Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында қолданылатын оқу мен оқытудың интербелсенді



Дата08.06.2018
өлшемі22,81 Kb.
#41861
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында қолданылатын оқу мен оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдері

Біздің елімізде қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Соған орай оқу орыс тілінде жүргізілетін сыныптарында егемендік еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие.

Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабағының білімдік дәрежесі бүтіндей басқа. Өйткені орыс топтарындағы қазақ тілін оқытудың әдісі де, оған қойылатын талаптары да өзгеше. Мақсаты - оқушыларды қазақша сөйлей білуге үйрету болады да, сол сөздерден сөйлем құрау үшін грамматикалық ережелер, анықтамалар сөз үйретудің техникасы ретінде қарастырылады.

Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты.

Оқу-тәрбие негізі - сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі,мақсатты, айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол - сонымен бірге басқа ұлт балаларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән.

Мұғалім сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша дегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.

Сабақты жоспарлағанда оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту шарттарын ескеруіміз керек.

1. Оқыту, яғни білім беру мақсаты. Ғылыми-теориялық жағынан не айтуға тиіспіз. Ол қандай мөлшерде,қалай қабылдату керек.

2. Үйрету. Осы білгенін оқушы сабақта қолдана ала ма. Ережеге байланысты тапсырманы оқушы қиналмай орындауы керек.

3. Тәрбиелеу. Ендігі бір жауапты кезең - тәрбиелеу, екінші әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларды көптеген қасиеттерге, имандылыққа, шеберлікке, еңбекке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

4. Дамыту. Оқушылардың логикалық ойлауын қамтамасыз ету. Ой-өрісін шыңдай отырып,өмірге көзқарасын қалыптастыру. Бойындағы өнерін танып, бағыт-бағдар беру. Ғылымға қызықтыру. Оқушыға беретін тапсырмаларда дәлелдейтін, түсіндіретін, пікірмен келісетін, келіспейтін, ұсыныс енгізетін, сын көзбен қарайтын, бір сөзбен айтқанда, баланы жан-жақты ойландыратын жұмыстар болуы керек.

Оқушылардың сапалы білім алуына, қазақ тілінен алынатын міндетті білім дағдыларын меңгеруіне оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдері көмектеседі.

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында қолданылатын интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді.

Интербелсенді оқыту - бұл ұжымдық, өзін - өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу үрдісіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үрдісі.

Өз тәжірибемде мен осы әдіс-тәсілдерді басшылыққа аламын. Оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін таңдау себебім:


  • оқушыларға материалды меңгерудің кешендік білімін ұсыну;

  • жастардың оқу үрдісіндегі қиыншылықтарды жеңулеріне көмектесіп, шығармашылық тұлға санатына қосылуларына ықпал жасау;

  • оқушылардың ой - өрісінің кеңейіп, жан - жақты дамуына жәрдемдесу;

  • оқушыларды көлемді туындылармен, сан алуан ақпараттармен жұмыс жасай алуға үйрету.

Интербелденді оқыту белсенді таным әдістері үйренушілерді өз біліміне жауапкершілікпен қарауға баулиды. Өйткені интербелсенді оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сұхбаттасып оқыту барасында оқушылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, дұрыс шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, рөлдік ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады. Интербелсендік оқытудың мәнісі - сыныптағы барлық оқушы таным үрдісімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады.

Интербелсенді оқыту әдістерін пайдалану кезінде тиянақты білім, қиялдау мен шығармашылық, тез тіл табысу, белсенді өмірлік көзқарас, командалық рух, жеке, дербестік құндылық, өз пікірін білдіру, еркіндік, іс - әрекетке ерекше назар аудару, өзара сыйластық дағдылары дамиды.

Әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениетті жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті.

Қазақ тілі сабағында қолданылатын

интербелсенді әдіс-тәсілдер



Орындау барысы: өтіп жатқан тақырып бойынша оқушылар берілген сөздер мен сөз тіркестерінен әңгіме құрайды. Оқушылар белсенділік танытып, стратегияны аз уақыттың ішінде (5-8 минут) орындау керек.
«Әліпби-әңгіме»

Орындау барысы: оқушыларға қазақ тілінің әліпбиі ұсынылады. Оқушылар белгілі әріптен басталатын сөздерден әңгіме құрайды.

Әліпбидегі белгілі әріптен тұратын сөздерден әңгіме құрастырып болған соң, топ атынан сыныпқа әңгіме ұсынады.


«Автор орындығы»

Орындау барысы: оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады.

Бұл әдіс үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.

«3 таяқша»

Орындау барысы: берілген тақырыпқа байланысты:

1 сұрақ

1 жауап

1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.

Мысалы: “Мектептегі кезекшілік туралы

1 сұрақ.Мектептегі кезекшілердің міндеттері қандай?

1 жауап.Оқушылардың тәртібін қадағалау, санитарлық талабын сақтау.

1 идея. Кезекшілік соңында мектепте оқушыларға арналған қорытындылау жиыны өткізілсін.
«Кофе таяқшылары»

Орындау барысы: әр оқушы өткен тақырып бойынша кофе таяқшыларына жазылған кофе ішетін стақанынан бір сұрақты таңдап алады. 7 секунд ойланып, таңдап алған сұраққа толық жауап береді

«Даналық ағашы»

Орындау барысы: оқушылар ереже, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, ағашқа іледі. Мұғалім оқып, жауап алады.
Қазақ әдебиеті сабағында қолданылатын

интербелсенді әдіс-тәсілдер









«Шеңбердегі әңгіме»

Орындау барысы:орындықтарды оқушылар бір-біріне қарап отыратындай қылып ортаға (ішкі және сыртқы) шеңберге отырады.

Бір-біріне қарап отырған жұптар өтілген тақырып бойынша 1 минут пікір таласады. Әрбір оқушы 60 секунд сөйлейді.

Уақыттың біткенін мұғалім қызыл карточка көрсету арқылы белгі беріп отырады. Үш минут біткеннен кейін сыртқы топ орнынан тұрып жылжиды. Мұғалім қызыл карточканы көрсеткеннен кейін тоқтайды, басқа оқушыға қарсы отырады.

Өз ойын айтпас бұрын, өзінен бұрынғы оқушының ойын қорытындылайды.

Біткеннен кейін, сыртқы топ тағы да орнынан жылжиды.

Жаңа сұхбат басталғаннан кейін алдындағы екі кісінің ойын қорытындылап айтады.



«Кейіпкермен кездесу»

Орындау барысы: өтіп жатқан шығарманың кейіпкерімен кездесе аласыңдар деп елестетіңдер. Сендердің тек қана екі сұрақ қоюға мүмкіндіктерің бар (өздерің, ол туралы). Сендер қандай сұрақ қояр едіңдер? Ол қалай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?

Бұл әдіс әдебиет сабағында жеке тәжірибені өзектендіру үшін қолданылады.

Оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту үдерісінде мұғалімнің оларға қолдау көрсетуге көмектесе алатын тəсілдер:



  • сөздіктерді пайдалану;

  • сөздік парақтары;

  • оқушыларды топтастыру;

  • мұғалімнің қолдауы/басшылығы;

  • тапсырмаларды жобалау;

  • тапсырманы таңдау;

  • сауалнама.

  • Әдебиеттер тізімі

1. Халперн Дайана. Сыни тұрғыдан ойлаудың психологиясы. - Санкт-Петербург, 2002.

2. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. – Алма-Ата, 1985.

3. Жаңа жоба –жаңашылдық бастауы - Алматы 2012 жыл

4. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы, 1965.

5. Исабаев У. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. -Алматы, 1999.

6. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. -Алматы, 1995.

4. Жиенбаев С. Қазақ тілі методикасы. -Алматы,1958.



7. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Астана, 2012 ж.

8. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
Каталог: uploads -> doc -> 0873
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0873 -> Сабақ жоспарлары / 5 орыс сыныбы үшін қазақ тілі / Мәдениет 2015
0873 -> Ант бұзған оңбайды, Салт бұзған сорлайды
0873 -> Сабақтың тақырыбы: Кәрім Сауғабаев. "Нан туралы өлең"


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет