ЭССЕ
Құрметті достар!
Сізге кез-келген кейіпкердің атынан хат жазу ұсынылады, ол тіпті қиялыңыздағы кейіпкер де болуы мүмкін. Хатты ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап алып жаза аласыз:
- «Менің ең жақсы күнім» немесе
- «Менің ең жаман күнім»
Өтінемін, дәл ойыңыздағыны жазыңыз. Сіздің ойларыңыз,пікіріңіз маңызды.Грамматикалық қате жазамын деп алаңдамаңыз! Біз оны бағаламаймыз! Мысалы, хат келесі сөздермен басталуы мүмкін: «Мен блогермін, менің атым Арман (не болмаса Ақмарал), мен Қызылорда қаласында тұрамын. Менің ең жақсы күнім туралы және т.б. туралы сөйлескім келеді» Эссе мәтінін электронды түрде жазып, электронды поштаға жіберіңіз: ...(мұнда мектеп / колледж сынып жетекші/куратордың электронды мекен-жайын көрсетіңіз)
Хаттың мазмұнын жоспарға сәйкес жаза аласыз:
1. Кейіпкердің аты кім.
2. Ол не істейді.
3. Ол қайда тұрады.
4. Кімді жақсы көреді.
5. Ол кім және нені бағалайды.
6. Не туралы армандайды.
7. Оның жаулары бар ма.
8. Ол неден қорқады.
9. Оған кім және не көмектесе алады.
10. Қиындықтарын қалай жеңе алады.
11. Кейіпкер 2 жылдан кейін, 3 жылдан кейін.
Достарыңызбен бөлісу: |