Адам, јлеуметтік орта жјне тјрбие



Дата28.01.2022
өлшемі33,5 Kb.
#115402
Байланысты:
ОЛ НЕГЕ АГРЕССИВТІ



ОЛ НЕГЕ АГРЕССИВТІ?

Ата-аналар үшін

Сіздің балаңыз айналасындағы балалармен дұрыс тіл табыса алмаса, басқа балалардың ата-аналары, онымен ойнағанын қаламай, балаларын аулақалып кетеді. Сонымен бірге балабақша тәрбиешілері де үнемі шағым айтады. Сондықтан, ата-аналар неге оның баласында осындай агрессивті деген сұраққа жауап іздейді.

Егер баланың бойында агрессивті мінез болмаса, оған өмір сүру өте қиын болар еді, себебі айналаны қоршаған ортан танып білуде, өзін өзгелерден қорғауда қиын болар еді.

Егер үйде, оның ата-анасы оған күш көрсететін болса, бала басқаша қарым-қатынас жасай алмайды, себебі оның ойынша өз дегеніне жетудің бірден-бір жолы күш көрсету.Сондықтан ол қасындағы балалар дың оыншықтарын күш көрсету арқылы тартып

алады.Бара-бара мұндай балалар тәртіпке бағынудан қалады.

Кей жағдайда бұндай қылықтарды өздеріне көңіл аудару үшін жасайды. Мыс: ол басқа балалар арасынан өлең айтып, сурет салып өзін көрсете алмайды. Ал тәрбиеші мен балалар бірігіп қалаған аққаланы бұзып тастаса, оны міндетті түрде байқайды және күні бойы оны әңгіме қылады.

Агрессивтіліктің тағы бір себебі-қызғаншақтық. Егер анасы қызының көзінше басқа бір қызды мақтаса, анасы өз қызының қолына қалам алып сурет салуға құлшына кіріседі деп ойласа, ол сурет салуға асықпайды, керісінше суретті жыртып тастайды, анасының бөтен қызды мақтағанын қызғанады.

Тағы бір себебі-ол өзін өзгелерден қорғау мақсатында пайдаланады. Бұл балалар ата-аналары көбінесе балаларына көңіл-күйіне байланысты қарым-қатынас жасайды.

Тағы бір себебі ло- аутоагрессия, тістеу, тырнау, өзін-өзі ұру. Себебі, оған басқа адамдарға тиюге тыйым салынғаннан кейін, осындай қылықтар көрсетеді,үлкен адамдарға айбат шегуге, мені жақсы көрмей қалады деп қорқады. Мыс: ойын алаңында ол балаларға тиіссе, оны анасы үйге алып кеткісі келеді, ол болса бармаймын деп анасының қолын тістейді.

«Бұл не» деп сұраған кезде ол өзінің қолын тістейді. Енді оған ұрсудың қажеті жоқ, себебі ойынға айналдырып, сенің қолың тәтті ме? Қалжыңдағаныңыз дұрыс. Сіз позитивті қарым-қатынас жасасаңыз, оның беті бермен қарайды



Бала агрессиясын қалай қабылдау керек?

Бала ол қандай қылық жасамаса да, сіз оны жақсы көретініңізді білуі керек.

Сондықтаноның ренжіткен балаларға жақтасып, оны төмен түсірудің қажеті жоқ,

Баланың басқа адамды ренжіткенін мойындату керек, сіз одан бұндай қылықты күтпегеніңізді айтып, оның түзелуіне мүмкіндік беріңіз.

Агрессияны байқамаған болуыңыз дұрыс емес, керісінше ол өзінің қателігін түсініп,өз бойындағы артық жігерді басқа бағытта пайдалануға көмектесу керек.

Ескерту жасаған кезде, тұлғалық қасиетіне нұқсан келтіретін сөздерді пайдаланбай, керісінше « сен жақсысың, бірақ сенің жасаған қылығың жаман», «сен қатігез емессің,бірақ сен қатігез қылық жасадың деп түсіндіріледі.



Жазалауды немен алмастыруға болады?

  • Психологиялық тұрғыдан жазалауды немен алмастыруға болады?

  • Шыдамдылықпен.Бұл ата-аналарға өте қажетті қасиеттердің бірі.

  • Түсіндіру.Оған оның нені дұрыс жасамағанын түсіндіріңіз.

  • Алаңдату арқылы. Оның көңілін алаңдату үшін оған қызықты ұсыныс жасаңыз.

  • Асықпағаныңызбен. Ұлыңызды немесе қызыңызды бірден жазалауға асықпаңыз, тағы да қайталанған жағжайда көрерсіз.

  • Мадақтау.Жазалағаннан көрі оның жақсы жағынан мақтасаңыз, ол сіздің көңіліңізден шығуға тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет