Қазақ Елі бар Діні бар Рәміздері бар Ұлты бар Халқы бар Жері бар Тілі бар Қазақ Халық дегеніміз не?



Дата26.06.2018
өлшемі408,5 Kb.
#44493
  • Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі.
  • І кезең «Қызығушылығын ояту.»
  • 1 «Ассоцациялар» стратегиясы.
  • Қазақ
  • Елі бар
  • Діні бар
  • Рәміздері бар
  • Ұлты бар
  • Халқы бар
  • Жері бар
  • Тілі бар
  • Қазақ
  • Халық дегеніміз не?
  • Этнос (Халық) деп – өз тілі, қалыптасқан мәдениеті, өзіндік ұлттық мінез – құлқы бар және тұрақты бір аумақта өмір сүретін халықты, ұлтты атайды.
  • ІІ кезең «Мағынаны түсіну»
  • Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі.
  • Наурыздың оны
  • Менің атам да, анам да – қазақ. Менің жаным, жүрегім – қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын.
  • Нұрсұлтан Назарбаев.
  • Тақырып жоспары.
  • 1 Қазақ халқының қалыптасуы.
  • 2 «Қазақ» атауының шығуы.
  • 3 «Алаш» атауы, жүздердің пайда болуы.
  • Қазақ халқының құрамы.
  • Орталық, Солтүстік,Оңтүстік
  • Қазақстандағы қыпшақтар тайпаларының одағы.
  • Оңтүстік шығыс Қазақстандағы үйсін тайпалар одағы.
  • Қыпшақ, қаңлы, арғын, қоңырат, дулат, маңғыт, жалайыр, т. б.
  • Қазақ халқының қалыптасуы
  • Әдет – ғұрып, салт – саналары,
  • діни наным – сенімдері,
  • этникалық құрамы ұқсас
  • болады.
  • Әлеуметтік – экономикалық
  • Және мәдени дамуы
  • ыңғайлас келеді.
  • Қазақ халқының қалыптасуы
  • XV – XVI ғасырлар
  • Қазақстандағы этносаяси қауымдастық Жәнібек пен Керей
  • сұлтандар төңірегіне шоғырланады.
  • «Қазақ» атауының шығуы.
  • 1
  • Орхон –Енисей жазбаларында
  • «Қазғақ оғлұм» сөзіндегі «ғ» әрпінің түсуі.
  • 2
  • Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде
  • «Мықты» , «берік», «алып» мағынасын берген.
  • 3
  • Египет мемлекетінің «Араб-қыпшақ» сөздігінде
  • «Еркін», «кезбе» деген мағына берілген.
  • 4
  • Б.Е.Көмековтің айтуы бойынша
  • «қазақ» сөзі хорасан түрікмендері арасында этникалық сипатта қолданылған сияқты.
  • “Қазақ” атауы
  • ХІІІ ғ – дейін “еркін
  • адамдар” деген
  • мағынада
  • ХІV ғ. бастап
  • Этникалық мағынаға
  • ие бола бастады
  • ХV ғ. ІІ жартысынан
  • бастап біржолата
  • этникалық сипатқа
  • ие болған
  • «Алаша хан» туралы аңыз.
  • «Хижраның 780-790 жылдар шамасында (яғни ХІҮ ғасырдың соңы) бір ханның тұтқын әйелінен « ала» бала туады. Хан бәйбішесінің айдап салуымен баладан құтылмақ болып, оны Сырдарияның арғы бетіне апарып тастайды.Кейіннен жігіттің батырлық ерліктерімен аты шығып, оның жеңістері туралы хабар ханға жетеді де, ол баласын үйге қайтармақ болады.Хан кеңесшілері Қотан би мен Майқы би оған жүз жігіт жіберуді ұсынады,бұл жүз жігітті басқаруға Қотанның үлкен ұлы Үйсінді қояды.Барар жеріне жетіп, хан баласымен достасқан соң, Үйсін жігіттерімен үйге қайтудан бас тартады. Келесі жылы тағы да жүз жігітпен Қотанның екінші баласы Болат, үшінші жылы кенже ұлы Алшын жіберіледі.Екеуі де қайта оралмайды.Үш жүз жігіт бірігіп алып, өздерінің көршілеріне шабуыл жасап, олардың малдарын айдап кетіп жүреді, ал олар жігіттерді «қазақ» деп атайды, бұл түрікше «еркін», «басы бос» дегенді білдіреді.Кейін жігіттер хан мен басшыларды сайлауға келіседі.Үйсінді жүз жігітімен Сырдарияның жоғарғы бойына, Болатты орта ағыс бойына, алшынды төменгі ағыс бойына қоныстандырады.Алашаны ақ киізге көтеріп хан сайлайды.Қазақтың үш жүздің баласы деп атануы осыдан деп айтылады.»
  • Алаша хан
  • Үйсін
  • Ұлы жүз.
  • Сарыүйсін, албан, дулат, суан, шапырашты, жалайыр, ысты, қаңлы, шанышқылы
  • Болат
  • Орта жүз.
  • Арғын, найман, қыпшақ, қоңырат, керей, уақ.
  • Алшын
  • Кіші жүз.
  • Байұлы, әлімұлы, жетіру.
  • «Қазақ жүздерінің құрылу себебі, олар (қазақтар) көшіп – қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған. Ол одақ – қазақ жүздері».
  • Шоқан Уәлиханов
  • 2. «Еркін жазу» стратегиясы
  • Қажет деген атауларды, деректерді дәптерге жазу, оқу.
  • Этникалық қауымдастық – адамдардың әлеуметтік тұрақты топтары. Ол тайпа, халық, ұлт т.б. түрінде ерекше тарихи жағдайларда қалыптасады.
  • 3. «Ой жалғастыру» стратегиясы.
  • Әр топқа ойды жалғастыру үшін тұжырымды сөздер беріледі.
  • І топқа «Қазақ халқының қалыптасуына мына этникалық аумақтардың әсері тиді.
  • ІІ топқа « Атамыз Алаш, атымыз Қазақ., үш жүздің ұрпағымыз.
  • ІІІ топқа « Таңбалы Нұра –тарихымның куәсі»
  • 4. «Тарихи домино» ойыны.
  • Ру- тайпалар Ақ орда, «Әбілқайыр хандығы, Моғолстан сияқты хандықтардың саяси билігінде бытырап жүрді.
  • Әр түрлі хандықтардың қарамағында болуына қарамастан , олардың барлығы түркі тілінде сөйледі.
  • Қазақстандағы этносаяси қауымдастық Жәнібек пен Керей сұлтандар төңірегіне шоғырланды.
  • Жәнібек, Керей хандармен бірігіп көшкен ру-тайпалар алғашқаы кезде «өзбек-қазақтар» деп аталды.
  • Қазақ сөзі ХІҮ ғасырдан бастап этникалық мағынаға ие бола бастайды.
  • 6 «Алаша хан» аңызында Қазақ халқының. Қазақ жүздерінің пайда болуы турала да айтылады.
  • 7 Қазақ халқының жүзге бөлінуі өз жерін қорғау қажеттілігінен туған.
  • 8 ХҮ ғасырдың екінші жартысында «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болды.
  • 9 Қаракеңгір өзенінің оң жағында Алаша хан күмбезі бар.
  • ІІІ кезең «Ой толғаныс»
  • «Мен-қазақ»
      • Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын
      • Ұранға “Алаш” деген атты аламын.
      • Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
      • Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
      • Алтай, Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық
      • Арасын қоныс қылдым ірге жайып,
      • Елім, жерім қорғайтын ерім болып,
      • Ер жеттім, ен далада лықа байып,
      • Ер түрік ұрпағымын даңқы кеткен,
      • Бір кезде Европаңды тітіреткен.
      • С.Торайғыров
      • Жүрегімде ұяласын жолбарыс,
      • Жолбарысша тал бойыңда бар намыс.
      • Әрбір қазақ, сенің туыс егізің
      • Түркі Тұран сенің асыл негізің.
      • Сен өйткені қазақсың бауырым!
      • Ер жүрек ел, езді көрсе жерінер
      • Бабаң батыр, анаң ақыл, тегің ер
      • Сен өйткені қазақсың ғой бауырым!
      • С.Адай
  • 5. «РАФТ» стартегиясы
  • Роль- жас ұрпақ
  • Аудитория- хандар
  • Форма –хат
  • Тақырып- елге деген махаббат
  • Қорытынды
  • Кім де кім өз ұлтын құрметтемесе және оны мақтан тұтпаса – ол адам, сөзсіз, арамза, қаңғыбас.
  • Б.Момышұлы
  • Мен - қазақпын. Өз халқымды мақтан тұтамын. Маған оның қым - қуыт тарихы, одан да гөрі бүгінгі күні қымбат.
  • Ж.Молдағалиев

Каталог: uploads -> doc -> 068b
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
068b -> Сабақ тақырыбы: Жол белгілерін не үшін білу керек?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет