Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап негізгі кезеңдері туралы оның этногенезі, рулық қоғамның шығуы, алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының алғы шарттары, дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.
1.Адамзаттың даму эволюциясы және адамзаттың алғашқы кезенің зерттеудегі дерек көздері
Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихы адамның шығуын, оның шаруашылық және қоғамдық қызметінің тууы мен бастапқы дамуын, оның материалдық және рухани мәдениетінің пайда болуы мен алғашқы қадамдарын зерттейді. Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихының аса маңызды міндеті алғашқы тұрмыстық қауым құрылысының негізгі ерекшеліктерін анықтап табу, оның қалыптасуының, дамуы мен ыдырауының жалпы заңдылықтарын ашып көрсету, оның таптық қоғамға айналу жағдайлары мен формаларын зерттеу болып табылады. Тапқа дейінгі қоғам тарихын зерттеу адамзат дамуындағы бастапқы кезеңнің жалпы заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Бүкіл дүние жүзілік тарихтың ең ежелгі заманының тарихын зерттеудің зор теориялық маңызымен қатар, практикалық да мәні бар.
Бүкіл дүние жүзілік тарихтың ең ежелгі заманының тарихын зерттеудің зор теориялық маңызымен қатар, практикалық да мәні бар. Алғашқы тұрмыс қоғамы тарихының дерек-төркіндері мейлінше сан алуан. Адамзаттың өткен шағы туралы көрсететіндердің, адам жасағандарының, оның ықпал еткендерінің, адам іс-әрекеттеріне ықпал етіп әсерін тигізгендердің бәрі - тарихи ғылым үшін дерек- төркін жиынтығы болып табылады.
Дерек түрлері:1)Археология деректері Көне замандардан сақталған заттық дерек-төркіндердің немесе оларды басқаша атап жүргендей археологиялық ескерткіштердің зор маңызы бар. Заттық дерек-төркіндер, яғни еңбек құралдары, көне құрылыстардың қалдықтары, сәндік бұйымдар, ыдыс-аяқтар, тағы сондайлар-бұл оны жасаған қоғамның материалдық мәдениетінің қалдықтары.XIX ғасырдың аяғына қарай археологиялық ғылымда алғашқы тұрмыс тарихын зерттеу үшін өте үлкен маңызы бар археологиялық мәдениет туралы ұғым қалыптасты. Археологиялық мәдениет деп бір заманаға қатысты, жергілікті ерекшеліктерімен көзге түсетін және белгілі бір шектеулі территорияда жинақталған археологиялық ескерткіштердің ортақтығын айтады. Археологиялық мәдениет көбіне ежелгі тайпалар мен халықтардың оқшауланып тіршілік етуін керсетеді. Археологиялық мәдениет туралы ұғым мен оның пайда болып, таралуын және құрып кетуін зерттеу жазба дерек-төркіндер пайда болудың алдындағы кезеңдердегі тайпалар мен халықтардың тарихын реконструкциялауға мумкіндік береді.