Қазақ поэзиясының тұлпары (ақын М. Мақатаевқа 85 жыл толуына байланысты библиографиялық шолу)



бет1/2
Дата24.11.2016
өлшемі443,6 Kb.
#2488
  1   2
Қазақ поэзиясының тұлпары

(ақын М. Мақатаевқа 85 жыл толуына байланысты

библиографиялық шолу)



М.Мақатаев - адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімінің жыршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған.



Әбіш Кекілбаев

Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының бұрынғы Нарынқол ауданындағы Қарасаз топырағында дүниеге келген. 1948 жылы онжылдық мектепті бітіргеннен кейін өзінің туған ауылында әр-түрлі қызмет атқарады. Ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отау меңгерушісі, жергілікті комсомол қызметкері, жеті жылдық мектепте мұғалім болады. Бұл-орта білімді жаңа ғана алған жас жігіттің өмірдегі орнын бағдарлау, кәсіби тіршілік жолын айқындау кезеңі секілді еді. Кейіндеу аудандық газетте әдеби қызметкер болып істеді. Мектептің жоғары кластарында жүріп өлең жазып, бірді-екілі туындыларын аудандық баспасөз беттерінде жариялатып байқаған Мұқағали осы кезден бастап қаламгерлік өнерге ден қояды.

1962 жылы болашақ ақын Алматы қаласына көшіп келіп, әдеби ортаға етене қатысты. Қазақ радиосында дикторлық қызмет атқарғанда да, республикалық баспасөзде жұмыс істеген жылдарында да әдеби шығармашылық өмір тынысынан бір сәтте ажырамай, туа біткен ақындық қабілетін шыңдады. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімдерінде қызмет атқарды. Қазақстан Жазушылар одағының поэзия секциясында әдеби кеңесші болды. Аз уақыт Мәскеу қаласындағы М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институтының жанындағы қысқа мерзімді курста оқыды. КСРО Жазушылар одағындағы қазақ әдебиеті бойынша кеңесші міндетін де атқарды

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет