АӘК меңгерушісі : «Көшбасшы мұғалім» желілік Ө. Керімбеков қоғамдастық төрағасы



Дата04.07.2018
өлшемі44,5 Kb.
#46686
Оңтүстік Қазақстан облысы Білім және ғылым министрлігі
Бекітемін : Келісемін:

АӘК меңгерушісі : «Көшбасшы мұғалім» желілік

Ө. Керімбеков қоғамдастық төрағасы

Н. Баратов


Семинар тақырыбы: Білім беру жүйесіне сындарлы оқыту теориясын енгізу.


АШЫҚ САБАҚ

Математика

Тақырыбы: Ондықтарды қосу және азайту

Орындаған: Исабаева Маншук .

Сыныбы: 1-сынып


Сарыағаш қаласы 2014 жыл

Математика
Сабақтың тақырыбы: Ондықтарды қосу және азайту

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың қосу және азайту

кестесі туралы түсінігін қалыптастыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың зейінін, зерде

үрдісін дамыту, қиялын ұштап, қабілеттерін

шыңдау,шығармашылыққа жетелеу.ойлау,

көру,сезіну, қабылдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыны ізденуге, салыстырулар

жүргізе білуге, бірлесе жұмыс істеуге,

ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, суреттер.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды геометриялық фигураларды пайдалана отырып топқа бөлу.


  1. Психологиялық дайындық.

Сынып қалай таза ма?

Сүртілді ме тақтамыз?

Денің сау болсын десеңіз -

Тазалықты сақтаңыз,



Құрал -жабдық дайын ба?

Тұрсын бәрі жайында.

Ұстаз айтқан әр сөздің,

Қажеттігін пайымда.



Білу

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1 Қосылғыштары бірдей болатын 6 қосынды жаз.

2 Мәні 0-ге тең болатын 6 айырма жаз

3 Бірінші қосылғыштары бірдей 6 қосынды жаз

Түсіну

  1. Ой-ашар. Жаңа сабақ. Бірлескен жұмыс

Суретке қарап, есеп құрастыр және шығар

Интерактивті тақтадан суретке қарап, есеп құрастырады

Талдау Топтық жұмыс

Әр түрлі теңгелерді пайдалана отырып, 3 жолмен төмендегі теңгені құра

1 –топ 100 теңге

2- топ 90 теңге

3- топ 70 теңге

Қолдану

Кестені толтыру
Сергіту сәті .

Ұзын мұртты құмырсқа

Келе жатты жұмысқа .

Алды допты қолына ,

Қойды допты орнына.

Оң жаққа бір қарады,

Сол жаққа бір қарады ,

Үлкен тау деп ойлады .

Жинақтау

Шығармашылық жұмыс

Спорт алаңына Айжан ,Маржан, Әсем келді .Олардың қолдарында 3 түрлі: қызыл, жасыл,көк доптары бар.Айжанның добы көк түсті емес,ал Маржанның добы қызыл түсті емес. Әсемнің добы қызыл да, көк те емес . Әр қыздың добының түсі қандай ?

Үйге тапсырма:

4-мысал 195-бет

6 Сергіту сәті . Монтессоридің қол және тіл жаттығулары .

Қолымдағы он шақты,

Шашып алдып моншақты.

Теріп-теріп аламыз,

Қорабына саламыз .

Қаз қанатын жазады ,

Ұзын мойнын созады .

Жақын келген баланы ,

Шұқып –шұқып алады.
Бағалау. Өзін-өзі бағалау,

топты бағалау

Рефлексия

«Кір жайғыш» әдісі бойынша

Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?



Ия Жоқ




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет