Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен олимпиадаға қатысушылардың жұмыстарын бағалау критерийлері мен дескрипторлары
бет 1/2 Дата 08.02.2022 өлшемі 29,02 Kb. #120091
Байланысты:
Олимпиада тапсырма-1-2
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен олимпиадаға қатысушылардың жұмыстарын бағалау критерийлері мен дескрипторлары:
І тур. Шығарма.
Шығарманың идеялылығы мен мазмұндылығы- оқушының тақырыпты қалай ашқандығы, қамтылған мәселенің дұрыс – бұрыстығы , дәлелділігі, негізгі ойды жеткізе алуы ;
Ой – пікір жүйелілігі - шығарманың жоспарға сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы , әдеби материалды мақсатты пайдалана білуі;
Стиль- тақырыпты ашуға байланысты оқушының ойын қалай жеткізгендігі , сөйлемдерінің оралымдылығы, сөз қолданысы , сөйлемді дұрыс құруы;
Грамматикалық сауаттылық – емле;
Тыныс белгісіне байланысты сауаттылығы бағаланады.
Әр бөлімге ең жоғары ұпай саны – 10.
Достарыңызбен бөлісу: