Қазақ тілі сабағында оқушыларғА Ғылыми жоба жаздыру барысында жиі кездесетін қателіктер



бет1/5
Дата20.12.2021
өлшемі62,27 Kb.
#103806
түріУрок
  1   2   3   4   5
Байланысты:
жоба жазудағы қателер


ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖАЗДЫРУ 
БАРЫСЫНДА ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР
Аннотация
Мақалада  қазақ  тілі  сабағында  оқушыларға  ғылыми  бағыттағы  жұмыстар  жаздыру  бары-
сында жиі кездесетін қателіктер сараланып, оларды болдырмаудың əдістемесі ұсынылады.
Түйін сөздер: қазақ тілі сабағы, ғылыми жоба, қателіктер, тақырып.
В статье рассматриваются ошибки, часто встречающиеся при написании научных проектов 
на уроках казахского языка, предлагается методика их устранения.
Ключевые слова: урок казахского языка, научный проект, ошибки, тема.
Annotation
The article deals with the mistakes which are often meeting at writing of scientifi c projects at 
lessons of the Kazakh language, the technique of their elimination is offered.
Keywords: lesson of the Kazakh language, scientifi c project, mistakes, theme.
Е
лдегі  түбірлі  жаңарулар,  реформалар,  білім  беру  ісіне  де  ерекше  ықпалын тигізіп  отыр.  Білім  беру  парадигмасының өзгеруімен  бірге  жеке  тұлғаны  жан-жақты дамыту,  қабілет,  дарын  көздерін  ашу,  өзін-өзі тану проблемалары алдыға шықты. Жаңа əлемдегі Жаңа Қазақстан ең алдымен білімі, 
ғылымы,  рухани  байлығымен  дараланады. «Ғылым – ғаламды  танудың  кілті  бол-
са,  сол  ғылымның  негізі  білімде  жатыр.  Ал 
білімнің  негізі  орта  мектепте  қаланады» [1, 
7б.].  Соңғы  кездерде  оқушыларды  ғылыми 
жұмысқа  баулу  мəселесіне  ерекше  көңіл 
бөлінуде. Оқушыларды ғылым əлеміне қалай 
əкелу керек, қалай жетелеу керек, оның тиімді 
жолдары қандай деген өзекжарды мəселелер 
ғалымдарды да, ұстаздарды да ойлы, жүйелі 
жұмыстарға  жетелейді.  Мектеп  мұғалімінің 
бұл  үдерістегі  басты  мақсаты  оқушыларды 
дербес  ойлауға,  өз  беттерімен  еңбектенуге, 
өз беттерімен ізденуге, бір нəрсені өздерінше 
шеше  білуге  баулу  болып  табылады.  Оқу-
шылардың  таным,  ойлау  белсенділіктерін 
дамытып, зерттеу, іздену жұмыстарына ынта-
сын арттырады. 
Қазақ  тілі  пəнін  оқыту  үдерісінде  оқу-
шылардың  ғылыми-зерттеушілік  қабілетін 
да мыту  −  маңызды  да  күрделі  мəселе.  Бала-
лардың  ғылыми  ізденіске  деген  ынтасын, 
белсенділігін, қажеттіліктерін оятудың тиімді 
жолдары  қандай  деген  сұрақтар  бүгінде  аса 
өзекті болып, күн тəртібінде тұр. Ұлы Абай өз 
қара сөзінде: «Қашан бала ғылым-білімді ма-
хаббатпен  көксерлік  болса,  сонда  ғана  оның 
аты Адам болады», − дейді [2]. Оқушылардың 
«танысам», «білсем»  деген  осы  бір  балалық 
талпыныстарының өзі ғылымға деген алғаш-
қы ұмтылыстары. 
Оқушылардың  таным,  ойлау  белсен ділік -
терін  арттыру  педагогика  тарихындағы  ең 
бір  өміршең  сұрақтар  болып  келеді.  Оқу-
шыларды  ғылыми  жұмыстарға  баулу,  ізден-
діру,  зерттеу  жұмыстарына  төселдіру – осы 
өзекті  проблемаларды  шешудің  бір  жолы. 

185
Білім берудің қазіргі əдістемелері мен технологиялары – Современные методики и технологии обучения


Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына ба-
улу – тек  дарын  көзін  ашып,  жеке  тұлғаның 
қасиеттерін  дамытып  қана  қоймайды,  ең  ба-
стысы  егемен  Қазақстанның  өркениетті  ел-
дер  қатарына  көтерілуінің  де  кепілі  болады. 
Адамның белгілі бір ұлттың, халықтың өкілі 
дəрежесіне  жетуінде  білім,  ғылым  шешуші 
күш атқарады. 
Cоңғы  кездері  оқушылардың  ғылыммен 
айналысуына,  соның  бір  түрі  ғылыми  жоба 
қорғауына  ерекше  көңіл  бөлінуде.  Ғылыми 
жоба  Республикалық  ғылыми-практикалық 
«Дарын»  орталығы  бекіткен  арнайы  ереже, 
нұсқауды басшылыққа ала отырып жазылады, 
жарыстарға  ұсынылатын  ғылыми  жоба  мен 
оларды  рəсімдеуге  қойылатын  талаптарды 
басшылыққа ала отырып дайындалады [3, 4]. 
Қалай  жазу  керек,  неден  бастау  керек  деген 
басты  сұрақтарға  жауап  беретін  əдістемелік 
нұсқаулар, зерттеу еңбектер де бар [5, 6]. 
Ғылыми  жоба  жазғызу,  оқушылардың 
зерт теген,  ізденген  тақырыптарын  ғылыми 
жобаға дейін жетелеу − күрделі үдеріс. Барлық 
ізденістер, зерттеулер ғылыми жоба деңгейіне 
жете  алмайды,  ол  міндет  те  емес.  Əдетте 
тəжірибеде  ғылыми  жоба  жазуда  көптеген 
қателіктер кетіп жатады. Қазақ тілі сабағында 
оқушыларға ғылыми жоба жаздыру барысын-
да жиі кездесетін қателіктерді екшелеп алып, 
оларды болдырмаудың əдістемесін ұсынамыз.
1. Ғылыми жобаның тақырыбын таңдауда 
жіберілетін қателіктер:
- бүгінгі күнде өзекті, проблемалық деген 
тақырыпты таңдап ала алмау;
-  ауқымы  жағынан  өте  кең,  жалпылама 
тақырып алу;
-  тақырыпты  оқушының  психо-физиоло-
гиялық жас ерекшелігіне сай таңдамау;
-  нақты  тіл  неме  əдебиеттен  ауытқып,  та-
рих,  мəдениет,  əлеуметтану  салаларына  бай-
ланысты тақырыппен баланы шатастыру;
- теориялық жағынан аз зерттелген, ғылым-
да əлі шешіле қоймаған, даулы мəселелері көп, 
кітапханадан  табу  мүмкін діктері  шектеулі 
тақырыптарды беру;
- жарты немесе бір жыл ғана жұмыс істеп, 
аяқталмаған жобаны қорғауға ұсыну.
Аталған  қателіктер  жоба  жазушының  да, 
ғылыми жетекші мұғалімнің де өз уақыттарын 
босқа  өткізуіне,  ешқандай  нəтижеге  қол 
жеткізе алмауға əкеліп соқтырады. 
Аталған  қателікті  шешу  жолдарына 
тоқталайық:
Өзекті,  проблемалық  тақырыптарды  таң-
дау  мəселесін  ғылыми  кеңесшімен  (ЖОО 
про фессорлық-оқытушылық 
құрамынан 
сай  лан ған)  бірге  шешкен  жөн.  Немесе  өз 
ма ман дығыңызға  байланысты  соңғы  жыл-
дар дағы  ғылыми  басылымдар  мен  конфе-
ренция  жинақтарын  қадағалап  оқып,  тың 
жаңалықтардан  ізденіп  жүрген  болсаңыз, 
өзіңіз де тақырыпты таңдап бере аласыз. 
Ауқымы жағынан өте кең, жалпы берілген 
тақырып оқушыны шаршатады, артық жұмыс 
атқарып, нəтижесінде еш нəрсеге қол жеткізе 
алмауға алып келеді. Тақырып нақты болған 
сайын, оны жүйелі талдауға мүмкіндік көбейе 
түседі.  Тақырып  неғұрлым  нақты  болса, 
соғұрлым жеңіл жазылады.
-  Тəжірибеде  оқушының  жас  ерекшелік 
деңгейіне  сəйкес  емес  тақырыптар  да  жиі 
кездесіп  жатады.  Мектеп  бағдарламасы  бой-
ынша 11 сыныптарда ғана оқылу керек мате-
риалдарды 5-6 сынып  оқушысының  меңгере 
алмайтыны  өз-өзінен  түсінікті  емес  пе? 
Сондықтан, балаға таныс, оның қабылдауына 
жеңіл материалдар берілуін ескеру керек.
- Көп жағдайда балаға берілген жалпылама 
тақырыптар  нақты  тіл,  əдебиеттен  ауытқып, 
тарих, мəдениет, əлеуметтану салаларына бай-
ланысты материалдар орын алған жұмыстың 
жазылуына  алып  келеді.  Басқаша  айтқанда, 
тақырыпты өздері де нақты түсінбеген оқушы 
мен  мұғалім  баспасөз  беттерінен  кездескен 
кез  келген  материалды  көшіріп  əкеле  сала-
ды  да,  ол  жұмыстың  ауылы  тіл,  əдебиеттен 
мүлдем аулақта болып жатады.
-  Теориялық  жағынан  аз  зерттелген,  ғы-
лымда əлі шешіле қоймаған, даулы мəселелері 
көп тақырыптар бойынша кітап  ханадан мате-
риал  да  табылмайды,  оқушы  да  жұмыстың 
теориялық  шешімін  таба  алмай  қиналады. 
Ал,  теориясы  дұрыс  жазылмағаннан  кейін, 
практикалық бөлік те өз құндылығын жоғал-
тады.

186



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет