Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы



Дата07.02.2022
өлшемі262,52 Kb.
#84442
Байланысты:
Оңлабек Мәдина, МБ-13 эссе



Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы
Қазақ хандығы біртұтас, бір орталықтан басқарылатын мемлекеттік құрылым ретінде 1465 жылдан бастап 1847 жылы ең соңғы қазақ ханы Кенесары өмірден озғанға дейін төрт ғасыр бойы өмір сүріп, тарих сахнасында мәңгіге өз еншісін алды. Қазақ хандығының генезисін, яғни қалыптасу, даму кезеңдерін сараптағанда дамыған шаруашылық формаларының орныққанын, яғни көшпенді және жартылай көшпенді өмір салтын ұстанып, жер өңдеу ісінің, кәріздік суару жүйесінің, кен өндірісінің болғанына көз жеткіземіз.
Менің ойымша, тарихи дамудың заңдарына сәйкес кез келген тарихи объект өзінің ішкі заңдылығы және сыртқы факторлардың әсерімен қалыптасады, дамиды және күйрейді немеме басқа түрге ауысады. Оның себебін Қазақ хандығының 360 жылдай тарихы осы заңдылықты дәлелдей түседі. Қазақ халқының кейінгі орта ғасырлар мен жаңа заманның алғашқы кезеңіндегі тарихы Қазақ хандығымен тығыз байланысты. Оларды бір-бірінен бөлек, ажырата қарастыру мүмкін емес.
Қазақ хандығының құрылуы — Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі деп есептеліп, ол — этникалық дамуларды халықтық деңгейге жеткізді, қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуына ықпалын тигізді, «қазақ" атты нақты этнонимді, «Қазақстан» атты жаңа этносаяси терминді дүниеге алып келді, Қазақ хандығы дәуірі деп аталатын жаңа тарихи дәуірдің басталуына негіз салды деп санаймын.
Қазақ елінің соңғы ханы Кенесары опат болғаннан кейін ғана, Қазақ хандығы 1847 ж. жойылды деп есептеу керек. Қазақстанды Ресей 1865 ж. толық жаулап алды. 1868 жылдан отарлау басталып, ол 1991 жылға дейін созылды.
Қазақстан Жоғарғы Кеңесі 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанды тəуелсіз Республика деп жариялады. 200 жылдай патшалы Ресейдің отары, 70 жылдан астам Кеңес өкіметінің бұғауында болған Қазақстан егеменді ел болды. Бұл күн — Қазақстан тарихына алтын əріптермен жазылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет