Қазақ филологиясы



Дата05.04.2023
өлшемі88,99 Kb.
#173786
Байланысты:
МОРФ СРСП-7

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Филология факультеті

“Қазақ филологиясы” кафедрасы

Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы және морфологиясы

ОСӨЖ 7-апта

Тақырыбы: Сын есімнің заттануы

Орындаған: Жақанқызы М., Шарипова Ж.

Тексерген:Алдашев Н.

Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін), дәмін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.

  • Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін), дәмін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.
  • Сын есім әдетте көптелмейді, тәуелденбейді, септелмейді. Егер сын есімге көптік, я тәуелдік, я септік жалғауы жалғанса, онда сын есім зат есімнің орнына жүреді. Осындай сын есімнің сөйлемде зат есімнің орнына жұмсалып, зат есімнің қызметін атқаруын сын есімнің заттануы дейді. Мысалы: Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат (мақал) деген сөйлемде жақсыдан, жаманнан деген сын есімдер шығыс септік жалғауында тұрып, зат есімнің орнына яғни адамнан дегеннін орнына (жақсы адамнан, жаман адамнан) заттанып қолданылған. 

Қай тілде болмасын, сөз топтары арасында бір-біріне ауысу, алмасу процестері болып отыратындығына ғалымдар ертеден көңіл бөлген. А.Байтұрсыновтың “Тіл-кұралында” “сын есімнің кейбіреулері зат есімнің орнына жүреді, мәселен, арзан еттің сорпасы татымас” дегеннің орнына “арзанның сорпасы татымас” деп айтылады. “Арзан еттің” деген екі сөздің орнына “арзан” деген жалғыз сөз жарап тұр. Сондықтан мұндай зат пен сын орнына бірдей жүретін сөздерді зат-сын,-деп атаған, әрі зат-сынның зат есім секілді түрленетіндігі айтылған.

Сын есімдер заттанған кезде табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде келіп, толыктауыш кызметін аткарады. Мысалы, Жақсыға сұқтан, жаманнан сақтан. Сын есім сөйлемде етістіктің алдында тұрып,қимыл, іс-әрекеттің сынын білдіріп, пысықтауыш болады. Мысалы, Дәрмен мен Мәкеннің колында тұрса, баска мінез өзінен шықпайтынын саналы әйел жақсы аңғарды (М.Әуезов). Мына қып-қысқа хаттан ана көңілінің алаңы анық сезіледі. Сын есім заттанғанда атау септікте тұрса, сөйлемде бастауыш болады. Мысалы, Жақсылар байқап сөйлер, білімсіздер шайқап сөйлер. Сын есім жіктік тұлғада тұрып, сөйлемнің баяндауышы да болады. Мысалы, Толық айдың сүтіне шомылған түнгі айнала тып-тыныш (Қ.Қазиев). Үйдің іші мұнтаздай тап-таза (С. Бақбергенов).

Сын есім өзінін сындық мағынасын сақтап, оның үстiне заттық мағынаға да ие болып қолданыла алады. Мысалы: күштімен алыспа, үлкенді сыйла. Мұндай сын есімдерді заттанған сын есімдер дейміз. Заттанған сын есімдер әдетте өзі қатысты заттың орнына жұмсалады. Мысалы: Үлкен адамды сыйла - Yлкенді сыйла.

Заттанған сын есім зат есім қосымшаларын қабылдайды. Зат есім сияқты түрленеді, сөйлемде зат есім қызметін атқарады. Заттанған сын есімдердің мүлдем зат есімге айналғандары да кездеседі. Мысалы: Шідерті, жарқын, Бұғылы, Ақжарқын. 

Пайдаланылған әдебиеттер: 1)Қазіргі қазақ тілі. А.Ысқақов 2)ulagat.com



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет