Тапсырмалар: 1. Дәрісті оқып шығыңыз. Конспект жасаңыз. 2. Дәріс бойынша (қазақша-орысша) сөздік құрастырыңыз. 3. Дәріс мәтіні бойынша сұрақ құрастырыңыз.
Жіберілетін жəне ішкі хат-хабарларды тіркеу тəртібі Жіберілетін жəне ішкі хат-хабарды Мекеменің тиісті бөлімшесінің жауапты адамы тіркейді.
Ішкі құжаттың электронды қол қойылған электрондық нұсқасы бөлімшенің ішкі құжаттарын тіркейтін электронды журналында тіркеу үшін негіз болып табылады.
Электронды қол қойылған, жіберілетін құжаттың электрондық нұсқасы қағазға шығарылған құжат болғанда ғана бөлімшенің жіберілетін құжаттарын тіркеу журналында тіркеуге негіз болып табылады.
Жіберілетін жəне ішкі құжаттарды əзірлеу жəне өткізу тəртібі Жіберілетін жəне ішкі құжаттарды əзірлеу тəртібіне: құжаттың жобасын жасау, келісу, қол қою (бекіту, мақұлдау) таралымын əзірлеу (қажет болғанда) жəне жіберу жатады. Жіберілетін жəне хат-хабар болып табылмайтын ішкі құжаттарға, нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ілеспе хат жазылады.
Құжатты орындаушы ақпаратты компьютерлік өңдеу құралының көмегімен əзірлейді, Ереже талаптарына сəйкес ресімдейді жəне электронды құжат айналымы шағын жүйесінде файл түрінде сақтайды.
Орындаушы құжатты əзірлегеннен кейін электронды құжат айналымы шағын жүйесінде бөлімшенің жұмыс құжаттарын тіркеу журналында тіркейді жəне келісу мен қол қою рəсімін орындайды.
Орындаушы құжатты қол қоюға бергенге дейін оның мазмұнын, дұрыс ресімделуін, қажетті бұрыштамаларының болуын жəне қосымшаларын тексеруі тиіс. Құжат əзірленген материалдар негізінде қол қоюға беріледі.
Бұрыштама қою жəне электронды қол қою рəсімдерінен кейін орындаушы электронды құжат айналымының шағын жүйесінде қол қойылған құжатты өз бөлімшесінің жауапты адамына жібереді, мұнда құжат ресми электронды журналдарда тіркеледі. Егер құжат жіберілетін хат-хабар болып табылса, орындаушы оны алдын ала басып шығарады жəне құжатқа бөлімше басшысы (Мекеменің Төрағасы немесе осы бөлімшеге жетекшілік ететін Төрағаның орынбасары) қол қойғаннан кейін қол қойылған құжатты электронды түрде немесе қағазбен өз бөлімшесінің жауапты адамына жібереді, бұл орайда бұрыштамалар қағазбен жіберілгенде қайта жиналмайды.
Мекеменің Төрағасы жəне Төрағаның орынбасарлары қол қойған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік, басқару жəне құқық қорғау органдарына жіберілетін құжаттар почталық байланыс кəсіпорындары арқылы немесе мекен-жайларға қолма-қол жіберу үшін қағазбен жəне электронды құжат айналымының шағын жүйесінде электронды түрде уəкілетті бөлімшеге жіберіледі.
Мекеме Төрағасының орынбасарлары немесе бөлімше басшылары қол қойған басқа да құжаттар почталық байланыс кəсіпорындары арқылы жіберу үшін қағазбен жəне электронды түрде электронды құжат айналымының шағын жүйесінде уəкілетті бөлімшеге жіберіледі.
Бөлімшенің жауапты адамдары хат-хабарларды жіберудің алдында міндетті түрде: 1) мекен-жайдың дұрыс жазылуын, жауап хаттарда сұратудың нөміріне жəне күніне сілтемелердің болуын;
2) жіберілетін құжаттың соңғы бетінде қол қоюға құқық берілген адамның қолының, сондай-ақ орындаушының аты-жөні жəне телефонының болуын;
3) жіберілетін құжатта жіберу күні, нөмірі болуын;
4) сыртының дұрыс ресімделуін тексеруі тиіс.
Бөлімшенің жауапты адамдары басқа ұйымдарға жіберілетін құжаттарды уəкілетті бөлімшеге жеке тапсыруы тиіс.
Уəкілетті бөлімше жіберілетін құжаттарды жұмыс күнінің ішінде, бірақ жіберілетін құжаттарды ресімдеуге арналған үзілістерді ескере отырып 17 сағат 30 минуттан кешіктірмей қабылдайды. Уəкілетті бөлімшеге сағат 15-тен кейін түскен хат-хабарлар келесі жұмыс күні жіберіледі.
Уəкілетті бөлімше электронды құжат айналымының шағын жүйесінде тіркелмеген хат-хабарларды жіберуге қабылдамайды.
Жіберілетін хат-хабарларды сақтау мақсатында, олар оқшауланған бөлмеде өңделеді.
Бір уақытта жəне бір мекен-жайға жіберілетін құжаттар бір конвертке салынады.