Белгілі бір ұлт тілінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше



Дата24.04.2022
өлшемі22,16 Kb.
#140698
Байланысты:
көркем әдебиет стилі


Көркем әдебиет стилі
Белгілі бір ұлт тілінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Көркем әдебиет халық тілінің қалыптасып, дамуында аса зор қызмет атқарады. Қазақ тілінің бүгінгі дәрежеге жетуіне көркем сөз шеберлерінің елеулі рөл атқарғанын ешкім теріске шығара алмайды. Оның эстетикалық қызметі, бір жағынан, көркем әдебиет тілінің даралығын көрсетсе, екінші жағынан, сол стильдер жүйесінде жетекші орынға ие екендігін дәлелдейді. Тіл байлығының өзі-ақ, зерттеушілердің айтуынша, көркем шығарма стилінің бірден-бір айырмашылығын танытады.
Көркем әдебиет стилі адам мен қоғамның және табиғаттың тіршілігін көркем сөз негізінде ой мен сезімді көркем кейіпкер, образдар арқылы бейнелейді. Соған лайықты сөздер, сөз тіркесі және синтаксистік оралымдар пайдаланылады. Көркем әдебиет стиліне көркем әдебиеттің поэзиялық, прозалық және драмалық жанрларының барлығы жатады. Бұл стильге қатысты жазбалардың қамтитын тақырыптары мен көлемі алуан түрлі болып келеді де, көркемдегіш құралдардың, әдіс-тәсілдердің барлығы да қолданылады. Сөз арқылы автор көркем образ жасайды, баяндайды, суреттейді. Сондықтан көркем шығарма тілі экспрессивті, эмоционалды және образды болып келеді. Көркем әдебиет стилі басқа стильдерде кездесетін сөздер мен формаларды өзгеше құбылтып, өз мақсатына лайықты қолданады. Көркем шығармада сөздерді түрлі ауыс мағынада қолдану жиі ұшырасады. Көркем әдебиет стилінің көркемдегіш құралдарын – градация, перифраз, қайталау, инверсия, антитеза, т.б. – еркін пайдаланады. Кәсіби сөздер, архаизм, историзмдер қолданылады, олар кейде кейіпкердің ерекшеліктерін, ортасын, білімін, мінезін, т.б. жайын аша түседі.
Көркем әдебиет стилі – ұлттық қалыптасу дәуіріндегі қазақ әдеби тілінің ең қарымды саласы. Ол жазба әдеби тілдің халықтық негізде /бұрыннан келе жатқан ауызша әдеби тіл мен халықтық сөйлеу тілі негізінде/ қалыптасып дамуында шешуші рөл атқарды.
Ұлт тілінде көркем әдебиет тілінің алатын орны ерекше. Көркем әдебиет тілінде сол ұлт тілінің барлық байлығы еркін қолданылады. Көркем әдебиет стиліндегі шығармаларды тарихи шығармалар, эпопея, романдар, фантастикалық шығармалар, сатиралық туындылар, эсселер деген бөлініске бөлудің өзі стильдің көркемдік жағын тануда күрделі талдауды қажет ететіндігін танытады.
Қазақ тіл білімінде көркем әдебиет стилистикасы мен көркем шығарманың тілі туралы алғашқы ғылыми-теориялық тұжырым айтқан ғалымдардың бірі – М.Балақаев екені белгілі. Ғалым: «Жеке жазушының тіл өрнегінің толып жатқан бояу-бедері, өзіндік өсу, жетілу жолдары болады. Көркем әдебиет тілінің нәзіктігі көп жағдайда жазушының белгілі бір сөздері «мағыналық топқа кіру», яғни сөздерді өзара мағыналық байланысқа түсіру шеберлігімен байланысты», – деп жазады.
Көркем әдебиет стилінде тілдің барлық стилистикалық ресурстары пайдаланылады, оған тән басты белгілер болып аса бейнелі тілдік бірліктер қазынасы көрінеді: метафора;
фразеологиялық тіркестер; синонимдік қатардың көптігі; тура мағынадағы сөздің ауыспалы мағынаға ауысу қабілетінің күштілігі; сөз, сөз тіркестерінің семантикалық стильдік қызметінің шексіздігі. Көркем әдебиет стилінің ерекшелігі эстетикалық қызметте жұмсалуында; жазушы образды, ұтымды сөздерді, фразалар мен мақал-мәтелдерді халық тілінен, фольклордан алып пайдаланумен қатар, өздері де жаңаларын жасайды, өзге стильдердің элементтерін жұмсайды, диалектизм, архаизм, кәсіби сөз, жаргондарды пайдаланады; көркем әдебиетте әдеби нормадан жөнді-жөнсіз ауытқуларға көп ұшырайды, сондықтан басқа стильдер тіліне өнеге-үлгі бола бермейді деп қорытады зерттеушілер. Көркем әдебиет стилінің аясы кең, мұнда барлық стильдердің элементтері қолданылады.
Көркем әдебиет стилінің өзге мақсаттық стильдерге қарағанда олардан өзгешеленетін тұстары бар екендігі байқалады, олар: 1) мұнда экспрессивті, әсерлі суреттеме бояуы, бағалауыш сипаты күшті элементтердің жиірек қолданылатындығы; 2) сондай-ақ көркем әдебиетте қарапайым сөздер мен көне сөздердің, әдеби нормадан тысқары тұратын диалектизм, варваризм, дөрекі сөз, макаронизм сияқты сөздердің стильдік мақсатта еркін қолданыла беретіндігі; 3) ғылыми терминдер мен тілдік трафареттердің қолданылмайтындығы, қолданыла қалған күнде олардың белгілі бір стильдік жүкпен, мысалы, кейіпкер тілінде кездесетіндігі.
көркем әдебиет стилі табиғатына қатысты зерттеу жұмыстарын шолғанда, стильдің төмендегідей стильдік белгілерін ажыратуға болады:
Стиль ажыратушы факторларға: Саласы: өнер, мәдени-эстетикалық сала.
Функциясы: әсер ету функциясы ең басты болып табылады. Ол көркем стильде эстетикалық функция болады. Міндеттері: өмірді образдар арқылы таныту, шындыққа эстетикалық қатынасты қалыптастыру. Адресант: ерекше типтегі дарынды тұлға. Адресат: оқырман, мәтін мазмұнын, шығарманың идеясын қабылдауға қабілетті келеді.
Көркем мәтінде стандартты құрылымдар болмайды. Жанр мен мәтін түрлерінің көп түрлілігі тән. Әдебиеттің үш тегі бар: эпос, лирика, драма. Олар келесі түрлерге бөлінеді: эпос – героикалық, тарихи, лирикалық; лирика – саяси, азаматтық, махаббат, сатиралық, драма – халықтық, тарихи, тұрмыстық.
Жанрлары. Эпос: эпопея, баллада, роман, әңгіме, поэма, повесть, очерк, мемуарлар т.б. Лирика: ода, элегия, сатира, эпиграмма, эпитафия, лирикалық өлеңдер. Драма: трагедия, комедия, драма, водевиль, сценка.
Шығарманың құндылығы көлемі мен мәтіннің тереңдігімен өлшенеді.
Эмоциялылық. Сөйлеу құралдарының көп түрлілігі. Басқа стиль элементтерінің араласуы.
Стильдік сипаттары: Мәтіні көркем сипатта келеді. Мәнерлі, образды, бағалы, метафоралы, көп мағыналылы, мұның барлығын автор образы біріктіреді.
Көркем шығарманың бір ерекшелігі – көп жанрлы болып келуі. Проза, драма, поэзия, т.б. жанрдың әрқайсысының өзіне тән тіл ерекшелігі бар. Олар әдеби тіл байлығын өз жанрына байланысты еркін қолданады. Мәселен, кейде шылаулар, қыстырма, одағай, қаратпа сөздер экспрессивті-эмоциональды мақсаттар үшін лайықты жұмсалады.
Көркем әдебиет – сөзбен салынған сурет; оқиғаға кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөзі, мінезі, келбеті қатысып баяндалады; оқиға болған күннің реті, жер жағдайы аталады.
Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктер:
1.Эмоционалдық, бейнелі, эксрессивті сөздер молқатысады.
2.Сөйлемдердің ырғақ, интонациясы мәтінге әсерлілік беруүшін айрықша құрылады.
3.Шығарма тартымды болу үшін синоним сөздер, тұрақтытіркестер барынша көп жұмсалады.
4.Осылардың бәрі грамматикалық амал-тәсілдерді ерекшеқиюластырып қолдану арқылы беріледі
Көркем әдебиет стилінің де проза жанрын қамтып, әлдеқайда дами түсуі ХІХ ғасырдың орта тұсынан басталады. Бұған Ыбырай мен Абай шығармалары үлкен себеп болды. ХХ ғасырдың басында қазақ көркем әдебиет стилі бірсыпыра күшейіп, өз жанрларына сай белгілері пайда болып, әрі қарай дамыды, басқа стильдер жігі айқындала түсті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет