Жеткіншектік кезеңдегі агрессивті мінез-құлықты жеңу мен төмендетуге арналған психологиялық тренинг. Тренинг мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі336,24 Kb.
#30057
түріСабақ
Жеткіншектік кезеңдегі агрессивті мінез-құлықты жеңу мен

төмендетуге арналған психологиялық тренинг.

Тренинг мақсаты: агрессивтілік деңгейін төмендету, өзінің мінез-құлқын ырықты басқаруға қабілеті мен мүмкіндіктерін қалыптастыру.

Тренингтің міндеттері:

1. конфликтілі жағдайларда мінез-құлықтың адекватты тəсілдерін қалыптастыру;

2. эмоционалды жеке бастық эгоцентризмді жеңе білу;

3. эмпатияға қабілеттер дамыту;

4. жеткіншектердің ішкі жан дүниесін өзіндік тануына жағдай жасау;

5. сенімсіздікті, қорқынышты жəне үрейді жеңе білу;

6. «Мен» позициясын қалыптастыру;

7. Жеткіншектің алған білімдерін тұлға аралық қатынастарында қолдануға үйрету жəне бекіту.



Тренинг əдістері:

арттерапия;

сюжеттік-рөлдік ойындар;

релаксация;

музыкотерапия;

мінез-құлық тренингінің элементтері.



Тренинг этаптары:

1). Бағдарлану этапы-2 сабақ.

2). Жиі кездесетін қиындықтар мен конфликтілі жағдайлардың өзектілігі жəне объективтілігі-5 сабақ.

3). Құрастырушы-қалыптастырушы этап-6 сабақ.

4). Жалпылау-бекіту этапы- 2 сабақ.

Сабақ 1.

Мақсаты: топқа қатысушыларды эмоционалдық жағынан біріктіру, қысымдықты шешу жəне топты үйымдастыру, балаларды тренинг ережелерімен таныстыру, сонымен қоса жүргізуші мен қатысушылар арасында эмоционалды қарым-қатынас орнату.

Кіріспе бөлім.

Сəлемдесу рəсімі: балалар шеңбер жасап, қолдарын бір-бірінің иықтарына салып, бір-біріне жылы шырай танытып сəлемдеседі.

Ереже кірістіру: Жүргізуші: «Бір-бірімізбен сəлемдескеннен кейін тренингтің негізгі ережелерімен жəне осындай қарым-қатынас формасының ерекшеліктерімен танысуға кірісеміз. Тренинг ережелері келесідей:

1. Қарым-қатынастың сенімділік стилі. Қатысушылардың бір-біріне сенімділігін арттыру үшін біз қарым-қатынастың «сен» формасын

қабылдауымыз керек.

2. Топтағы барлық өтіліп жатқандардың құпиялылығы. Бұл барлық

сабақ кезінде не болғандығын еш жерде, ешкімге айтпау.

3. Адамды бағалауды болдырмау. Топтағы жағдайларды талқылаған кезде, біз қатысушыны емес, оның əрекеттері мен мінез-құлқын бағалаймыз. Біз ешқашан «Сен жаман адамсың» деп айтпаймыз керісінше «Сен дұрыс жасамадың» дейміз.

4. Сөйлеушіге құрмет. Біреу өз пікірін айтқан кезде, біз оны мұқият тыңдаймыз, айтқысы келгеніне мүмкіндік жасаймыз. Сөзін бөлмейміз, сөзінің аяғына дейін тыңдаймыз. Содан кейін барып қана сұрақ қоямыз.

5. Болып жатқанға белсенді қатысу. Топтың жұмсына біз үнемі белсенді қатысамыз, бір-бірімізге зейіндіміз, бізге басқа адамдар қызықты.

Балалар, бұл ережелерді біз əрбір сабақта ұстанамыз».



Негізгі бөлім.

Жаттығулар саны: 2 жаттығу.



Жаттығу 1. «Интервью».

Мақсаты: топтық ұйымшылдықты дамыту, қатысушылармен қарым-қатынас орнату, сабаққа жағымды мотивация қалыптастыру, тренингке қатысушыларды таныстыру.

Өткізілу уақыты: 20 минут.

Жаттығу барысы: балалар жұптарға бөлінеді, кезектесіп «журналистер» мен «жұлдыздар» болады.

«Журналистер» «жұлдыздардан» интервью алады жəне ол туралы не білгісі келсе, соны сұрайды. «Жұлдыздардың» жауаптарын дəптерге жазып отырады. Екеуі де бір-бірінен интервью алып болғаннан кейін, кезектесіп топқа өз «жұлдыздарын» таныстырады.



Жаттығу 2. «Онға дейін санау».

Мақсаты: жеткіншектер арасында позитивті қарым-қатынас орнату, тренингке қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру.

Өткізілу уақыты: 20 минут.

Жаттығу барысы: Бір-бірінің шынтақтары мен иықтарына тимейтіндей болып, барлығы шеңбер жасап тұрады. «Бастадық» деген сигналмен көзді жұмып, мұрынды төмен түсіріп, онға дейін санау керек. Қулығы мынада, санаған кезде кезектесіпсанау керек. Біреуі «бір», келесісі «екі»жəне ары қарай кезекпен. Бірақ ойында бір ереже бар: сөзді бір ғана адам айтуы керек. Егер екі дауыс бір мезгілде бір сөзді айтатын болса, онда санау қайта басталады.

Сіздерде он мүмкіндік бар. Егер осы он мүмкіндікте санауды онға жеткізсеңдер, онда сендердің топтарың келісімге келген топсыңдар. Əр бір сəтсіз санаудан кейін көздеріңді ашып, бір-бірлеріңе қарауға болады, бірақ сөйлесуге болмайды. Бір-бірлеріңді сөзбен емес, көзбен түсінуге тырысыңдар.



Жаттығу 3. «Мен, өзімнің сүйіктім».

Ал енді, балалар, ыңғайланып отырайық. Өздеріңмен болып

жатқандардың барлығына мұқият болыңдар.

Мынау сенің оң аяғың, егер оның жаны болып, ол саған: «Сен мені ыңғайлы қойдың, маған жасаған жақсылығың үшін рахмет» деп айтатындай етіп орналастыр. Өзіңнің сол аяғыңды өкшеге де, тізеге де қысым түспейтіндей етіп қой. Оң жəне сол қолдарыңа кезекпен қара. Əрбір қол сенің күтіміңді қажет етеді. Оларды да жайлы етіп орналастыр, саусақтарыңды төмен түсір. Əрбір саусақ сенің зейініңді, сенің жылуыңды, сенің күтіміңді сезінсін. Сен қазір саусақтарыңның басында нені сезесің? Ортаңғы саусағыңда, төртіншісінде… Қан тамырларың белсенді қызмет етеді, қан айналымы айқын байқалады. Мен тіршілікті əрбір саусағыммен сеземін. Сол қолымда болған сезімдерге оң қолым да жауап бере бастады. Саусақтарым еркін жəне жұсақ бола түсті. Олар жай дем алып, менің күтім көрсеткеніме ризашылығын білдіріп жатыр. Мен өз қолдарымның іскерлігі мен күштілігіне ризашылығымды білдірудемін. Рахмет сендерге, менің қолдарым.

Мен дем аламын жəне ауаны жұтқандығымды сезінемін. Менде əлеммен үйлесімділік болғанына, ауаны еркін жұтынып, жібере алатыныма қуаныштымын. Менің дем алысым бір қалыпты жəне жайбарақат, дем алуым жеңіл.

Менің бетім… Менің бетім менің ең маңызды бөлігім, менің жеке тұлғамның визиттік карточкасы. Рахмет, саған, менің бетім! Біз əрқашан да біргеміз. Маған сенімен жайлы.

Менің еңбекқор аяқтарым. Олар таң атқаннан кеш батқанға дейін мені өмірде алып жүреді, жүгіреді, ұстап тұрады. Аяқтар ең қиын жұмысты орындайды, үндемейді, бізден ешқандай ризашылық тоспайды. Рахмет, сендерге, менің аяқтарым!

Жəне менің барлық денем- рахмет, сендердің бар болғандарыңа. Мен сені күткім келеді. Мен сендерді жақсы көрем!

Осы өмірдің барлық байлығы- ол менің жаным. Мен өзімнің жаныма оның бар болғанына ризашылығымды білдіремін. Өйткені менің жаным- ол сүйе алады, жылай алады. Рахмет, саған, жаным менің.

Менің санам, менің ақылым, менің ішкі компьютерім. Ол көп нəрсені есіне сақтай алады, абай бола алады- сенің сақшылық қызметіңе рахмет.

Бөлмеге қайта оралыңыздар, сендердің астыларыңда орындық- сендер онда ыңғайлы отырсыңдар, терең дем алыңдар, көздеріңді ашыңдар.

Бірқалыпты, терең дем алыңдар… біртіндеп бөлмеге оралыңдар.



Өтілген сабақтың рефлексиясы: «Айтыңдаршы, балалар, бүгін сендерге не жаңалық болды? Психологиялық тренинг жайлы сендердің қандай көзқарастарың қалыптасты?

Сендерге не ұнады? Ал керісінше не ұнаған жоқ? Тренингті өткізу туралы қандай ойларың бар?»



Қоштасу рəсімі. Қатысушылар шеңберге тұрып, қолдарын иыққа салады. Олар бір-біріне мейірімділікпен қарап: «Рахмет, кездескенше» деп айтады.

Сабақ 2.

Мақсаты: Өзіндік талдау дағдыларын бекіту, өзін өзгертуге əкелетін тереңдей өзіндік ашылуға мүмкіндік жасау.

Кіріспе бөлім. Сəлемдесу рəсімі.

Өткен сабақ рефлексиясы: «Балалар,өткен сабақта не болғанын еске түсірейікші? Біз қызықты не білдік? Тренингтің негізгі ережелерін еске түсірейікші».



Негізгі бөлім.

Жаттығулар саны: 3 жаттығу.



Жаттығу 1. «Жиырма Мен».

Мақсаты: топтық ынтымақтастықты дамыту, оқушылардың рефлексиясын дамытуға жағдай жасау, өзіндік «Мен-образын» алдауға мүмкіндік туғызу.

Өткізілу уақыты: 20 минут.

Жаттығу барысы: Балалар 10 минут ішінде «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап беруі керек. Ол үшін 20 сөз немесе сөз іркестерін қолдануға болады.

Жұмыстың соңында оның қорытындысы талданады. Балаларға

өздеріне ұнаған жақтарын «плюспен», ұнамағандарын «минуспен»

белгілеуін сұралады.



Жаттығу 2. «Менің бірегей Менім».

Мақсаты: сыныптастарының кері байланысы мен проективті формаларға сүйене отырып, жеткіншектерде рефлексияның дамуына жағдай жасау.

Өткізілу уақыты: 20 минут.

Жаттығу барысы: Балалар мейірімді сиқыршымен таныстық деп елестетулері керек. Ол балалардың не нəрсеге айналуына да көмектесе алады (зат, жануар, өсімдік, бірақ адам емес).

Өзінің жаңа образы туралы қысқаша шығарма жазу ұсынылады. 10 минуттан кейін жүргізуші қағаздарын жинап алады, араластырады, оқуға кіріседі. Топ шығарманың кімдікі екендігін табуға тырысады.



Жаттығу 3. «Мен қандай адаммын?».

Мақсаты: өзіндік анализ дағдыларын бекіту.

Өткізілу уақыты: 20 минут.

Жаттығу барысы: Балаларға бірнеше сұрақтарға жауап беру ұсынылады:

1. Маған ата-анам, бауырларым, сіңілдерім, жақындарым жəне достарым қалай əсер етеді?

2. Менің өмірлік жолым: негізгі жетістіктерім мен сəтсіздіктерім қандай?

Жауаптар неғұрлым ашық болуы керек. Келісім бойынша жауаптар оқылады. Сабақтың соңында «Мен кіммін» деген сұраққа бірталай жауаптар жиналуы керек.



Қорытынды бөлім.

Өткен сабақ рефлексиясы.

Қоштасу рəсімі.

Сабақ 3.

Мақсаты: жеткіншектердің өзіндік жетістіктері мен сəтсіздіктеріне талдау жасауына жағдай жасау, оларды жеңу жолдарын құрастыру, топтық бірлікті дамыту.

Негізгі бөлім.

Сəлемдесу рəсімі.

Өткен сабақ рефлексиясы.

Негізгі бөлім.

Жаттығулар саны: 3.



Жаттығу 1. «Менің жетістіктерім мен сəтсіздіктерім».

Мақсаты: өзіндік жетістіктер мен сəтсіздіктер рефлексиясы үшін жағдай жасау.

Өткізілу уақыты: 20 минут.

Жаттығу барысы: Балалар өздерінің 3-5 жетістіктері мен сəтсіздіктерін жазу ұсынылады.

Сосын балалар қағаздарымен алмасады, онда сыныптастарының жетістіктері мен сəтсіздіктері жазылады. Соңынан қағаздар қайтарылады, пікір- талас болып, ойлар талданады.

Ары қарай балалар өздерінің жетістіктері мен сəтсіздіктері

туралы суреттер салады, суреттерін дəптерлеріне жабыстырып

қояды.

Жаттығу 2. «Шеңберге тұрыңдар».

Мақсаты: топтық ынтымақтастықты дамыту, топта жағымды

эмоционалды атмосфера құру.



Өткізілу уақыты: 20 минут.

Жаттығу барысы: Жүргізуші: «Балалар, менің айналама жиналыңдар. Мен бастадық деп айтқан кезде, көздеріңді жұмып, кез-келген жаққа жылжи бастайсыңдар, бірақ бір-біріңнің аяқтарыңды баспауға тырысыңдар. Айналған кезде бал жинаған аралар сияқты ызылдайсыңдыр. Біраз уақыттан кейін мен алақанымды соққан кезде, тұрған жерлеріңде қимылсыз тұруларың керек. Көздеріңді ашпастан, бір-біріңді таптамай шеңберге тұруларың қажет. Бұның барлығы тыныштықта орындалуы тиіс. Барлық қатысушылар өз орындарына орналасқаннан кейін мен қолымды 3 рет соғамын, сендер көздеріңді ашып, қандай фигура жасағандарыңды қарайсыңдар».
Жаттығу 3. «Айналу».

Мақсаты: жеткіншектердің өзіндік сəтсіздіктерінің дамуын түсінуіне жағдай жасау жəне оларды жеңу.

Өткізілу уақыты: 20 минут.

Жаттығу барысы: Балалар өткен сабақта салған сəтсіздіктерімен жұмыс жасайды. Осы сəтсіздіктерді жеңе білу жолдарын жазу. Жаттығу соңында шешімдер талданады.

Қорытынды бөлім.

Өткен сабақ рефлексиясы.

Қоштасу рəсімі.

Сабақ 4.

Мақсаты: қатысушылардың ішкі эмоционалдық өмірлерінің ерекшеліктеріне назар аударуына жағдай жасау, өздерінің сезімдерін қауіпсіз білдіре алуына зейін салу.

Негізгі бөлім.

Сəлемдесу рəсімі.

Өткен сабақ рефлексиясы.

Негізгі бөлім.

Жаттығулар саны: 3.



Жаттығу 1. «Сезімдер сөздігі».

Мақсаты: қатысушылардың ішкі эмоционалдық өмірлерінің ерекшеліктеріне назар аударуына жағдай жасау.

Өткізілу уақыты: 20 минут.

Жаттығу барысы: Бірінші этапта балалар жекелей жұмыс жасап, əртүрлі сезімдер мен эмоциялардың атауын көбірек жазуға тырысады. Соңынан балалардың жазғандарын біріктіріп тақтаға «Сезімдер сөздігін» құрастырып, толықтырылады.

Эмоциялар мен сезімдердің арасында міндетті түрде негізгілері болуы қажет (қуаныш, реніш, таң қалу, ашу, қызығы).

Сөздікті талдау барысында, эмоциялар мен сезімдердің жағымды

жəне жағымсыз болып бөлінетіндігін білуге болады.



Жаттығу 2. «Айсберг».

Мақсаты: жасырын эмоцияларды рефлексиялап, соңынан оны көрсете алуға жағдай жасау, адамдар неліктен эмоцияларын жасыратындығының себептерін анықтау.

Өткізілу уақыты: 20 минут.

Жаттығу барысы: балаларға айсберг салу ұсынылады. Оның үстіңгі жағына адамдар жеңіл көрсете алатын эмоциялар, ал астыңғы жағына адамдардың жасыратын эмоцияларын салу тапсырылады.

Жұмысты аяқтағанан кейін дəптерлер жиналып, «су беті»мен «су түбіндегілер» анонимді түрде оқылады, олар тақтада айсберг түрінде көрсетіледі.

Топтың міндеті-қай сезімдер көп екендігін жəне əртүрлі топтардың сезімдері қалай өзара ерекшеленетінін анықтау.

Жаттығу 3. «Сезімдердің қауіпсіз көріністері»

Мақсаты: Потенциалды конфликтегі жақтардың мүмкін болатын əрекет-қылық пен сезімдердің анализі.

Уақыты: 20 минут.

Жаттығу барысы: Балалар кіші топтарда жұмыс істейді.Əрбір топқа тапсырма беріледі.Тапсырма бойынша адам өзіне іштей қиындық туғызбай жəне басқалармен қарым-қатынасты бұзып алмау керек.

Жағдай: Шығарманы өткізу мерзімін көп уақыт бойында созып келеді. Оқушы шығарманы жазып, үйде ұмытып кетті.Ал мұғалім сенбейді. Оқушыға не істеу керек? Қатысушылар мəселенің оптималды шешімдерін бірнеше рет қалыптастырулары қажет. Содан кейін, таңдау мен талдау жүзеге асырылады.

Қорытынды бөлім: Өткен сабақтың рефлексиясы.

Қоштасу рəсімі.



Сабақ 5.

Мақсаты: Қатысушылармен конфликтті түсіну үшін,кофликтегі өзінің эмоционалды күйін анализдеу үщін жағдайлар жасау.

Кіріспе бөлім: Амандасу рəсімі.

Өткен сабақтың рефлексиясы.



Негізгі болім:

Жаттығу саны:3



Жатығу 1. «Конфликтің пайдасы мен зияны»

Мақсаты: Конфликтінің амбиваленттік мағынасын түсіну үшін, құрылымдық жағынан өзара əрекеттес конфликтердегі жеке бас тəжірибесіне анализ жасау үшін жағдайлар жасау.

Уақыты: 20 минут.

Жаттығу барысы: Конфликтінің мүмкін болатын себептерін талқылау. Оларды тақтада көрсету. Кейін,кейбір пікірлер таңдалып алынады. Кіші топтарда жұмыс жүргізіледі.Жағдайлардың дамуы туралы 2 нұсқадан келтіруі қажет.Олардың біреуі «пайдалы» не «пайдасыз» болу керек.

Жаттығу 2. «Ассоциалар»

Мақсаты: Адамның эмоционалды сферасының маңыздылығын жəне оның конфликтегі қарым-қатынысы əсерін көрсету.

Уақыты: 20 минут.

Жаттығу барысы: Балалар конфликт сөзіне қатысты ассоциациаларын құрастырады. Мына сияқты сұрақтарға жауап беру арқылы: егер жиһаз болса, онда қандай? Егер ауа райы болса, онда қандай,т.б.

Кейін,қандай эмоцияның болғаны, жаттығудың маңыздылығы туралы пікірлер айтылады.Балалар конфликті эмоциясы көрінетін кофликті жағдайды белгілеу үшін бейнелеу керек.Өз суреттерін түсіндіру керек.



Жаттығу 3. «Эмоциялар алфавиті»

Мақсаты: Конфликтегі өзінің эмоционалды күйін талдау қабілетін дамыту.

Уақыты: 20 минут.

Жаттығу барысы: Балалар ақылдасып отырып, эмоциялар мен сезімдерді алфавит бойынша жазу міндеті беріледі. Кейін, балалар индивидуалды түрде аталған эмоциясы көрінетін конфликтті жағдайдың сценариін құрастыру қажет. Дайын сценарий сыныпқа оқылып, балалар көрсетілген эмоцияны табу керек.

Қорытынды бөлім: Өткен пəннің рефлексиясы.

Қоштасу рəсімі.



Сабақ 6.

Мақсат: Кінə мен сезімнің психологиялық мазмұнды түсіну жəне конфликтің түрлі кезеңдеріндегі өзінің эмоцияналды күйін анализдеу қабілеті жəне қылық-əрекетті талдау үшін жағдайлар жасау.

Кіріспе. Амандасу рəсімі.

Өткен сабақ рефлексиясы.



Негізгі бөлім: Жаттығу саны 3.

Жаттығу 1.«Эмоционалды жол».

Мақсаты: Кофликт жамуының түрлі кезеңдеріндегі өзінің эмоционалды күйін талдау қабілетін жеткіншектерде дамыту үшін жағдайлар жасау

Уақыты: 15 минут

Жаттығу барысы: Балалар индивидуалды түрде эмоционалды жолды салу керек. Бұл жолдың бас нүктесі-конфликт басы, соңғы нүктесі-конфликт шешімін көрсетеді.Аралық нүктелер-конфликттің түрлі кезеңдері. Аяғында өздерінің нұсқаларына талдау жүргізіледі.

Жаттығу 2. «Жұп болып сурет салу».

Мақсаты: Конфликтегі қылық əрекеттің стилдерін жекелей талдау.

Уақыты: 20 минут

Жаттығу барысы: Класс жұптарға бөлініп,əр бір жұпқа бет беріледі. Бұл уақыттан бастап,жаттығу аяғына дейін сөйлеуге болмайды. Жұптағы екі бала қаламды бірге ұстап,кез-келген тақырыпқа байланысты сурет салуы керек.

Дайын суреттер талдауға салынады: «неліктен бұл сурет?» «кім салды?», т.б. Нəтижесінде балалардың түрі əрекет-қылық көрсеткендері байқалады:біреуі өзі сурет салса,екіншісі оған еліктеп,көңіл бөлмей сурет салады. «Неге бұлай?» сұрағы,соған орай қарастырылады.Біздің көз-қарасымыз басқа біреудің пікірімен сəйкес келмеген жағдайда (мұндай жағдайлардан конфикт туады) қылық-əрекет стиліне қарай өзін түрліше ұстауы мүмкін.



Жаттығу 3. «Ертегі».

Мақсаты: Кінə ме ұялу сезімдерінің психикалық мазмұнын түсіну үшін жəне олардың проэктивті босануы үшін жағдайлар жасау.

Уақыты: 25 минут

Жаттығу барысы: Жұмыс кіші топтармен ұйымдастырылады. Бір күні адамдардың барлығы кінə мен ұялу сезімдерін жоғалтқандары туралы ертегі жазуы керек.Жұмыс аяғында ертегілер оқылады. Талдау кезінде сиқырлы əдістерді қолдану, ертегіні сəтті аяқтау мүмкіндігі беріледі.

Кейін балалар индивидуалды түрде сұрақтарға жауап беруі

керек; менің кешірім сұрайтын адамдарым бар ма? Оларға мен не

айтушы едім?



Қорытынды бөлім: Өткен сабақ рефлексиясы.

Қоштасу рəсімі.



Сабақ 7.

Мақсаты: Отбасылық өзара əрекеттесу тəжірибесін жеткіншекпен актуалдау, жеткіншіктер мен ата-аналар арасындағы конфликтті жағдайлар мен мəселелерді талдау.

Кіріспе бөлім: Амандасулар

Негізгі бөлім: Жаттығу саны 3

Жаттығу 1. «Отбасы фотосуреттері».

Мақсаты: Отбасылық өзара əрекеттесу мəнісін жеткіншектерге актуалдау.

Уақыты: 20 минут

Жаттығу барысы: Əрбір бала 3 минут ішінде өзімен бірге əкелген фотосуреттерді қолданып, өз отбасы туралы айтып беруі керек. Кейін балалар индивидуалды түрде сұрақтарға жауап беруі керек: өз отбасың туралы айту ұнады ма? Неліктен?

Жаттығу 2. «Қиын балалар мен қиын ата-аналар».

Мақсаты: Жеткіншектер мен ата-аналар арасындағы жиі кездесетін қиышылықтарды анализдеу.Ата-аналармен қарым-қатынастағы қиыншылықтырдың себебін іздеу үшін жеткіншектерге жағдайлар жасау.

Уақыты: 25 минут

Жаттығу барысы: Ең басында бір мəселе қарастырылады: жеке-жеке жеткіншектер мен ата-аналар арасындағы кең тараған қиыншылықтар қайсысы?

Талдау нəтижесі бойынша «Отбасы қиыншылықтар жиыны» жасалып, тақтада көрсетіледі.

Кейін класс бірнеше топтарға бөлініп, «Қиын балалар» жəне «Қиын ата-аналар» тақырыптарын дайындайды.Дайын əңгімелер топқа ұсынылады, мəселелер талқыланады: Қиын бала ме қиын ата-ана деген не? Бұның негізінде тақтада олардың психикалық бейнелері көрсетіледі.

Кейін балалар индивидуалды түрде сұрақтарға жауап береді: Менің ата-анамды немесе мені «қиын» деп айтуға келе ме? Неліктен?



Жаттығу 3. «Маяк».

Мақсаты: Релаксация əдісінің көмегімен психологиялық

бекітуді жүзеге асыру.



Уақыты: 15 минут.

Жаттығу барысы: Жүргізуші: «Өздеріңе ыңғайлы жағдайда отырып, көздеріңді жабыңдар. Тау-тасты, аралды елестетіңіз.Бұл аралдардың шыңында маяк орналасқан. Өздеріңізді сол маяк ретінде елестетіңіз. Сіздің қабырғаларыңыз қалың, берік. Оларды бірде-бір жел құлата алмайды. Күні-түні кез-келген ауа райы кезінде, көптеген кемелерге ориентир болатын жарық түсіресіз. Бұл жарықты 33сөндірмейтін энергия туралы ұмытпаңыз.» Енді бұл ешқашан сөнбейтін жарықты өздаріңізден сезініңіз.

Қорытынды бөлім: Өткен пəннің рефлексиясы.

Қоштасу рəсімі.



Сабақ 8.

Мақсаты: Өзінің агрессиясынының көріну тəжірибесіне жеткіншектердің көңілін аударту үшін жағдай жасау.

Кіріспе болім: Амандасу рəсімі,

Өткен сабақтың рефлесиясы.



Негізгі бөлім: Жаттығу саны 3.

Жаттығу 1. «Мен өте ашулымын»

Мақсаты: Өзінің агрессиясының тəжірибесіне жеткіншектердің көңілін аударту үшін жағдай жасау.

Уақыты: 25 минут.

Жаттығу барысы: Балаларға ұрсысу мүмкіндігі беріледі.Бір баланың көзі жабылады.Жүргізуші басқа балаларға көрсеткендей бір баланы көрсетеді.Көзі жабылған бала көрсетілген балаға өзіндегі бар ашу-ызасын айтып,көрсетуге мүмкіндік ұсынылады.Көзі ашқанан кейін сол баладан кешірім сұрайды.

Жаттығуды талдау əдетте үлкне нəтиже береді:балалар агрессия бағытталған адаммен қатар, саған біреу ұрсып, мазақтап тұрған жағдайдағы қылық-əрекет əдістерін де талдауға болады.

Индивидуалды түрде, дəптерлерде шығарма жазылады: бұл жаттығуды мен өз басымнан қалай кештім.

Жаттығу 2. «Мысықтар мен иттер»

Мақсаты: Өзінің агрессивті тəжірибесіне жеткіншекткердің көңілін аударту үшін жағдай жасау. Агрессивті потенцияларды ойын түрінде əлсіздендіру. Агрессияны əлсіздендірудің қауіпсіз əдістеріне

үйрету.


Уақыты: 25 минут.

Жаттығу барысы: Балалар карточкаларды суыру арқылы «иттер»мен «мысықтар»топтарына бөлінеді.Енді топтпр бір-біріне паралельді тұрып, «мысықтар» иттерге, ал «иттер» мысықтарға арсылдап, мияулайды. Топтар арасында жерде сызық сызылады да, егер біреу шаршаса сол сызықтан тыс шығуы керек. Жаттығу жүзеге асырылу үшін жүргізушінің өзі «ит» те, «мысық»та болып көрінуі керек.

Талдау кезінде көбінің шаршағаны жəне олардың енді ыза қылдыру қиын екені анықталды. Яғни, агрессивті қылық-əрекетті əлсіздендіру əдістері бар.



Жаттығу 3. «Ыза беті»

Мақсаты: Өзінің агрессивті тəжірибесіне жеткіншектердің көңілін аударту үшін жағдай жасау. Агрессияны қауіпсіз əдістермен əлсіздендіру.

Уақыты: 15 минут.

Жаттығу барысы: Ең алдымен, балалар өздері білетін қосалқы əлсіздендіру əдістеріне талдау жүргізіледі.

Кейін балалар өздерінің агрессиясы мен ашу-ызасын көрсететін суреттер салу керек. Суреттерді таныстырып,көрсетіп болғаннан кейін, балалар сол беттерді жыртады.



Қорытынды бөлім: Өткен пəннің рефлексиясы.

Қоштасу рəсімі.



Сабақ 9.

Мақсаты: Өзіне сенімді қылық-əрекет дағдысын бекіту, ренішпен күресуді үйрету.

Кіріспе бөлім: Амандасу рəсімі.

Өткен сабақ рефлексиясы.



Негізгі бөлім: Жаттығу саны: 4.

Жаттығу1. «Антоним».

Мақсаты: Топта позитивті эмоцияларды фонды қалыптастыру, топтық бірлікті дамыту.

Уақыты: 10 минут.

Жаттығу барысы: Жүргізуші: «Біз қазір бір-бірімізге доп лақтырамыз. Лақтырғанда белгілі-бір сезімді немесе күйді айтамыз. Допты ұстап алып, сол сөзге антоним сөзді айтып, басқа сезім немесе күй атауын атап, қайта басқа біреуге лақтырамыз. Мысалы: мен Даулетке доп лақтырамын да, «көңілді» деп айтамын. Даулет «қайғылы» антоним сөзін айтып, басқа сөзді алып, басқа біреуге сөз лақтырады. Зейінді болып, допты бір адамға қайта түспеуді бақылаңыз».

Жаттығу 2 «Ренжіген адам»

Мақсаты: Жеткіншектердің балалық реніштерін көрсету үшін жағдай жасап, реніш күйіне адекватты түрде жауап беруге үйрену.

Уақыты: 20 минут.

Жаттығу барысы: Жүргізуші «Балалық шақтағы қатты ренжіген кездерді естеріне тісіріңдер.Өздерің сол кездегі сезімдерін суретке салыңдар немесе жазып беріңдер.Қазір сол ренішке қалай қарайсыздар?»

Айтқылары келетін балалар «қашан?» жəне «қайда?»сұрақтарына жауап беріп, айтып беруілері керек.

Кейін сұрақтар қарастырылады: Реніш деген не? Реніштің сақталу уақыты? Негізделген бе?

Кейін келе индивидуалды жұмыс жүргізіледі.Балалар «егер ... болса, онда мен ренжимін» деген сөйлемді толықтыру керек. Ойланып, өзіне сенімді жəне сенімсіз адамдардың ренішке реакциясын жазып,не салыңыз.



Жаттығу 3. «Реніштер жиыны»

Мақсаты: Ренішке адекватты түрде əдістерін қалыптастыру.

Уақыты: 20 минут.

Жатығу барысы: Балаларға «копилка» суретін салып, оған осы күнге дейін болған барлық реніштерді салу ұсынылады.Кейін «онымен не істеу керек » иəселесі талқыланады. Психолог реніштерді жинаудың иəнсіздігі туралы, өзін-өзі аялаудың жаман əдетекендіген жаман əдет екендігін айту керек.Барлығы «копилкамен» не істеу керек екендігін шешеді. Қортындысында «копилка» шағылады.

Кейін, бар реніштермен не істеу керек екендігі туралы мəселе қарастырылады. Ренішті айту өзі ғана маңызды екендігі туралы тағы айтып кету керек. Реванш, кек мəселесін шешпейді.

Бірнеше ұсыныстар қарастырылады: ренішті жазып алып, қағазды жырту; ойша ренішті аспанға жіберіп, оның кішірейіп бара жатқанын көру. Ренішті кешіре алу туралы тағы бір рет айтып өткен жөн.

Жаттығу 4. « Ашу ыза қайда кетеді »

Мақсаты: Сенімді қылық-əрекет дағдысын бекіту, жеткіншектердің сенімділігін арттыру.

Уақыты: 10 минут.

Жаттығу барысы: Жүргізуші «кейбір адамдарға қоршаған ортада, өзінен,басқалардан бір нəрселері ұнамауы мүмкін... Ойланып, қазіргі уақытта сендерді не мазалап тұрғанын айтыңда»

Біз бұл жерге бір-бірімізбен ұрсысуға жəне де талаптар қойуға келдік деп есептеңіздер.

Өтінемін. Кім бастауға дайын? Жиналған реніштерді айтып салуға тырысыңыз. Кезек-кезек критикалық ескертулер жасаңыздар. Бұл – ойын, болып жатқандарды барлығы шартты əрекет деп түсініп, қатал соттамайды. Ескертулерге жауап қайтаруға рұқсат етілмейді. Осының нəтижесінде ескертулер біржақты болады да, шынайы ұрысқа əкеліп соқпайды.

Ал қазір көз алдымызға мынадай суретті келтірейік... Барлық айтылған сөздерді жеңіл түтінге айналды деп есептеп,оның жоғары көтеріліп терезеден немесе ашық тұрған есіктен шығып кетті деп елестетіңіз. Сурет шынайы бола түсуі үшін көзіңізді ашыңыз.



Қорытынды бөлім: Өткен пəннің рефлексиясы.

Қоштасу рəсімі.



Сабақ 10.

Мақсаты: Өтінішті айту немесе оған жауап беруге үйрету. Өзінің жəне қоршағандардың психологиялық мінез-құлықтарын анықтай білу. Өз- өзіне деген сенімділікті нығайту.

Кіріспе бөлім: Амандасу рəсімі.

Өткен сабақ рефлексиясы .



Негізгі бөлім: Жаттығу саны: 3

Жаттығу 1. «Тəтті күлше»

Мақсаты: «Өтініш» ұғымының мазмұнын анықтау, өтінішке дұрыс жауап қайтаруға үйрену.

Уақыты: 20 минут.

Жаттығу барысы: Психолог өтінішті тəтті күлше сияқты екендігін айтады:пішіні бірдей болуы мүмкін, ал мазмұны əртүрлі болады. Күлше тəтті жəне де ашты болуы мүмкін,т.б. Балаларға түрлі күлшелерді салу немесе бейнелеу ұсынылады. Түрлі күлшелер-өтініштер-олардың пішінін,түсін,дəмін. Қысқаша талқылаулар келтіріледі, өтініште болатын жағымды жəне жағымсыз ассоциацилар анықталады. Бұның немен байланысты екендігі анализденеді. Өтінішті дұрыс айта білу жəне оған дұрыс жауап беру қабілеті ескеріледі жəне де өтініштен бас тартқан жағдайға дұрыс жауап беру де маңызды.

Жаттығу 2. «Чемпионат»

Мақсаты:Ө тінішті дұрыс айта білу қабілетін дамыту.

Уақыты: 20 минут.

Жаттығу барысы: Бұл жаттығуды орындау үшін психолог алдын-ала өтініш жағдайларын жəне оған жауап беру əдістерін қатысушылардың жұп тобына бөліп береді. Жағдайды сипаттау «сиқырлы жəшікке» салынады.Балалар жұптарға бөлінеді.Бір жұп тапсырмаларды орындап жатқанда,қалғандары оларды бағалайды:а)тапсырманы орындау дəлдігі; б)əдістерді қолдану. Жүргізуші басты сынаушы рольінде болады.

Жүгізуші: «Сіздер қазір жұптарға бөлінесіздер.Əрбір жұп жəшіктен орындау керек тапсырманы алады да, қуыршақтардың көмегімен қойылым көрсетеді. Дайындыққа сіздерге 1 минут, ойнап шығуға 3 минут беріледі». Қалған қатысушылар- бағалаушылар. Олар қойылымды бағалайды.

Психолог өтінішті дұрыс айта білу, оны орындаудаудан бас тартқанда немесе өзі бас тартатын кездегі міндетті болып табылатын жəне балалардың да өз білімдерін бағалаудың деңгейлерін баяндайды.

Əр көріністен кейін психолог «төрешілерден» қойған бағаларын негіздеп, қатысушылардан өз көріністерін қалай бағалайтынын жəне өз-өзіне сенімділік болды ма, жоқ па екенін сұрайды.



Жаттығу 3. «Еркін микрофон».

Мақсаты: өз-өзіне сенімдікті нығайтып, өзінің жəне қоршаған ортаның психологиялық мінездемесін анықтау іскерлігін дамыту.

Уақыты: 20 минут.

Жаттығу барысы: Жүргізуші: «Сіздер бір-біріңізді жеткілікті түрде танисыздар жəнеде топтың кез-келген сауалына жауап беруге даярсыздар. Қазір сіздер қалауы бойынша жауап бергісі келген адамдарға сұрақ қоясыздар. Негізгі ереже- шынайы əрі толығырақ жауап беру. Бұл сұрақтардың арқасында сіздер өз-өзіңізді түсінуге мүмкіндік туады, себебі сұрақтар сіздің мінезіңіздің, əдеттеріңіздің, қызығушылықтарыңыздың ерекшеліктеріне, күрделі өмірлік мəселелерге байланысты қалыптасқан пікірлерге, тұжырымдарға қатысты қойылады. Яғни, сіз-өте қызықты адамсыз, сізді қоршаған адамдарда сізге қоятын сауалы мол ».

Сұраққа жауап беретін алғашқы қатысушы топтың барлық мүшелерін көретіндей отырады. Қалғандары «еркін микрофон» принципін қолдана отырып, кезекпен сұрақтар қоя бастайды, яғни сұраққа жауап берілгенне кейін топтың келесі мүшесі алдын-ала дайындаған сауалын қоя алады. Сөйтіп, еркін микрофон мүмкіндігін қолданғысы келгендердің барлығы өз құқығын пайдааланып болғанша қайталана береді.



Қорытынды бөлім: Өткен пəннің рефлексиясы.

Қоштасу рəсімі.



Сабақ 11.

Мақсаты: өзін-өзі ашу процестерін тереңдету; өзін-өзі толықтай көрсетудегі қиындықтарды жеңу мен өзіне-өзі талдау жасауды дамыту; мазасыздық сезімін жеңіп, одан арылуға жəрдемдесетін сезімдерді таба білуге үйрету, оқыту.

Кіріспе бөлім: Амандасу рəсімі.

Өткен сабақ рефлексиясы.



Негізгі бөлім: Жаттығулар саны: 4.

Жаттығу 1. «Мен қандай түстемін?».

Мақсаты: өз көңіл-күйін көрсете білу іскерлігін дамыту.

Уақыты: 10 минут.

Жаттығу барысы: балалар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші: «Мен бүгінгі күнді əрқайсысымыз біраз уақыт ойланғаннан кейін ол бүгін қандай түсте екенін айтудан бастауды ұсынамын. Бұнда сіздің киіп тұрған киіміңіздің түсі жайлы емес, сіздің қалпыңыздың, күйіңіздің түсінің көрінуі жайлы айтылыды... Ендігі сіздің көңіл-күйіңіз таңертеңнен, сіздің оянған сəтіңізден осында келгенге дейін қалай өзгергенін жəне бұл өзгерістер немен байланысты екенін айтып беруді өтінемін. Қорытындылай келе қазіргі кезде қандай күйде екеніңізді түсіндіріп, осы түсті неге таңдағаныңызды айтып беріңіз».

Жаттығу 2. «Сенің көңіл-күйің».

Мақсаты: өз эмоционалды күйін аныықтай алу іскерлігін

дамыту жəне оны басқару.



Уақыты: 20 минут.

Жаттығу барысы: Жүргізуші: «Ойланып алып, көбінесе қандай эмоционалды күйде болатындығыңызды анықтаңыздар. Бұл-сіздің көңіл-күйіңіз.

Əр адамда өзіне тəн көңіл-күйінің қарапайым тоны болады. Бір адам жайлы оның өмірінің жеке сəттерінде жағымсыз көңіл-күй болып тұрса да, біз бұл жайлы «өмірге риза адам» деп айтамыз. Басқасын керісінше кейде көңілді, өмірге ризашылығы болып тұрса да, оны ризашылдығы жоқ, түңілген адам ретінде қабылдаймыз. Ең қызығы, біз ешкімге көңіл-күйіміз жайлы мəлімдеп отырмаймыз, алайда ... қабақ, сөз, қимыл, көзқарас барлығы айқын да түсінікті болады.

Сіздің бойыңызда көбінесе болатын «өзіндік» көңіл-күй бар ма?

Сол жайында : бойымызда болатын жағымды немесе жағымсыз көңіл-күйді сипаттайық».

Осыдан кейін балалар көбінесе қай көңіл-күйде болатындығы жайлы талқылау өтеді.

Жаттығу 3. «Кемпірқосақпен жоғары қарай».

Мақсаты: релаксация əдісін қолдана отырып, балалардың көңіл-күйін көтеру.

Уақыты: 15 минут.

Жаттығу барысы: Балалардан тұрып, көздерін жұмып, терең дем алуларын сұрайды. Бұл жерде балалар дем алу кезінде кемпірқосақ бойымен жоғары, ал ауаны шығару кезінде одан сырғып түскен сияқты елестетіп отырады. Жаттығу 3 рет қайталанады. Бұдан кейін қалауы бойынша балалар өз əсерлерімен бөліседі. Əсерлерімен бөлісіп болғаннан кейін балалар жаттығуды ашық көзбен қайталап орындайды. Қайталау саны 7-ге дейін өседі. Əсерлерімен қысқаша бөліскегннен кейін босаңсудың қарапайым əдістерін жүргізу ұсынылады (мысалы, барлық бұлшық еттерді қатайтып, қайтадан босату).

Жаттығу 4. «Қоқсық шелегі».

Мақсаты: қауіпсіз əдіспен негативті сезімнен арылу іскерлігін

дамыту.


Уақыты: 15 минут.

Жаттығу барысы: Балаларға қоқсық шелегінің суреті бар иллюстрация көрсетіп, қоқсық шелегін ненің символы, белгісі ретінде түсінетінін түсіндіруін сұрайды. Балаларға қағаз бетіне қоқсық шелегінің суретін салу ұсынылады. Сөйтіп, əр қатысушыда өз өмірінен белгілі бір затты

тастау мүмкіндігін беретін өзіндік дискуссия туғызу керек. Ол балаға жағымсыз зат, адам, ой, сезім болуы мүмкін. Оларды қоқсық шелегіне түсіп бара жатқан сияқты етіп салу қажет. Содан кейін бұл жаттығу ұнады ма, жоқ па деген талқылау жүреді.



Қорытынды бөлім: Өткен пəннің рефлексиясы.

Қоштасу рəсімі.



Сабақ 12.

Мақсаты: тек өзін бағалап, сыйлау ғана емес, сонымен қатар басқа адамдарды да бағалап, сыйлауға, оларға сенім артуға, жеке тұлғаның жағымды жақтарын табуға үйрету.

Кіріспе бөлім: Амандасу рəсімі.

Өткен сабақ рефлексиясы.



Негізгі бөлім:

Жаттығулар саны: 3.



Жаттығу 1. «маңызды адамдар».

Мақсаты: жеткіншектер үшін маңызды адамдардың кім екенін түсіну, оны проективті формада көрсету.

Уақыты: 20 минут.

Жаттығу барысы: Балалардан олар үшін маңызды болып табылатын адамдардың суретін салуды сұрайды. Бұл міндетті түрде олар əрдайым қарым-қатынас жасап жүрген адамдар емес, алайда олар үшін басқа адамдарға қарағанда əлдеқайда маңызды болып табылатын адам болуы міндетті.

Суреттер салынып біткеннен кейін, балалардан кезекпен суретттерін көрсетіп, онда бейнеленген адам жайында айтып берулерін сұрайды.



Жаттығу 2. «Идеал».

Мақсаты: жеткіншек бойындағы жеке тұлғаның жағымды

жағын таба білу іскерлігін дамыту.



Уақыты: 20 минут.

Жаттығу барысы: əр жеткіншекке адамның өз идеалын ұсынуға мүмкіндік беріледі. Ол идеал оның досы бола алатындай жəне үнемі қарым-қатынас жасағысы келетіндей адам болуы керек. Əр жеткіншек мұндай адамның мінез ерекшеліктерін жазбаша түрде қағаз бетіне түсіруге тырысады. Идеалдың өзіндік мінез ерекшеліктері қағаздың сол жағында бір бағанға жазылады.

Тапсырма орындалғаннан кейін қағаз беттері шеңбер бойымен кетеді, ал қатысушылар əр жолды сол жолда жазылған қасиетке сай қатысушылардың ішіндегілердің есімдерімен толтырады.

Нəтижелерді қорытындылау үшін əр адам өзінің қағазын алып, зейін салып, басқа қатысушылардың жазған жазуларын қарап шығады да, кімнің есімі ең көп рет қайталанатындығын санап шығады. Бұл адам жалпылай объективті баға бойынша басқаларына қарағанда, сол қатысушының идеалына ең жақыны болып табылады.

Жаттығу балаларға өз сапаларының топтық бағасын алуға көмектеседі.



Жаттығу 3. «Арт жақтағы бет қағаз»

Мақсаты: Рефлексия процесін белсендіру: эффективті тұлғааралық қарым – қатынас жасау үшін маңызды қасиеттерді алу.

Уақыты: 20 минут

Жаттығу барысы: Жүргізуші: «Əр адамды басқа адамдардан өзі жайлы не ойлайтындығы, оның жанында өздерін қалай сезінетіндері қызықтырады. Алайда, əр адам өзі жайлы басқа адам шындықты бетіне айта алатындығына сенімді емес. Себебі шындық 41жағымды не жағымсыз болады. Бұл жаттығу қиындықты жеңуге көмектеседі, ол анонимді, дегенмен «көзбе – көзбе» қатынаста өтеді.

Əркімнің арқасына бір бет қағаз жабыстырылады. Сіздер жүресіздер де, сізді қызықтырған адамның қасында тоқталып, оған қарап (ол адам жайында əсер қалыптасу мақсатында), əсерді арқадағы қағазға жазу.

Қазір бір – бірлеріңізге қараңыздар. Қай тұлға сізге ұнайды? Несімен? Қай адамға барғыңыз келер еді? Шынайы болуға дайынсыз ба?

Қазір сіздер жүріп, бір – бірлеріңізбен кездесесіздер. Əлі ештеме жазбай тұрасыздар, тек бір – бірлеріңізге қараңыздар.

Алға қозғала беріңіздер!»

Кейінірек талқылау жүреді, жүргізуші: «Мүмкін, сіздер өз сезімдеріңізбен бөліссеңіздер жақсы болатын шығар. Өтінемін, əр қайсыларың шеңбер бойынша өзіне жазылған жазуға байланысты өз сезімі жайлы бірнеше сөз айтсын. Ал енді ойын барысында шындығында да шынайы болғандарын болса, қолдарыңды көтеріңдер».

Барлығы ортақ шеңберге тұрып, психолог бір – біріне деген сенім жайында жылы сөздер айтады.

Қорытынды бөлім: Өткен сабақ рефлексиясы

Қоштасу рəсімі.



Сабақ 13

Мақсаты: Мен – концепцияның айқындалуы; махаббат арқылы өз - өзіне сенімділікті дамыту; өз - өзіне жағымды қатынасты бекіту.

Кіріспе бөлім: Сəлемдесу рəсімі

Өткен сабақ рефлексиясы.



Негізгі бөлім.

Жаттығулар саны: 3.



Жаттығу 1 «Өзімді сүйе алмаймын»

Жаттығу барысы: Балалар берілетін 10 минуттың ішінде мүмкіндіктерінше өздерін сүйе алмайтындығын себептерінің тізімін жазуы тиіс.

Келесі жалпы ережелерге, принциптерге қатысты (М: «Өзін жасқанбай сүю», «Адам өзін емес, ол басқаларды сүю керек»). Тізімде тек сіздің тұлғаңызға ғана қатыстыларын ғана қалтыру керек.

Балалар өз кемшіліктерінің тізімін алады. Жүргізуші: «Ең алдымен: егер де сіздердің бұл кемшіліктеріңіз сіздің кемшілігіңіз емес, басқа сізге қымбат адамның кемшілігі болса, сіз оны кешірер ме едіңіз немесе оның құндылығы деп санар ма едіңіз ? – ойланыңыз. Бұл ерекшеліктерді сызыңыздар, олар сізді, басқа адамды сүюге кедергі болмайды.

Жеңуге көмектесетін кемшіліктер, ерекшеліктерді белгілеңіздер.

Неліктен осыны өзіңіз үшін де істемеске? Неліктен өз - өзіңізге көмектеспеске?

Оларды жеке тізімге көшіріңіздер, ал осыларды өшіріңіздер.

Олармен келесідей амал жасайық: өз - өзімізге бұл

кемшіліктер бар жəне оларды қалай еңіп, олармен бірге өмір сүруге үйренеміз деп айтайық».



Жаттығу 2. «Өзіне гимн»

Мақсаты: релаксация əдісінің көмегімен өз - өзіне жағымды қатынасты бекіту.

Уақыты: 20 минут.

Жаттығу барысы: Балалар жүргізушінің артынан қайталап отыруы тиіс: «Мен – ол мен. Бүкіл əлемде дəл мен сияқты ешкім де жоқ.

Маған кей жерлері ұқсас адамдар бар болса да, тура дəл маған ұқсайтын адам жоқ.

Сондықтан менен шыққанның барлығы – нақты маған ғана

қатысты, себебі ол менің тандауым.

Менің армандарым, фантазияларым, барлық үміттерім жəне қорқыныштарын менің ғана меншігімде.

Менің денем, санам, көздерім, сезімдерін, дауысын тек маған ғана қатысты.

Менің жеңістерім, сəттіліктеріме, жеңілістерім, қателіктерім тек менікі ғана. Бұның барлығы менікі . сондықтан да мен сенімен өте жақын таныса аламын.

Менің көргеніммен түсінгенім, айтқаным мен істегенім, ойлағаным мен сезгенің нақты қазіргі сəтте – менікі. Бұл өз алдына нақты қазіргі сəтте менің кім екенім жіне қайда екенімі айқындауға мүмкіндік береді.

Мен көре, ести, сезе, ойлай, сөйлей жəне əрекет ете аламын.

Менде басқа адаммен жақын болу үшін, менің айналамдағы адамдар

жəне заттар əлеміне реттілікпен мағына əкелу (продуктивті болу

мақсатында) үшін барлығы бар.

Мен өзіме ғана жатқызыламын,сондықтан да мен өз - өзімді құрай аламын.

Мен – ол мен, жəне мен – бұл ғажаптылық.


Жаттығу 3. «Өз - өзіне махаббаттың формуласы».

Мақсаты: өз - өзінің жағымды жағын қабылдау қабілетін дамыту.

Уақыты: 20 минут

Жаттығу барысы: Жүргізуші: «Тақай болудан жалыққан кішкентай сұр түсті тақай туралы мультфильмді естеріңе түсіріңдер. Басында ол көбелекке, содан кейін құсқа, кейіннен тағы біреуге айналады. Ақырында ол өзі үшін де басқалар үшін де бұрынғыдай кішкентай сұр тақай болған дұрысырақ болатынына көзі жетеді».

Сондықтан да əр күн сайын айнаға қарап тұрып былай айтыңыздар: «Мен сені сүйемін жəне де сені құндылықтарың мен кемшіліктерінмен қоса қабылдаймын. Мен сенімен күреспеймін жəне маған сені жеңудің қажеті жоқ. Дегенмен менің махаббатым өмірге, өзіме риза болуға, басқаға қуаныш əкелуге, жетілуге, дамуға мүмкіндік береді».



Қорытынды бөлім: Өткен сабақ рефлексиясы

Қоштасу рəсімі



Сабақ 14

Жаттығу 1. «Түсіну»

Мақсаты: жеткіншектердің коммуникативті іскерліктерін дамыту.

Уақыты: 20 минут

Жаттығу барысы: Жүргізуші : «Қарым – қатынас жасауға қабілеттілік адам іскеріктерінің негізгілерінің бірі болып табылады. Ол басқа адамның сезімін, ойын дене тұрысы, қабағы, көзі арқылы түсінуіне негізделеді. Сіздерде бұл сезімдер қандай денгейде дамыған? Осыны дəл қазір тексерейік. Топ мүшелері арасынан ойын болжап табу мақсатында біреуін таңдаңыздар.

Сіздерге сабақ барысында қандай сезімде болғандығы туралы, не туралы ойлағандығы жайлы жазбаша түрде жазуға 3 минут уақыт беріледі.

Содан кейін біз үлкен шеңберге отырып, өзіңіз жазған адамға қарап, өзі туралы айтып бересіз. Ол адам сіз айтқан əңгімені комментарийден өткізеді, яғни өз пікірін білдіреді. Егер де сіз айтқанның барлығы шындығындағы ойлармен, сезімдермен сəйкес болатын болса, бақылаулар дұрыстығын білдіруі керек. Немесе керісінше жоққа шығаруы мүмкін.

Жаттығу 2. «Мен сені түсінемін»

Мақсаты: Басқа адамның психологиялық күйінтүсіне алу іскерлігін дамыту.

Уақыты: 20 минут

Жаттығу барысы: Әр жеткіншекке топ ішінен көзі немесе қабағының көрінісі бойынша күйін жəне ойын болжай алатындай бір адамды таңдап алу ұсынылады.

Қатысушыларға таңдап алынған адамның сабақ барысында не сезгені жайлы болжамды жазып беруге 3 минут уақыт беріледі.

Кейін, жеткіншек өз партнерінің күйін сипаттайды. Партнер болса айтылғанның барлығы оған қатысты екендігін білмейді. Ал балалар кімнің күйі жайлы айтылғандығын анықтау керек.

Жаттығу 3. «Мейірімді, жылы сөздер».

Мақсаты: коммуникативті дағдыларды дамыту.

Уақыты: 20 минут

Жаттығу барысы: Жүргізуші: «Сіздер өз туыстарың мен жақындарыңа қандай жылы сөздер айтатындарыңды естеріңе түсіріп, жазыңдар.

Ол сөздерді қаншалықты жиі айтатындарың жайлы ойланып

көріңдерші?

Сізге адамдарға жылы сезімдерді білдіруге не кедергі болады?

Адамдарға жылы жылы сөздер айтқанда не сезесің ?».

Сабақ 15.

Мақсаты: Қатысушылардың өз уникалдылығы жайындағы түсініктің бекітілуі сананың позитивті жəне эмоционалды образдармен бейнеленген жеке тұлғаның баюы; топ мүшелері арасындағы достық қатынастардың нығаюы.

Сəлемдесу рəсімі. «Балалар бүгін біз – бірімізді жоғары мəртебелі кеште жүргендей қарсы алып, сəлемдесуіміз керек. Бөлме ішінде еркін қзғалып жүріп, бір – бірімізге комплимент алмасуымыз керек. Əр адам үшін жылы сөздер табыңыз.

Бүкіл тренингтік сабақтың рефлексиясы: «Балалар, бүкіл тренинг барысында біз не өткеніміз жайлы есімізге түсірейік. Өздеріңе қандай жаңалық аштыңыздар? Ол үшін мына сұрақтарға жазып жауап беріңіздер:

1. Сабақтарда маған не ұнады?

2. Не ұнамады?

3. Қатысушыларға деген менің жылы тілектерім?

Ал енді, бүкіл топпен өз ойымызды ортаға салып, бөлісейік.

Негізгі бөлім: Жаттығулар саны: 2.

Жаттығу 1. «Мен сурет саламын»

Мақсаты: Жеткіншектердің өз жетістіктеріне психологиялық тренингте рефлексияға шарт жасау.

Уақыты: 20 минут

Жаттығу барысы: Балаларға психологиялық тренингпен байланысты өз эмоциялары мен сезімдерін қағаз бетіне сурет етіп салуы керек. Суретті салып біткеннен кейін қалауы бойынша сурет жайлы айтыпберу керек. Аяғында суреттердің барлығы бір үлкен түрлі – түсті суретке біріктіріп, жабыстырады.

Жаттығу 2. «Комплименттер»

Мақсаты: жеткіншектер бойында өз сезімін көрсете білу

іскерлігін жəне комплименттерді қабылдай алуды дамытуғы жағдай

жасау.

Уақыты: 15 минут.

Жаттығу барысы: Əрбір тренингкке қатысушы өз көршісіне комплимент айтады. Ал көрші өз сөздерін: «Рахмет, мен де мен сондаймын...ол сен сондайсың... деп ойлаймын(комплимент айтады)».

Өткен сабақтың рефлексиясы: Жүргізуші «Біздің сабақтарымыз аяқталады, сондықтан біз қоштасамыз. Бір – біріне айтайын деген сөздеріңнің барлығын айтып үлгердіңіздер ме? Мүмкін сіз топпен өз күйзелістеріңіз жайлы ортақтасуды ұмытып кетпеген шығарсыз?»

Қазір сізде сол мүмкіндік бар. Өткен сабақтарда істеп

үлгермегендеріңіздің барлығын қазір, істеңіздер.



Қоштасу рəсімі. Тренингтің əр қатысушысы бір – біріне

қоштасу сыйлықтарын сыйлайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет