Қазақ тілін деңгейлеп оқыту негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Білім беру жүйесін жаңартуға Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»



Дата20.06.2018
өлшемі45,46 Kb.
#43355
Қазақ тілін деңгейлеп оқыту негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.

Білім беру жүйесін жаңартуға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өтсе, «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды қадап айтты. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады.  



Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламада анық көрсетілген. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға  арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары» бекітілді. Бұл Ұлттық жоспар – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары. Жоспарда  мақсат, міндеттер нақты қойылған, ағымдағы жағдайды талдау, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері, білім стандарттарын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңарту, оқыту нысандарын, әдістері мен технологияларын жаңарту, мектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту, ата-аналардың  қатысуын қамтамасыз ету, қосымша білім беруді дамыту, күтілетін нәтиже қажетті ресурс нақты көрсетілген. Осы ұлттық жоспарды іске асыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша жалпы үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.   

   Функционалдық сауаттылық – мектепте алған білімдерін, іскерлік дағдыларын, адами іс әрекеттердің әр түрлі салаларында сондай-ақ тұлға аралық қарым-қатынастарды өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалану болып табылады. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. 




Дарынды балалардың фунционалдық сауаттылығын дамыту үшін оқытудың жаңа әдістері бар:

1.Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер.Оқушыларға білім беруде жаңа тәсілдерді «Диологтік оқыту әдісі» және «Қалай оқу керектігін үйрету» туралы түсінік.

2. Сыни тұрғыда ойлауға үйрету.Оқытуда оқушылардың және мұғалімдердің сыни тұрғыда ойлауын дамытатын түрлі стратегиялар мен әдіс түрлерін қолданудың тиімділігі туралы айтылған.

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.Бағалардың түрлері туралы теориялық білім және бағалаудың әр түрлі формалары қамтылған.

4.Оқыту мен оқуда ақпараттық - комуникациялық технологияларды пайдалану.Оқытуда оқушылардың сандық сауаттылықтарын арттыру,жаңа технологиялар,компьютер,интернет т.б жұмыс баулуу.

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.Таланнты және дарынды оқушыны анықтау,оларды дамытатын тапсырмалардың қамтылуы.

6.Оқушылардың жас ерешелігіне сәйкес оқыту.Оқу барысында сыныпта жасы кіші оқушыны анықтап,жас ерешелігіне байланысты тапсырмаларды беру көзделген,оқушы мен жекелей жұмыс жасау.

7.Оқытуды басқару және көшбасшылық.Шағын топтарда жұмыс жасату арқылы көшбасшлықты анықтау,оқушыны көшбасшылыққа жетелеу,баланың көшбасшылығын көре білу, үлкен топтарға көшбасшылыққа ұмтылуға бағыттау және оқутуда мұғалімнің көшбасшылығы.



Осы мақсаттың орындалуы үшін мен өз сабағымды Блум таксаномиясы негізінде құрастырамын. Себебі Блум таксаномиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады. «Білу» деңгейі-оқушының функционалдық сауаттылығының төменгі деңгейі.Алгоритмдік деңгей,Блум таксаномиясы бойынша «Түсіну» «Талдау» деңгейлері – оқушының функционалдық деңгейінің орта деңгейі.Эвристикалық деңгей, Блум таксаномиясы бойынша «Қолдану», «Жинақтау » деңгейлері –оқушының функционалдық сауаттылығының жоғары деңгейі.Шығармашылық деңгей, Блум таксаномиясы бойынша «Бағалау» деңгейі- оқушының функционалдық сауаттылығының ілгері деңгейі.

Мақсаттар жүйесі

Оқушылардың когнитивтік іс - әрекеті

Білу

Оқушы меңгеретін және берілетін білім негіздері

Түсіну

Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді.

Қолдану

Алған білімді қолданады

Талдау

Білімді жай қабылдамайды, талдайды, саралайды, салыстырады

Жинақтау

Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады.

Бағалау(сыни өзіндік пікір)

Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады, не мақұлдамайды.

С. Торайғыров «Туған еліме»

Біліктілігі

Оқушы іс-әрекеті

Білу

Зат есім дегеніміз не?

Түсіну

Жұмбақты оқып шешуін тап. Шешуіне қатысты екі сөйлем құра. Сызбаға зат есім жайлы білгенінді жаз

Қолдану

Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құра

Талдау

Мәтінді көшіріп жаз. Зат есімді тап, жалқы, жалпы зат есімдерді ажырат.

Жинақтауы

Артық сөзді тап.Кітап, дәптер,қайшы, сотка

Бағалауы

Шағын эссе жаз

Сенің атын кім? Сенің сүйікті жануарын бар ма? Ол үшін не істей алатындығынды ойландың ба? Жануарларды қорғауға сенің тигізер үлесің қандай?



Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында сын тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясын сабағымда қолданамын.Мысалы: бес жолды өлең, инсерт,венн диаграмма әдісін , ассоцияция әдісі, симантикалық карта әдісі, тесттің бірнеше түрлерін,сурет бойынша әңгіме құрастыру, тақырып төңірегінде өлеңдер құрастыру жұмыстарын жүргіземін.

Мысалы 1 «Бес жолды өлең»



Кім? Әже

Қандай? Қамқоршы, нәзік

Не істейді? Мәпелейді, аялайды, тәрбиелейді

Түйін Мені әжем мәпелеп өсіреді.

Синоним Адам

Мысал 2 «Сөз ойла, көп ойла»



Балықшылар (бал, балық, бақа, лақ, ара, шар т.с.с.)

Мысал 3 «Өлең шығарайық»

Жеріміз ....

...... қазақпыз

Еркіндік ....

..... жырлаймыз.

Бұл жұмыстардың соңында свот талдау жүргізіп, қорытынды жасаймын.

«Бес жолды өлең» стратегиясы бойынша свот талдау (алғашқы)

Strength (мықты жағы)

Weakness (әлсіздігі)

Оқушылар бес жолды өлең құрылымын жақсы түсінді

Екі сын есім, үш етістік жазуда кейбір оқушыларға қиындық тудыртты

Opportunities (шешу жолы)

Threatening (қауіп)

Алынған зат есім бойынша алдын ала сөздік жұмыстар жүргізу.

Кейбір оқушылардың сөздік қорларының аздығы

Оқушылардың ғылыми ізденушілік жұмыстарын дамыту мақсатында «балық сүйегі», «өрмекші», «әдебиет үйірмесі» әдістерін қолданамын.

Мысалы қайталау сабақтарда оқушылардың өткен тақырапты толық меңгергенін білу үшін оқушыларды Баяндаушы – сынаушы ,талдаушы,дәнекер,сұрақ құрастырушы деп бөліп таапсырмалар беремін.Оқушылар өздері талдап, өздері бір-бірімен бағалауға мүмкіндік алады.

Баяндаушы-әңгімені мазмұндайды

Зерттеуші- әңгімедегі негізгіні анықтайды

Сілтемеші- сөздіктермен жұмыс жүргізеді

Сұрақ құрастырушы- сұрақтар даярлайды

Дәнекер- өмірмен байланыстырады

Бейнелеуші-әңгімедегі негізгі кейіпкерді суреттейді.

Мысал 2: «Балық сүйегі»

Тақырыбы: «Өнер білім бар жұрттар» Ы. Алтынсарин






Оқу тапсырмасы

Білу

Ы. Алтынсарин туралы не білетініңді балық сүйегіне жаз. Өлеңді мәнерлеп оқып шық.

Түсіну

Сарай не арба сөздеріне сипаттаманы балық сүйегіне жаз.

Қолдану

Кәзіргі уақыттағы көлік түрлерін балық сүйегіне жаз.

Талдау

Айшылық алыс жерлер, көзді ашып жұмғанша сөйлем құра

Жинақтау

Өнер, білім жайлы мақал жаз

Бағалау

Өлеңді кәзіргі өмірмен салыстыр, дәлелде.

Өз сабағымда қолданатын қолайлы әдістің бірі - Джигсо.Джигсо ұжымдық оқыту әдісі.Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта , сосын ұжымда талқылау.Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді,оқуға деген жауапкершілігі артады.Нәтижесінде оқығанды есте сақтау үшін тиімді,оқушының оқуға деген қызығушылығы артады , ұжымда жақсы қарым-қатынас қалаптасады, саналы тәртіп орнайды.


Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы қолданылған сабақтың нәтижесі төмендегідей болады.

-Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;

-Сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

-Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

-Жеке тұлғалық сипатын дамытуға,шығармашылығын шыңдауға ,өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға көмектеседі;

-Тіл байлығын дамытады;

-Өз ойын жеткізуге жан-жақты ізденуге үйретеді;

-Шығармашылық белсенділігін артырып,ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.

-Өз бетімен білім алатын, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.

Сабақтарымда әңгімелесудің үш түрін: топтық әңгіме, әңгіме-дебат, зерттеушілік әңгіме түрлерін тиімді қолданамын. Топтық әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілді. Оқушылардың барлығы топтық әңгімеге белсенді түседі. Ал әңгіме-дебат кезінде пікірталасқа түсу кезінде үлгерімі жоғары, талантты және дарынды оқушылардың белсенділігі артады. Зерттеушілік әңгімеге түсу кезінде көшбасшының топ мүшелеріне жетекші сұрақтар қойып, әңгімені өрбіте білуімен байланысты болды. Оқушылардың ойларын еркін жеткізу мақсатында сөйлесімдік клише қолданамын.


Мысалы:

Менің ойымша ...

Мен сенімен келісемін ...

Мен сенің пікірімен келіспеймін себебі, ...

Қорыта келе ...

Ең бастысы (негізгісі) ...

Мысал келтірсек...

Сөзімді қорыта келе ...

Мені таңқалдырған мәселе ...

Бүгінгі жағдайға байланысты ...

Мен 100пайызға сенімдімін өйткені, ....

Келесі сұраққа көшсек ....



Мәтінмен жұмыс

Мейрам және салт-дәстүрлер

1-тапсырма. Тыңдалым. «Наурыз мейрамы» тақырыбындағы мәтінді тыңдап, «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы жұмыс жүргізіңіздер.

Төрт сөйлем



1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңізді бір сөйлеммен жазыңыздар.

2. Дәлел. Өз пікірлеріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіздер.

3. Мысал. Пікірлеріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыздар.

Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы ─ ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан ─ тазаланған арықтарға су 18 жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын. Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс-қарекетімен айналысатын.

2-тапсырма. Оқылым. «22 қыркүйек – Тілдер мерекесі» тақырыбындағы оқылған материал бойынша мәтіннің негізгі ойын анықтап, қорытынды жасауға үйреніңіздер. «Пирамидалық талқылау» стратегиясын қолданыңыздар.

«Пирамидалық талқылау» стратегиясы

Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап, ортақ пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды.

22 қыркүйек – Тілдер мерекесі

Менің есімім – Алуа. Мен Қазақстан деген ұлан-байтақ және көпұлтты мемлекетте тұрамын. Менің ұлтым – қазақ. Қазақстан – қазақ халқының және осында тұратын басқа да халықтардың Отаны. Бұл жерде қазақ, өзбек, орыс, неміс, ұйғыр, кәріс, татар, украин, шешен, т.б. көптеген ұлт өкілдері тұрады.

22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының Тілдері күні болып жарияланды. Тілдер мерекесі біздің мектепте де ерекше аталады. Бұл тек қана бір күн емес, апта бойы өтеді. Әрбір сынып қабырға газеттерін шығарып, концерттер дайындап, коллаждар, көрмелер ұйымдастырады. Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқу сайысы өтеді. Жоғары сынып оқушылары арасында ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылады .

3-тапсырма. Айтылым. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыбындағы бейнебаянды көріп, (http://go.mail.ru/search_video) «Үш қадамды сұхбат» стратегиясы арқылы талқылаңыздар.

«Үш қадамды сұхбат» стратегиясы

Топтарға бөлініп, тақырыпқа байланысты көрген бейнебаян бойынша 3 түрлі сұрақ, пікір айтып талқылаңыздар. Негізгі ақпаратты анықтап, сол салт-дәстүрді бүгінгі өмірмен байланыстырыңыздар. Таныс емес сөздерді жазып алыңыздар. Жаңа сөздермен жеке немесе жұптасып жұмыс істеңіздер. Меңгерген сөздерді орынды пайдаланыңыздар, кесте бойынша «Сөздік» жұмысын жүргізіңіздер (4-кесте).

4-кесте – Сөздік кестесі

4-тапсырма. Жазылым. Тақырып бойынша берілген материал мазмұнына сәйкес төмендегі кестені пайдаланып, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің түрлерін ажыратыңыздар. Кестені толтырып (5-кесте), өз ойларыңызды дәлелдеңіздер.

5-кесте – Сөйлем түрлері

Сөйлем

Жай сөйлем



Құрмалас сөйлем

Сөйлем мүшелері




  Қорыта келгенде, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Осы орайда, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс үйрете білу өте маңызды. Педагогтің  сабақ өту шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастыруы, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Өз мамандығын толық меңгерген жоғары деңгейлі оқытушының  алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абырой, яғни үмітінің ақталғаны, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені. Мұғалімнің сабағының өн бойындағы негізгі мақсаты, оның негізгі мәнін естен шығармай, әрбір сәтті тиімді пайдаланғанда өз мақсатына жетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет