«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 1-нұсқа 1-БӨлім «Сталинге хат»



Дата21.12.2022
өлшемі17,79 Kb.
#163598
Байланысты:
« аза дебиеті» п нінен 4-то сан бойынша жиынты ба алау тапсыр


«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-нұсқа
1-БӨЛІМ

1. «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» бір тақырыпты – халықты трагедияны екі тарихи тұлғаның өмірлік шындығы арқылы көрсетуге құрылған драма-дилогия». Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасы туралы пікірдің авторын анықтаңыз.


А) М.Әуезов
В) Б.Майлин
С) Қ.Мұхамеджанов
Д) Ф.Оңғарсынова
[1]
2. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасының прологі кімдердің диалогынан басталатынын табыңыз.
А) Голощекин мен Құрамысов
В)Нұрхан мен Ғ.Мүсірепов
С)Ғ.Мүсірепов пен Т.Рысқұлов
Д) Сталин мен Т.Рысқұлов
[1]
3. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы кімнің сөзі екенін анықтаңыз. «Менен басқалар да Қазақстандағы өрескел бұрмалаушылықты Сізге жеткізуге тырысқан. Бірақ олардың дауысы Сізге жетпей жатыр...Мысалы, жазушы Ғабит Мүсірепов бастаған бес адам Сізге хат жазған. Бірақ...хат ұсталған...»
А) Голощекин
В)Құрамысов
С)Нұрхан
Д)Т.Рысқұлов
[1]
4. Ж.Бөдешұлының «Жалғыз» поэмасынан берілген үзіндіде ерекшеленген сөздің қандай көркемдегіш құрал екенін табыңыз.
Жалғыз арқар.
Жалғыз оқ.
Жалғыз құздың басында,...
А) анафора
В) метафора
С) символ
Д) эпифора
[1]
5. Ж.Бөдешұлының «Жалғыз» поэмасынан берілген үзіндіде ерекшеленген сөздің қандай көркемдегіш құрал екенін табыңыз.
Қиял – қыран, ақыл – шың,
Майдансыз қайтпас жау беті.
А) ассонанс
В)аллитерация
С)метафора
Д)синекдоха
[1]
2-бөлім
6.Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасының композициялық ерекшелігіне талдау жасаңыз.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


[5]
7. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы Т.Рысқұловтың іс-әрекетін талдап жазыңыз.
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[5]
8. Ж.Бөдешұлының «Жалғыз» поэмасындағы тұлғалардың әдебиеттегі, тарихтағы орнын дәлелдеп жазыңыз.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[5]
3-бөлім

9. Берілген тақырыптардың бірін таңдап, әдеби эссе жазыңыз. Шығармалардың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдаңыз.


[10]
1. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы Тұрар Рысқұлов бейнесі арқылы адамгершілік құндылықтарды талдап жазыңыз.


2. Ж.Бөдешұлының «Жалғыз» поэмасының идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап жазыңыз.

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
2-нұсқа
1-БӨЛІМ

1. Қазақстандағы «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» науқанын ұйымдастырған кім екенін анықтаңыз.


А) Голощекин
В) Исаев
С) Құрамысов
Д) Сталин
[1]
2. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасының бірінші бөлім,бірінші суреті кімдердің диалогына құрылғанын анықтаңыз.
А) Голощекин мен Құрамысов
В ) Нұрхан мен Ғ.Мүсірепов
С) Ғ.Мүсірепов пен Т.Рысқұлов
Д) Сталин мен Т.Рысқұлов
[1]
3. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы ақын жігітті көрсетіңіз.
А)Голощекин
В)Құрамысов
С)Нұрхан
Д) Т.Рысқұлов
[1]
4. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасынан берілген үзіндіде ерекшеленген сөздердің қандай көркемдегіш құрал екенін табыңыз.
Сирағы сидам сырықтай,
Білегі күйген шыбықтай,
Саусағы солған сүліктей,
Табаны қара сүріктей...
А)анафора
В)метафора
С)теңеу
Д) эпифора
[1]
5. Ж.Бөдешұлының «Жалғыз» поэмасынан берілген үзіндіде ерекшеленген сөздің қандай көркемдегіш құрал екенін табыңыз.
Абай жалғыз қашанда,
Абай жалғыз болғасын, екеу емес Мағжан да.
А)анафора
В)аллитерация
С)метафора
Д)синекдоха
[1]
2-бөлім

6. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасының композициялық ерекшелігіне талдау жасаңыз. [5]


7. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы Ғ.Мүсіреповтің іс-әрекетін талдап жазыңыз.
[5]
8. Ж.Бөдешұлының «Жалғыз» поэмасындағы тұлғалардың әдебиеттегі, тарихтағы орнын дәлелдеп жазыңыз.
[5]


3-бөлім

9. Берілген тақырыптардың бірін таңдап, әдеби эссе жазыңыз. Шығармалардың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдаңыз.


[10]
1. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы Тұрар Рысқұлов пен Ғабит Мүсірепов бейнелері арқылы адамгершілік құндылықтарды талдап жазыңыз.
2. Ж.Бөдешұлының «Жалғыз» поэмасының идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет