№14 практикалық сабақтың тақырыбы: Сынның идеялығы. Сабақтың мақсаты: Сын әлемін сарапқа салатын сыншылардың идеялылығы жайында ой өрбіте отырып, оның сыншыға берер пайдасын айқындау.
Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар: 1. Сынның идеялылығы 2. Идеялылықтың сыншыға берер пайдасы.
Әдістемелік нұсқау: Ғылыми зерттеу еңбектерден дәйекті мысалдар теріп, жинақтау, қорғауға жүйелеу.
Өткізу формасы:семинар сабақ
Бағалау критерийлері: 1. Ауызша баяндау дағдысы – 40 балл.
2. Топтық жұмыс арқылы зерттеу үдерісінің ерекшеліктері туралы тұжырымдарға сипаттама беру барысындағы ұйымшылдығы мен белсенділігі – 30 балл.
3. Тақырыпты дәлелді деректермен толық аша білуі – 30 балл.
Әдебиеттер: 7, 10, 11