Қазақ Әдебиеті әдет ғұрып жырының түрін анықтаңыз



Дата29.04.2022
өлшемі21,53 Kb.
#141291
Байланысты:
10v 1


ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

1. Әдет - ғұрып жырының түрін анықтаңыз.
Аққу ұшып көлге кетті.
Сұңқар ұшып шөлге кетті.
Ол адасып кеткен жоқ
Әркім барар жөнге кетті.
A) Той бастар.
B) Сыңсу.
C) Жар - жар.
D) Естірту.
E) Беташар.

2. 1879 ж. Ы. Алтынсарин Торғай облысы мектептеріне кім болып тағайындалғанын белгілеңіз.
A) Директор.
B) Инспектор.
C) Оқытушы.
D) Бақылаушы.
E) Тілмаш.

3. «Масѓ±т», «Ескендір», «Әзім әњгімесі» поэмаларыныњ авторын белгілеңіз.
A) Маѓауия Абай±лы.
B) Абай Қ±нанбай±лы.
C) Шәкәрім Қ±дайберді±лы.
D) Шоқан Уәлиханов.
E) Ыбырай Алтынсарин.

4. Ахмет Байт±рсыновтыњ «Қырық мысалы» басылып шыққан жерді белгілеңіз.
A) Алматыда.
B) Семейде.
C) Петербургте.
D) Торѓайда.
E) Ырѓызда.

5. Б.Майлин шығармаларындағы типтік образды белгілеңіз.
A) Әбдірахман.
B) Мырқымбай.
C) Айранбайдың Мұқышы.
D) Қасымжан.
E) Жәуке.

6. ’’Оғыз Қаған’’жырындағы Оғыздың ақылшысы кім?
A) Білге.
B) Қорқыт.
C) Тоныкөк.
D) Ұлық Түрік.
E) Күлтегін.

7. «Ажалым аштан болды ма?
Ауызға жерге жемім жоқ,
Егер өлсем бұл жерде,
Сүйегімді ұстар теңім жоқ», - деп қиналатын батырды табыңыз.
A) Қобыланды.
B) Арқалық батыр.
C) Алпамыс.
D) Ер Тарғын.
E) Қамбар.

8. Мақал-мәтелдің авторы кім?
A) Халық.
B) Ақындар.
C) Би- шешендер.
D) Жыраулар.
E) Даналар.

9. Жаңашылдықты көксеген Қамар, Ахмет, Омар, Қасен сияқты кейіпкерлер Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қай шығармасынан алынғанын белгілеңіз.
A) ’’Кім жазықты’’.
B) ’’Адасқан өмір’’.
C) ’’Қамар сұлу’’.
D) ’’Кедей’’.
E) ’’Гүл’’.

10. Ілиястың поэмасын табыңыз:
A) “Көкшетау”.
B) “Сұлушаш”.
C) “Қойлыбайдың қобызы”.
D) “Күйші”.
E) “Қорқыт”.

11. М.Әуезов кейіпкерлерін табыңыз.
A) Қарамұрт, Айдынғали.
B) Бақтығұл, Тектіғұл.
C) Рахмет, Шеген.
D) Асқар, Амантай.
E) Жантық, Жарқын.

12. Ғ.Мұстафин өнеріне сай жауапты белгілеңіз.
A) Ақын.
B) Лирик ақын.
C) Ғалым.
D) Сыншы.
E) Жазушы.

13. "Үш бақытымның" авторын табыңыз.
A) Мұқағали Мақатаев.
B) Ақұштап Бақтыгереева.
C) Фариза Оңғарсынова.
D) Жұмекен Нәжімеденов.
E) Қадыр Мырзалиев.

14. Жоқтау қандай өлең екенін көрсетіңіз.
A) Ауыз әдебиетінің бір түрі.
B) Міндетті түрде музыканы қажет етеді.
C) Тек төрт тармақтан тұратын өлең.
D) Жазба әдебиетінде ғана қалыптасқан, ауыз әдебиетінде жоқ.
E) Ауыр қазалы адамның дүниеден өткен адамға деген қадір-құрметін білдіретін өлең.

15. Бір ағаштағы қос шынар сияқты көрінетін ғашықтар кімдер екенін белгілеңіз.
A) Қозы мен Баян.
B) Мақпал мен Сегіз.
C) Арыстан мен Шолпан.
D) Қыз Жібек пен Төлеген.
E) Әлібек пен Айман.

16. Асан қайғы:
’’Шабылып жатқан халқың бар, аймағың көздеп көрмейсің!’’- деп кімге айтқанын анықтаңыз.
A) Халыққа.
B) Батырға.
C) Мұңсыздарға.
D) Жастарға.
E) Ханға.

17. «Қаратаудың басынан көш келеді» әні қандай оқиғаға байланысты шығарылғанын табыңыз.
A) Жазықсыз қудалауға қатысты.
B) Ұлт-азаттық көтеріліске байланысты.
C) Монғол шапқыншылығы.
D) Ашаршылыққа байланысты.
E) Жоңғар шапқыншылығы.

18. «Жақсыларға еп едім,
Жамандарға көп едім.
Ерегіскен дұшпанның,
Екі талай болғанда
Азыққа етін жеп едім,» - деген жолдары алынған Махамбет өлеңінің атын табыңыз.
A) «Мұнар күн».
B) «Баймағанбет сұлтанға айтқаны».
C) «Бағаналы терек».
D) «Қызғыш құс».
E) «Соғыс».

19. ’’Ел ұстап, жұрт билейтін қылығың жоқ,
Хан емес, хас қатынсың, мұндар қу бас’’, - деп, Баймағамбет сұлтанды сынаған ақынды анықтаңыз.
A) Махамбет.
B) Алмажан.
C) Шернияз.
D) Байтоқ.
E) Жанұзақ.

20. ’’Современник’’ журналы (1864 №6 саны) Шоқан Уәлиханов жайында: ’’... бұратана халықтардың арасында бұрын-соңды ондай адам болған емес’’,- деуінің себебін анықтаңыз.
A) Тұлғасы ұнады.
B) Айтыс-тартыста ұнады.
C) Күш-жігерін мойындағаны.
D) Оқыған дәрісі (лекция) ұнады.
E) Өткізген кеші ұнады.

21. Қай жылы Жамбыл Ленин орденімен марапатталғанын анықтаңыз.
A) 1938 ж.
B) 1939 ж.
C) 1937 ж.
D) 1935 ж.
E) 1936 ж.

22. «Автобиографиялық әңгіменің» авторын табыңыз.
A) М.Әуезов.
B) С.Мұқанов.
C) Ғ.Мүсірепов.
D) С.Сейфуллин.
E) Б.Майлин.

23. Баяндау дегеніміздің не екенін табыңыз.
A) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлеуі.
B) Кейіпкердің мінезін, дүниеге көзқарасын суреттеу.
C) Сөздерді қарама-қарсы мағынада кекесін мағынасында қолдану.
D) Әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде әңгімелеу.
E) Табиғат көркін суреттеу.

24. Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы Найман-ананың үміт артар жолдасын табыңыз.
A) Боз інген.
B) Ақ інген.
C) Көк өгіз.
D) Тұлпар.
E) Құла ат.

25. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанының басты идеясы неше принципке негізделіп жазылғанын табыңыз.
A) Төрт.
B) Жеті.
C) Бес.
D) Үш.
E) Екі.

26. ’’Жағы түкті жылқы айуан
Иесін қайда жаяу салмаған’’- деген үзінді қай шығармадан алынғанын белгілеңіз.
A) ’’Шағырмақ бұлт жай тастар’’.
B) ’’Жел, жел есер, жел есер’’.
C) ’’Жауынды күні көп жүрме’’.
D) ’’Ор, ор қоян, ор қоян’’.
E) ’’Қоғалы көлдер, қом сулар’’.

27. Арабша, орысша хат білген ақынды табыңыз.
A) Ақтанберді.
B) Байтоқ.
C) Махамбет.
D) Бекмағамбет.
E) Жамбыл.

28. Шортанбай Қанайұлының төмендегі өлең тармақтарында не айтылғанын анықтаңыз:
Бай кедейді көрмейді,
Кедей байға ермейді.
Қызметін бір күн қылмаса,
Майлы сорпа бермейді.
A) Қазақ аулындағы тап жігінің ашылғандығы.
B) Әйелдер теңсіздігі.
C) Өнер,оқу, білім.
D) Табиғаттың тамаша көрінісі
E) Бостандықтың туғандығы.

29. Ақанның «Мылтық пен мергеншілік» өлеңі неше бөлімнен тұратындығын анықтаңыз.
A) 8
B) 5
C) 1
D) 3
E) 2

30. І.Есенберлиннің алғашқы тарихи романын есіңізге түсіріңіз.
A) Алтын құс.
B) “Алтын орда”.
C) Көшпенділер.
D) “Қаһар”
E) “Алмас қылыш”.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

1.D 2.B 3.B 4C 5B 6D 7D 8A 9C 10D 11B 12E 13A 14E 15A 16E 17E 18B 19C 20C 21A 22C 23D 24B 25A 26E 27C 28A 29D 30E

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет