Қазақ халқындағы туыстық қарым-қатынас негізінен жеті атаға дейін созылып, одан әргі қатынас құдандалық байланысқа айналды



Дата15.02.2022
өлшемі28,85 Kb.
#131890
Байланысты:
жеті атаны білудің биологиялық маңызы
stud.kz-21489, osh bzhb himiya 8-kaz, КЕис, резюме

Қазақ халқындағы туыстық қарым-қатынас негізінен жеті атаға дейін созылып, одан әргі қатынас құдандалық байланысқа айналды. Бұлай дейтініміз қазақта экзогамиялық тосқауыл ру ішіндегі жеті атаға дейін берік сақталуы, ал сегізінші ұрпақтардың бірімен-бірі некелесуге хақы бар.Бірақ қазіргі кезде жеті атасын білмей, аталас , рулас туысқандардың отбасын құруы жиі кездеседі және бұндай некелерден ауру ұрпақтар дүниеге келеді. Медициналық жағынан оны зерттеу нәтижелері білімнің көптеген салаларында қолданылады.Медицинада Генетиканың маңызы өте жоғары.Тұқым қуалаудың заңдылықтары барлық тірі организмдерге, оның ішінде адамға да ортақ. Адамның көптеген белгілерінің тұқым қуалауы Мендель заңдарына сәйкес жүреді. Адамның тұқым қуалайтын ауруларының саны 4 мыңға жуық. Бұл аурулар адам жасушасындағы хромосомалар санының, құрамының, құрылысының өзгеруіне немесе гендердің өзгеруіне байланысты. Тұқым қуалайтын және туа пайда болатын аурулардың шығу себептерін анықтау, олардың алдын алу және болдырмау, емдеудің жолын қарастыру мәселелерімен медициналық генетика айналысады.Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары тұрғысынан алғанда туыс адамдардың (немере, шөбере және т.б.) некелесуі дұрыс емес. Себебі, ондай адамдардың генотиптерінде ұқсастық болады. Ал тұқым қуалайтын аурулар мен түрлі кемістіктерді көбінесе рецессивті гендер анықтайтындығы белгілі. Олар тек рецессивті гомозигота жағдайында ғана білінеді. Туыстық некеде ондай мүмкіншілік мол болады. Сондықтан олардан туатын ұрпақта кемістік көп кездеседі. Керісінше, туыс емес ерлі-зайыптыларда ондай жағдай өте сирек кездеседі және ұрпақтың тіршілік қабілеті жоғары болады. Себебі, олар көбінесе гетерозиготалы жағдайда болатындықтан, Мендель заңына сәйкес ауру мен кемістікті анықтайтын рецессивті генді доминантты ген жеңіп кетеді. Біздің арғы ата-бабаларымыздан келе жатқан қалыптасқан дәстүр бойынша жеті атадан кейін ғана некелесуге рұқсат беріледі. Бұл біздің гендік қорымыздың мол әрі мықты болуына әсер етеді. Сондықтан мұндай дәстүрді сақтап отыруымыз қажет.
Кейбір географиялық, әлеуметтік, экономикалық және т.б. себептерге байланысты тұрғын халықтың саны кеміп, оқшауланып қалады. Адамдардың ондай шағын популяциясында амалсыздан туыстық неке көбейеді. Соның салдарынан тұқым қуалайтын кемістіктер мен сәбилердің өлімі артады. Тіпті ондай халық жер бетінен жойылып кетуі де мүмкін.
Болашақ ұрпақты тұқым қуалайтын түрлі ауыр зардаптардан сақтандыру үшін адам генетикасы мен медициналық генетикада жүргізілген зерттеулер қолданылады. Дүниеге ауру ұрпақты келтірмеу үшін ата-ананың екеуінің де дендері сау болу керек. Кейде ерлі-зайыптылардың екеуінің де дендері сау болғанымен, олардың тегінде тұқым қуалайтын ауру болса ол келесі ұрпаққа беріледі.
Менің зерттеулерім бойынша өз мектебімнің 5-11 сыныптар арасынан сауалнама жүргіздім. Жалпы сыныпта 300 оқушы ,оның 58 ғана жеті атасын біледі екен.300 оқушының 4/1 бөлігіне де жетпейді, яғни 5% пайызы ғана біледі екен.Бұл болашақта қазақ халқының ұрпақтарының арасында туыс адамдардың ата тегін,жеті атасын білмей отбасын құруға алып келуі мүмкін.Яғни, ауру ұрпақтар дүниеге келеді деген сөз. Бұл біздің гендік қорымызға әсер етеді.


Туыстық некенің тиімсіздігі. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары тұрғысынан алғанда туыс адамдардың (немере, шөбере және т.б.) некелесуі дұрыс емес. Себебі, ондай адамдардың генотиптерінде ұқсастық болады. Ал тұқым қуалайтын аурулар мен түрлі кемістіктерді көбінесе рецессивті гендер анықтайтындығы белгілі. Олар тек рецессивті гомозигота жағдайында ғана білінеді. Туыстық некеде ондай мүмкіншілік мол болады. Сондықтан олардан туатын ұрпақта кемістік көп кездеседі. Керісінше, туыс емес ерлі-зайыптыларда ондай жағдай өте сирек кездеседі және ұрпақтың тіршілік қабілеті жоғары болады. Себебі, олар көбінесе гетерозиготалы жағдайда болатындықтан, Мендель заңына сәйкес ауру мен кемістікті анықтайтын рецессивті генді доминантты ген жеңіп кетеді. Біздің арғы ата-бабаларымыздан келе жатқан қалыптасқан дәстүр бойынша жеті атадан кейін ғана некелесуге рұқсат беріледі. Бұл біздің гендік қорымыздың мол әрі мықты болуына әсер етеді. Сондықтан мұндай дәстүрді сақтап отыруымыз қажет.
Болашақ ұрпақты тұқым қуалайтын түрлі ауыр зардаптардан сақтандыру үшін адам генетикасы мен медициналық генетикада жүргізілген зерттеулер қолданылады. Дүниеге ауру ұрпақты келтірмеу үшін ата-ананың екеуінің де дендері сау болу керек. Кейде ерлі-зайыптылардың екеуінің де дендері сау болғанымен, олардың тегінде тұқым қуалайтын ауру болса ол келесі ұрпаққа беріледі. Мысалы, жігіттің шешесі эпилепсия (қояншық) ауруымен ауырса, ал әкесі сау болса, ол жігіт эпилепсик болмайды. Себебі оның әкесінен алған доминантты гені эпилепсияны анықтайтын шешесінен алған рецессивті генді жеңіп шығады. Егер дәл осындай жағдайдағы қыз жоғарыда келтірілген жігітке тұрмысқа шықса, өздері ауру болмағанымен, олардан ауру балалар дүниеге келуі мүмкін. Себебі оларда эпилепсияның гені бар.
Жалпы ауру немесе кеміс ұрпақтың дүниеге келуі отбасы мен ата-ана үшін үлкен қайғы-қасірет. Сондықтан отбасын құратын, әсіресе, тегінде тұқым қуалайтын кемістіктер бар адамдар медициналық-генетикалық кеңес алғаны жөн. Мұндай кеңес беретін орталықтар қазір Қазақстанның көптеген қалаларында бар.
Жеті атаға толмайынша қыз алыспайтын текті қазақ үшін арсыздықтың бір түрі болып табылатын жақын туыстардың бір-бірімен үйленуі әлемнің көптеген елдерінде қалыпты жағдай саналады. Мұның өзі ұлттың генафондысына ұрпақтың денсаулығына өлшеусіз зиян келтіретіні ғылымда дәлелденген.
Міне, осыны ескерген тәжік билігі ұлт пен ұрпақ қамы үшін туыстық некеге тыйым салатын болды. Тұтас бір ұрпақты жарымжан етіп, тұтас бір ұлттың жойылуына апарып соқтыратын туыстық неке мәселесі бүгінгі таңда тәжік қоғамында қызу талқыланып жатыр. Аталмыш тыйымға наразылық білдіргендердің де, құптағандар да өз пікірлерін білдіріп жатыр. Тіпті, Тәжікстанда бұл мәселе жаңадан жасақталатын парламентте қарастырлуы да мүмкін екенін жоққа шығармаймыз.
Туыстық некеге тыйым салатын заң жобасы әлі жасалмаса да бұл мәселе ел билігінің басты назарында тұр. Үстіміздегі жылдың наурыз айының 17-і күні Хатлон облысының денсаулық сақтау басқармасы туыстық некеден туабітті кемтар боп туған балалар тізімін дайындағанын хабарлады. Сондай-ақ, аталмыш облыста туыстық некенің ұрпаққа қатерлі жағын түсіндіру жұмыстарының басталғанын мәлім етті. Статистикалық мәліметке қарағанда Хатлон облысында 18 жасқа дейінгі 9700 кемтар бала тіркелген екен, олардың 1546-сын туыстық некеден жарымжан болып туғандар құрайды. Тәжікстан президенті Емомали Рахмон өткен шақырылымдағы парламент алдында сөйлеген сөзінде мемлекет 13 мыңдай мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырғанын жеткізді. Олардың дені туыстық некеден дүниеге келгендер екеніне депутаттардың назарын аударды. Осылай дей келе ол денсаулық сақтау және әлеуметтік тұрғыдан қорғау министрлігіне алдағы уақытта осы мәселемен айналысуға тапсырма берді. Оның бұл сөзі 2013 жылдан бері қызу талқыланып келеді. Алайда, айтылған сөз айтылған жерде қалды. Бұл мәселеге қатысты заң жобасы дайындалмады. 
Біздің Қазақстан көпұлтты мемлекет.Өзге ұлттардың арасында туыстық неке болуы мүмкін, әсіресе түрік, тәжік, ұйғыр өкілдерінің ішінде.Біздің мемлекетте туыстық некеге заң жүзінде тыйым салынбаған.Статистика бойынша да ондай мәлімет жоқ.Бірақ халық арасында туыс адамдардың азаматтық некеде тұруы ықтимал.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет