Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы: Мейрамкул Тастанкызы Рахымова Тақырыбы: Қазақ тілі-қазақ халқының ұлттық тілі. Елбасының «Тәуелсіздік толғауы»



Дата23.08.2017
өлшемі80,97 Kb.
#25605
Оқу орны: Астана қ. «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы: Мейрамкул Тастанкызы Рахымова

Тақырыбы: Қазақ тілі-қазақ халқының ұлттық тілі. Елбасының «Тәуелсіздік толғауы».



Сабақтың мақсаты : Қазақ тілі-қазақ халқының ұлттық тілі туралы жан-жақты  түсінік қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы » еңбегінің тақырыбы мен идеясын түсіндіру. Сөз иесі – Елбасының тұлғалық бейнесін тану. Елбасының сөзінен туындайтын міндеттерді саралау, ол міндеттердің шешілу жолдарын өздігінен ұсыну.

Білімділік мақсаты: Студенттерге «Толғауда» көтерілген мәселелерді сараптап талдай алуына қол жеткізу және Елбасының әр сөзіндегі мағынаны ұғып, ой қорытындысын жасауға мүмкіндік туғызу.

Дамытушылығы: Жеке тұлғаның зияткерлік дамуын өз бетінше іздену, шығармашылық ізденісін дамыту.

Тәрбиелік: Студенттерге Елбасының  халыққа сіңірген еңбегін, ерлігін жүргізген саясаттын  үлгі ету, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО жобасының элементтері, Н.Оразақынованың сатылай кешенді талдау әдісінің элементтері. «Тәуелсіздік толғауында» қамтылған нысандардың жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін жалпылау ойлау әдісі; жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін жинақтау әдісі, ойқорыту әдісі т.б.

Пәнаралық байланыс: қазақстан тарихы, әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі : Н.Ә. Назарбаевтың ғылыми еңбектерінің кітап көрмесі, «Тәуелсіздік толғауы» кітабы, интерактивті тақта, бейнежазба, слайдтар, кітап көрмесі.

Сабақтың барысы: (10 мин)

І. Ұйымдастыру кезеңі

Студенттердің назарын сабаққа аудару

Үй тапсырмасы



Мұғалімнің сөзі: Бүгінгі сабағымызда "Қазақ тілі-қазақ халқының ұлттық тілі" тақырыбында көрнекті ғалым Ахмет Байтұрсынұлы араб қарпінен өңдеген төте жазуын, аса сақтықпен ұлтының болмысын жоғалтпайтын, дыбыстық ерекшеліктерін бере алатын, әрі исламды діл мен дінін зерделеген, қасиетті Құран кітабының таңбаланған әрібімен ыңғайлап қазақтың төл жазуын жасағандығын айтып өттік. М.Әуезовтің айтуынша, әліпби - тек сауат ашу ғана емес, ғылым-білім үйренудің баспалдағы-деген болатын. Олай болса, үйге берілген қазақ тілінің төте жазуы, қазақ халқының ұлттық тілі туралы зерттеуге берілген тапсырмалар бойынша сабақ айтамыз.

Бейнежазба тіл туралы



(Үй тапсырмаларын сұрау, студенттердің жауаптары тыңдау)

Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр.

Бейнежазба Тәуелсіздік туралы

Жаңа сабақ

Енді келесі ауқымды тақырып Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін қарастырамыз.

2014 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тәуелсіздік толғауын» жариялады. Тәуелсіздік - қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі. Тәуелсіздік дегеніміз - бұл жалпыға ортақ еңбек. Ғылым қуып, білім іздеген оқушылар мен студенттердің еңбегі. Әрбір жас буынның жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын қазақстандықтардың еңбегі,- деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы.

(«Тәуелсіздік толғауы» бейнеролигін көрсету)

Бүгінгі сабағымызда Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» еңбегінің тақырыбы мен идеясын талдаймыз – 25 мин.

1 топ. Тәуелсіздігімізге - 25 жыл. Тәуелсіздіктің 25 жылындағы қол жеткізілген Қазақстанның тамаша табыстары.

а) “Тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ ” дегенді қалай түсінеміз.

Б) Елбасының еліне жасаған еңбегін  суреттеп беріңдер.

2 топ. 30 жыл өткеннен кейінгі Қазақстан.

а) Болашақ Қазақстанды қалай елестетеміз?

б) “Егемендіктің ертеңі зор” түсінігіне сипаттама беріңдер.

(Қиял-эссе оқылады).
Студенттермен өздік жұмыс 15 мин.

1 топ. "Тәуелсіздік " сөзінің бас әріптерінен сөздер ойлап жазу.

Мысалы:


т-тәуелсіздікті

ә-әлеумет

у-уақыт

е-еншісіне

л-лайықтап

с-сағына

і-іздеген

з-зор

д-дәулеттің

і-ізіндей

к-көреді.

2. топ. "Қазақстан Республикасы"-сөзіне фонологиялық талдау.

Сабақты қорыту мақсатында тірек сызбасы: "Тәуелсіздік"- сөзін плакат арқылы қорғап шығу 25 мин.





Қорытынды.   Тәуелсіздік толғауы ретінде алынған осы еңбектің идеясы айқын, тұтас мәтінді құрайтын тірек сөздерінің өзі тәуелсіз елге тірек боларлық ұғымдардан құралған. Бұл- барша қазақтың өткені мен бүгінінің көңіліндегі арманы. Елбасы атап көрсеткендей, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізу еліміздің әлеуетін әлемге паш ету -деп ойлаймын.

Бағалау : Сабаққа жақсы қатысып, берілген толық жауаптарын ескере отырып, білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма : «Мен Тәуелсіз елдің ұланымын» ойтолғау жазу.
Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Оразақынова Н., Әміреев Н. «Қазақ тілі» 10-сынып оқулығы

  2. Уәли Н., Қыдырбаев Ө. «Қазақ тілі: Сөз мәдениеті» 10 сынып оқулығы

  3. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: «Атамұра»,2006. – 256

  4. Түрлі баспасөздер, ғаламтор ақпараттары

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет