Қыркүйектің жиырма үші Хат. Хаттың түрлері. Баяндау хат Хат мазмұны және мақсаты бойынша



Дата10.11.2022
өлшемі0,62 Mb.
#157649
Байланысты:
Хаттың түрлері

Қыркүйектің жиырма үші Хат. Хаттың түрлері. Баяндау хат

Хат мазмұны және мақсаты бойынша:


Ақпараттық
коммерциялық
кепілдік
шақыру
сұрату
Ресми
Сұраныс
Ұсыныс
Шағым
Баяндау хат
Жолдама

Ресми хаттар белгілі бір ортаның атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелер жазбаша карастырылады. Олар ресми түрде мекеменің атынан жазылады және қызметтен тыс мәселені қозғамайды.

Ресми хаттар белгілі бір ортаның атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелер жазбаша карастырылады. Олар ресми түрде мекеменің атынан жазылады және қызметтен тыс мәселені қозғамайды.

Қызметтік жеке хатттар. Бұл хаттардың ерекшелігі айтылатын мәселе өрісінің кеңдігі және қызметтен тыс мәселелерге де арналатындығы. Дегенмен де қызметтен тыс мөселелер, адамның өз қызметімен, ұйымның атқаратын қызметімен шеше алатын мәселелер өрісімен тікелей байланыста болады. Бұл хаттар жеке тұлға атынан жазылады.

Ұсыныс хаттар. Бұл хаттар бір мақсатта ғана жазылады: қызметқерді белгілі бір орынға, қызметке ұсыну жөнінде басшыға ұсыныс жасау. Аталған қызметкердің сол орынға лайық екендігіне кепілдеме беру. Хат ресми, өзіне тән құрылымы сақталып жазылады. Бұл хатқа ұсыныс жасаған тұлға ғана қол қояды.

Сұраныс хаттары. Бұл хаттар да бір ғана мақсатпен жазылады: мекемеден керекті ақпаратты немесе белгілі бір кұжатты жіберуін сұрау. Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды.

Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақсатында жазылады. Хат мазмұнының негізгі құндылығы онда көрсетілетін фактілерге байланысты. Шағым хатқа шағым беруші адам, кейде хат мазмұнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды.

Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақсатында жазылады. Хат мазмұнының негізгі құндылығы онда көрсетілетін фактілерге байланысты. Шағым хатқа шағым беруші адам, кейде хат мазмұнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды.

Циркуляр хат. Ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерғе бір мезгілде жөнелтілетін хат. Олар негізінен тапсырма беру сипатында болады.

Жолдама хаттар. Құжатпен бірге жіберілетін қосымшаның немесе қосымшадардың құрамы, мазмүны, көлемі, саны жайлы мәліметтер көрсету үшін жазылады. Бұл хаттар көрсетілген ақпараттың дәлдігімен ерекшеленеді. Жолдама хатқа мекеме басшысы қол қояды.

Хатты жазып отырғанда онда келтірілетін фактілер мен айтылатын мәселенің маңыз, мазмұнына ғана емес, өзіңіздің оны қалай беріп, жеткізіп отырғандығыңызға да назар аударыңыз. Әрбір хатты жазғанда қалыптасқан стильдік нормадан ауытқыған жөн.

Жолдама хат

Жолдама хат – құжаттар хатпен бірге қоса жіберіліп отырғандығы туралы адресатты хабардар ету үшін жиі қолданылатын құжат. Жолдама хат қандай да бір құжаттың жөнелтілгені жөніндегі фактіні куәландыра отырып жіберілген құжаттардың сақталуын бақылайтын сенімді әдіс болып табылады. Жолдама хат жіберілген құжаттар жөнінде түсінік беру үшін немесе қосымша мәліметтер ендіру үшін, атап айтқанда: құжаттың орындалу мерзімін көрсету, кешігу себебін түсіндіру, күрделі жәйттердің түйінін аңғарту т.б. мақсаттарға байланысты әзірленеді. Қалған жағдайларда, қандай да бір ақпарат жеткізу міндеті көзделмейтін болса жолдама хат дайындаудың қажеті жоқ. Жолдама хаттың мәтіні өте қысқа, әрі тақырыпсыз жазылады.

Баян хат

Баян хат – ақпараттық-анықтамалық сипаттағы құжат. Ол бұл хатты жазушының өзі жұмыс істейтін ұйымның басшысына немесе жоғары тұрған органға жолдаған қандай-да бір мәселе немесе деректен, қорытынды мен ұсыныстан тұруы мүмкін. Мазмұны мен мақсатына байланысты баяндау хат бастама (ұсыныс жасау, өтінішті, деректі, оқиғаны баяндау) және есеп беру (қандай да бір істің, тапсырманың, жоспардың орындалу барысы, жағдайы, аяқталуы, іссапар нәтижелері, тексеріс және т.б. туралы) сипатында болуы мүмкін.

Қызықты деректер

Әлемдегі ең үлкен хат — пергаменттен жасалған. Оның ұзындығы 10 м, ені 7 метр. Бұл хат XVI ғасырда персиялық шах түрік сұлтаны ұлы Сүлейменге (Сулейман великолепный) жазған. Қазіргі таңда хат Анкараның этнографиялық мұражайында сақтаулы. Ең кішкентай хаттың өлшемі 23*36 м. Бұл хат 1983 жылы Стокгольмның почталық мұражайында сақталған екен. Хат бүкіл талаптарға сай мөрленіп, маркасы қойылып, сәйкес тарифпен ақшасы 1983 жылы төленген. Гинестің рекордтар кітабына сәйкес әлемдегі ең қымбат хат Линкольннің құлдықты жою туралы хаты. Бұл хат 2008 жылы Нюйорк қаласындағы Сотбис аукционында 3,4 милион доллорға сатылған. Сатып алушы жеке америкалық коллекционер.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет