Этнос (Халық) деп – өз тілі, қалыптасқан мәдениеті, өзіндік ұлттық мінез – құлқы бар және тұрақты бір аумақта өмір сүретін халықты, ұлтты атайды.
ІІ кезең «Мағынаны түсіну»
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі.
Наурыздың оны
Менің атам да, анам да – қазақ. Менің жаным, жүрегім – қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын.
Нұрсұлтан Назарбаев.
Тақырып жоспары.
1 Қазақ халқының қалыптасуы.
2 «Қазақ» атауының шығуы.
3 «Алаш» атауы, жүздердің пайда болуы.
Қазақ халқының құрамы.
Орталық, Солтүстік,Оңтүстік
Қазақстандағы қыпшақтар тайпаларының одағы.
Оңтүстік шығыс Қазақстандағы үйсін тайпалар одағы.
Қыпшақ, қаңлы, арғын, қоңырат, дулат, маңғыт, жалайыр, т. б.
«Хижраның 780-790 жылдар шамасында (яғни ХІҮ ғасырдың соңы) бір ханның тұтқын әйелінен « ала» бала туады. Хан бәйбішесінің айдап салуымен баладан құтылмақ болып, оны Сырдарияның арғы бетіне апарып тастайды.Кейіннен жігіттің батырлық ерліктерімен аты шығып, оның жеңістері туралы хабар ханға жетеді де, ол баласын үйге қайтармақ болады.Хан кеңесшілері Қотан би мен Майқы би оған жүз жігіт жіберуді ұсынады,бұл жүз жігітті басқаруға Қотанның үлкен ұлы Үйсінді қояды.Барар жеріне жетіп, хан баласымен достасқан соң, Үйсін жігіттерімен үйге қайтудан бас тартады. Келесі жылы тағы да жүз жігітпен Қотанның екінші баласы Болат, үшінші жылы кенже ұлы Алшын жіберіледі.Екеуі де қайта оралмайды.Үш жүз жігіт бірігіп алып, өздерінің көршілеріне шабуыл жасап, олардың малдарын айдап кетіп жүреді, ал олар жігіттерді «қазақ» деп атайды, бұл түрікше «еркін», «басы бос» дегенді білдіреді.Кейін жігіттер хан мен басшыларды сайлауға келіседі.Үйсінді жүз жігітімен Сырдарияның жоғарғы бойына, Болатты орта ағыс бойына, алшынды төменгі ағыс бойына қоныстандырады.Алашаны ақ киізге көтеріп хан сайлайды.Қазақтың үш жүздің баласы деп атануы осыдан деп айтылады.»