«Қазақ тілім өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім»
«Қазақ халқының рухани жағдайы»
“Билік және қазақ тілі”
«Мәңгілік елде- мәңгілік тіл»
«Қазақ халқының әлеуметтік жағдайы»
«Тіл тағдыры- барша қазақ халқының тағдыры»
«Қазақ ұлтының экономикалық тұрғыдан өрлеуі,ұлт болып сақталуына әсері»
Тіл тұғыры-ұлттық тәрбиеде
«Қазіргі қазақ тілінің жағдайы»
“Тіл тұрақтылығы-
имандылықта”
Жоспар:
Мәңгілік елде- мәңгілік тіл»
Қазақ тілінің әлеуметтік жағдайы
Қазіргі кездегі қазақ тілінің жағдайы
Қазақ тілім- өз тілім-ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
« Тіл тағдыры- ұлт тағдыры»
Қазақ халқының рухани жағдайы
Қазақ ұлтының экономикалық өрлеуі, ұлт болып сақталуына әсері
8. “Тіл тұғыры-ұлттық тәрбиеде”
9.“Билік және қазақ тілі»
“Тіл тұрақтылығы- имандылықта”
Сабақтың тақырыбы: «Ой қозғау» стратегиясы бойынша
«Тіл тағдыры- барша қазақ халқының тағдыры»
тақырыбында пікір алмасу үшін мына тақырыпшалар
студенттер мен магистранттарға бөлінді.
Әдістемелік аралас сабақ жүйесі:
“Ой қозғау” стратегиясы бойынша пікір алмасу
Сұрақ-жауап ( өмірмен байланыстыру)
Проблемалық сұрақтар
Ситуациялық тапсырмалар
Өзіме не алдым?
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – білім алушылардың білімін дамыту, ізденгіштігін арттыру.
Дамытушылық - білім алушылардың дүниетанымын кеңейтіп, рухани байлықтарын арттыру.
Тәрбиелік- білім алушылардың тілі арқылы халқын, салтын сүюге, тілге қамқорлық жасауға, атадан қалған аманат-тілімізді қадірлеуге тәрбиелеу.
Түрі: Аралас
Әдісі: Тіл дамыту
Проблемалық сұрақтар:
Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін қашан алды?
Қазақстан Республикасының рәміздері қашан қабылданды?
Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
Қазақстанда тіл туралы заң қашан қабылданды?
Қазақстан Республикасының Президенті қашан сайланды?
Қазақ тілінің болашағы бар ма?
7. Қазақ тілінің ғаламтордағы (әлеуметтік желі) жағдайы қандай?
8.Үш тұғырлы тіл саясаты қазақ тілінің аясын шектемей ме?
9. Балаға екінші тілді қай уақыттан бастап үйретуге болады?
Ситуациялық тапсырмалар:
Сіз қазақ тілі пәнінің мұғалімісіз. Сіз орыс мектебіне сабақ беруге бардыңыз. Оқушылар ү мен ұ әріптерін ажырата алмайды. Сіз не істер едіңіз?
Сіз орыс тілді ортаға түсіп қалдыңыз. Сіз қарым-қатынас тілінде қай тілді қолданар едіңіз?
Сіздің ата-анаңыз Ресейдің қазақтары, сіз Қазақстанға қоныс аудардыңыз. Ауладағы барлық адамдар сізді қазақша білмегеніңіз үшін кінәлады. Сіздің әрекетіңіз:
Дүкен сыртында қазақ тіліндегі жарнама қате жазылған. Сіз дүкенге кіріп айтар ма едіңіз?
Сіз асабасыз. Тек қазақ тілінде сөйлейсіз, той иесі сізден орысша сөйлеуді талап етіп тұр. Сіздің әрекетіңіз:
«Қазақ тілін білмейтіндер, үндемей жүру керек» деген пікір бар. Сіз қалай ойлайсыз?
Балаларды интернетте біреу ренжітсе, агрессивті жағдай туғызатындай ситуацияға тап болса қандай көмек көрсетесіз?
Қазақ сыныбында басқа ұлттың оқушылары отыр. Ол классқа дайындаған материалыңыз басқа ұлттың өкілдеріне қиын. Не істейсіз?
Сіз орыс тобында оқисыз, сізге іс жүргізу сабағы қазақша болады, қазақ топтарына да қазақша болады. Сіз бұл жайлы не ойлайсыз?
Сіз филология факультетін бітіріп, орыс мектептеріне қазақ тілінен сабақ беруге бардыңыз. Олар: “Қазақ тілінің болашағы жоқ, оқығымыз келмейді” дейді. Сіз не дейсіз?
Сіз қазақша шала біліп тұрсыз. Достарыңыздың көбі орыс өкілдері. Бір қазақ досыңыз бар делік. Орыс достарыңыздың арасында қазақ досыңыз да бар. Ол орысша білмейді. Қай тілде сөйлер едіңіз?
Қорытынды:
Барлық қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі керек. Ұлттық тәрбие және тіл өз халқының қадір –қасиетін ұқтырады. Ұлт патриоты болайық! Ел болу- болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмаймыз.
Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да, ойнақы ана тілінен артық, қазақ үшін бұл дүниеде не бар?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған- оның ғажайып тілі. Тіл - ұлттың ұлт болып өмір сүруінің ұлт рухының салтанат құруының бірден-бір өлшемі, өзегі, ұлттық дамудың бірден-бір шарты, көрсеткіші болып табылады. Тіл тағдыры- ұлт тағдыры, ұрпақ тағдыры.
Қазақ тілі- қазақ халқының этникалық тілі, яғни тұрмыстық тілден бастап, ғылыми тілдегі барлық салаларды қамтитын, кешенді тіл. Елді ойландыратын үлкен мәселе- тәуелсіздік тағдыры тілге байланысты. Мемлекеттің ұлттық мәні болмаса, оның мемлекеттік тілі де мәңгі болмайды.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев: « Тәуелсіздік алтын күмбез, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі бар: ол- Елтаңба, Әнұран, көк байрақ, қазақ тілі». Тіл халық қазынасы. Тілдің мәселесі- ұлттың мәселесі. Елбасымыз айтқандай « Қазақстанның болашығы - қазақ тілінде» Тілімізді қадірлейік!
Әдебиеттер тізімі:
1. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030»
2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының 2014-2015 жылдар арасындағы жинағы
3. «Оқыту, тәрбиелеу технологиясы» журналының 2014-2015 жылдар аралығындағы жинағы
«Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы» Алматы.
Ә. Т. Қайдар «Қазақ тілінің өзекті мәселелері» Алматы. «Ғылым» баспасы.