Қазақ тілі сабағында құзыретті- бағдарланған тапсырмаларын пайдалану



Дата19.02.2017
өлшемі65,07 Kb.
#10470
түріСабақ
Қазақ тілі сабағында құзыретті- бағдарланған тапсырмаларын пайдалану

Сабақ туралы көптеген кітаптар, баптар, диссертациялар жазылған. Білім берудің мақсаттары мен мазмұны өзгереді, оқытудың жаңа құралдары мен технологиялары пайда болады. Бірақ қандай да бір реформалар жасалмаса, сабақ оқытудың түпкілікті және басты нысаны болып қала береді.

Қазіргі сабақ – бұл нысаны, мазмұны мен тәсілі бойынша мүлде жаңа сабақ, бірақ оқытудың бұрынғы тәжірибесімен байланысты үзбейді, бір сөзбен айтқанда – үйренушінің, оның ата-анасының (заңды өкілдерінің), қоғамның, мемлекеттің сұрақтарына жауап беретін өзекті, әрекетті сабақ. Бұдан басқасы, қазіргі сабақ міндетті түрде әр үйренушінің болашағы үшін негізді қалауға, өзгеретін қоғамда өмір сүруге дайындауға қажет.

Қазіргі сабақты ұйымдастыра отырып, мұғалім оның әлеуметтік бағытын күшейтуге, оқылатын материалды күнделікті өмірмен, үйренушінің әлеуметтік тәжірибесімен байланыстыра отырып, сабаққа тәжірибелік бағдарлығын беруге, жобалық немесе зерттеушілік жұмысы түрінде оқушылардың өз бетімен істеген жұмыстардың үлесін арттыруға тиіс. Дәл осындай қазіргі сабақ замандас қоғамның талаптарына жауап бере алатын қасиеттердің дамуын қамтамасыз етеді, түлекке үлкен өмірге белсенді кіруіне мүмкіндік береді.

Құзыретті тәсілдеме, балаларға әр түрлі күрделі жағдайларда әрекет етуді үйретеді, түрлі тіршілік жағдайларда оқу нәтижесінде алған білімдерін қолдануға назарын екпінді аудартады.

Құзыреттілікті, өмірдің түрлі салаларында туындаған нақты мәселелерді шеше алатын қабілеттер синтезі етіп ойлауға болады.

Мектеп алдында тұрған негізгі тапсырма оқушыға білім берумен шектелмейді. Бастысы бүгін – бұл білімдерді тәжірибеде қолдануға үйрету, негізгі құзыреттері дамыған жас адамдарды мектеп қабырғасынан шығару.

Құзыретті- бағдарланған тапсырмалар (ҚБТ) дәстүрлі сабақты ұйымдастыруын өзгертеді. Олар білім мен икемділікке негізделеді, бірақ жинақталған білімдерді тәжірибелік іс-әрекетте қолдану икемділігін талап етеді.

ҚБТ қолдану білім беру нәтижесі сияқты, сабақтарда құзыретті тәсілдемені кешенді енгізуін қамтамасыз ететін құралдардың бірі болып табылады.

Құзыретті- бағдарланған тапсырмалар пәндерді оқу уәждемесін жоғарлату тәсілдерінің бірі болып табылады:

біріншіден – оларды жасай отырып оқушы тапсырманы орындау тәсілдемесін өзгертеді;

екіншіден – тапсырмалар әрекетшілдіктің басқа тәсілдерін талап етеді;

үшіншіден – оқылатын материалдың қосымша мүмкіндіктерін есепке алу арқылы әрекетшілдікті меңгеру мен қолдану үшін білім беретін жағдайларды үлгілеуге жол береді;

төртіншіден – оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына, материалды жақсы меңгеруге және пәнге деген көзқарасын өзгертуге жағдай жасайды.

ҚБТ жұмыс істегенде үйренушілер өз бетімен тұжырымдаған негіздер бойынша ақпаратты шығаруға, талап етілген құрылым шеңберінде ақпаратты жүйелеуге, жасалған таңдауды дәлелдеуге үйренеді. Жұмысты бастау алдында оқушы күтілетін нәтижелер мен оларды бағалау өлшемі туралы ақпаратты алады.

ҚБТ үйренушілердің өз бетімен істеген жұмысын ұйымдастыру бойынша мұғалімнің мүмкіндіктерін ұлғайтады, оқушының оқылатын тақырып бойынша, негізгі лингвистикалық құзыретті онымен меңгеру бойынша мәселелерін нақты анықтауға көмектеседі.

ҚБТ үлестірме дидактикалық материалы түрінде пайдалануға болады немесе топтық немесе жеке жұмыс үшін берілген тақырыпты пысықтау немесе оқу сабақтарында ИКТ қолданумен.


ҚБТ тақырыптары:

  • «Хабарландыруды құрастырамыз»  

  • «Шақыруды құрастырамыз»

3 тапсырма.  Пән: қазақ тілі

Сынып: 4

Сабақтың тақырыбы:  Шақыруды жазамыз.

Құзыреттілік: коммуникативтік

Аспект: жазбаша байланыс

Ынталылық:   Жақында сенің Туған күнің. Сен достарыңды шақырғын келеді. Шақыруды жазу керек.

Тапсырмалық тұжырым:  Шақыру мәтінін құра. Шақыруда көрсет: сен шақырғын келген досыңның аты, сен оны қайда шақырасын, аптаның қай күнінде, қай күнде, айда, уақытты, өзіңнің үй мекенжайынды белгіле.

Мәтінде қателер болмау қажет!



Ақпараттың дерек көзі:  Шақыру ашық хатының үлгісі.

Тапсырманы орындауының бланкі:  Шақыру ашық хаты.

Іс-әрекеттің нәтижесі:

  • Досының атын көрсетті

  • Оқиғаны көрсетті

  • Апта күнін, мерзімін, уақытын көрсетті

  • Мекенжайды көрсетті

Тексеріс құралы:

Хабарламада шақырылатынның аты жазылды – 1 ұпай.

Хабарламада оқиға көрсетілді – 1 ұпай.

Аптаның күні – 1 ұпай

Күн – 1 ұпай

Уақыт – 1 ұпай

Мекенжай (көше, үй, пәтер) – 3 ұпай

Мәтінде қате жоқ – 1 ұпай.



Ұпайлардың максималды саны – 9 ұпай.
4 тапсырма.  Пән: қазақ тілі

Сынып: 4

Сабақтың тақырыбы:  Хабарландыруды жазамыз.

Құзыреттілік: коммуникативтік

Аспект: жазбаша байланыс

Ынталылық:   Сенің итің жоғалды. Сен хабарландыру жазғың келді.

Тапсырмалық тұжырым:  Хабарландыру мәтінін құр. Хабарландыруда иттің қайда және қашан жоғалғанын, оның атын, түрінің атауын, түсін, 2 – 4 қосымша белгіні көрсет. Мәтінде қателер болмау қажет!

Ақпараттың дерек көзі:  иттің суреті

Тапсырманы орындауының бланкі:  

Іс-әрекеттің нәтижесі:

  • Иттің жоғалған күнін көрсетті

  • Иттің жоғалған орнын көрсетті

  • Ит түрінің атауы жазылды

  • Иттің аты жазылды

  • Иттің түсін көрсетті

  • Иттің қосымша белгілерін көрсетті

  • Мәтінде қате жоқ – 1 ұпай.

Тексеріс құралы:

Хабарландыруда иттің жоғалған күні жазылды – 1 ұпай.

Хабарландыруда иттің жоғалған орны жазылды – 1 ұпай.

Хабарландыруда ит түрінің атауы жазылды – 1 ұпай.

Хабарландыруда иттің аты жазылды – 1 ұпай.

Хабарландыруда иттің түсі көрсетілді – 1 ұпай.

Хабарландыруда иттің қосымша белгілері көрсетілді, әр белгі үшін – 1 ұпайдан.

Мәтінде қате жоқ – 1 ұпай.



Ұпайлардың максималды саны10 ұпай.

Қазақ тілі сабағында ҚБТ пайдалану оқылатын материалдың әрекетшілдік меңгеруін ұйымдастыруға жағдай жасайды. Бұл алдында оқушы оқыту объектісі емес тұлға болып қабылданады. Сабақты осылайша ұйымдастыру кезінде оқушының қате жасауға және өз пікірін білдіруге құқығы бар.



ҚБТ қолданған кезде оқыту уәждемесінің деңгейі маңызды жоғарылайды, соның ішінде топтағы жұмыс есебінен үйренушінің енуі болады. Үйренушінің дербестігі жоғарлауының есебінен мұғалім еңбегінің жеңілдетілетіні де маңыздылығы аз емес.
Каталог: uploads -> doc -> 11ce
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11ce -> Бекітемін Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аманжолова Жаннат Алимжановна
11ce -> Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет