Қазақ халқының Ресейге бодан бол­ғаннан бергі этнодемографиялық тарихи жолын негізінде үш дәуірге бөлуге болады. Біріншісі 18 ғасырдың 30-жылдарынан 1917 ж дейін



Дата31.01.2022
өлшемі14,46 Kb.
#116791
Байланысты:
Axay


Қазақ халқының Ресейге бодан бол­ғаннан бергі этнодемографиялық тарихи жолын негізінде үш дәуірге бөлуге болады. Біріншісі 18 ғасырдың 30-жылдарынан 1917 ж. дейін; бұл Қазақ­станның Ресейдің отары, қазақтардың этно­демографиялық дамуы отарлық-миграция­лық саяса­тының ықпалында болған дәуір. Сырттан келген көші-қонның, әсіресе Столыпиннің аграрлық саясаты өрістеген, сонымен бірге қазақтардың арасында табиғи өсім төмен, әртүрлі эпидемиялар, жұқпалы аурулар, жұттар көп болған кезең. Осының бәрінің нәтижесінде қазақтардың саны түрлі өзге­рістерге ұшырап, Қазан революциясына дейін өз елінде үлесі едәуір (90%) болға­ны­мен, 20 ғасырдың екінші онжылдығы соңын­да, аймақтардың тұрғындарының әлі де жартысынан көбі (58,7%) болған, яғни Оңтүстік, Батыс және Орталық аймақтарда қазақтардың басымдығы сақталған, Сол­түстік және Шығыс аймақтарда славян, басқа этнос өкілдері көпшілікке айнала бастаған кезең.

Екіншісі, 1917-1991 жылдар, яғни Кеңес заманы. Бұл қазақтардың талай ашаршы­лық­ты (1918, 1921 және 1931-1933 жылда­ры), қуғын-сүргінді, зорлық-зомбылықты көрген, ұлттық дәстүрлер мен тілге нұқсан келген, әліппенің үш рет өзгерген, сырттан көші-қонның ірі-ірі толқындары елдегі демографиялық ахуалды күрт өзгерткен және тағы басқа да келеңсіз жағдайлардың салдарынан қазақ ұлтының өзі ата қоны­сында азшылыққа айналған тұс. Бұл дәуірді екі үлкен кезеңге бөлуге болады: 1-кезең 1917-1959 жылдар - қазақтардың өз елінде 58,7%-дан,28,9%- ға түскен кезеңі; 2-кезең - 1959-1991 жылдар, қазақтардың біртіндеп үлесі өскенімен (40%), әлі де келімсектерден гөрі аз болған кезең.



Үшінші дәуір - 1991-2009 жылдар, қазақ­тардың өз елінде біртіндеп, көпші­лікке айналуы. Бұл дәуірді де екі кезеңге бөлуге болады: 1-кезең - 1991-1999 жылдар - қазақтардың үлесі республика халқының жартысынан асқан кезең (40%-дан 53,4%-ға жеткен кезең); 2-кезең - 1999-2009 жылдар - қазақтардың өз елінде басым көпшілікке айнала бастаған (53,4%-дан 63,7%-ға дейін өскен) кезеңі. Бұл кезең енді ғана басталды, әрі қарай жалғаса береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет