.
Өмірдің адамға ең жақын сыйы –
Сыйласқан сіз бен біз.
Қазыбек би:
– Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басынан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзымызды ақтай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң, біз қазақ қарпысқалы келгенбіз, сен темір болсаң, біз – көмір, еріткелі келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз, танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен – арыстан, алысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммін жабысқалы келгенбіз. Берсең жөндеп бітім айт, не тұрысатын жеріңді айт.
5-оқушы.

  • Сіздердің асыл істеріңіз

Ғасырлар бойы тынбайды.
Аңыз-дастан жырлардан
Жастар оқып, тыңдайды.



  • Шешендік сөздерге кезек берейік.

Шешеннің сөзі - алтын
- Не қиын?
- Не жақын?



  • Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын,
Шанышқылаған сөз қиын,
Тыныштықпен өмір сүрмеген
Бәрінен де сол қиын.
Сыбайлас болса, нағашың жақын,
Адал болса досың жақын
Еркелейтін немерең жақын,
Өз ұрпағың шөберең жақын



Ақылшы болса апайың жақын.
Бауырмал болса інің жақын.
Инабатты болса келінің жақын.



  • Жанашырың жоқ болса,

Жатпен жалғыз жүрмеңіз.
Қостаушыңыз жоқ болса,
Үндемей-ақ тұрыңыз.
Қорытынды: Атадан қалған асыл сөздерге- ертегілер, аңыздар, өтірік өлең, мақал-мәтелдер, нақылдар жұмбақтар, айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар,ырым-тыйым сөздер жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет