Қазақ тіліндегі анықтауыш және оның түрлері Жоспары: Кіріспе Анықтауыш туралы түсінік Негізгі бөлім Анықтауыш және оның түрлері



бет1/5
Дата09.12.2023
өлшемі23,65 Kb.
#196030
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Анықтауыш


Қазақ тіліндегі анықтауыш және оның түрлері
Жоспары:
1. Кіріспе
Анықтауыш туралы түсінік
2. Негізгі бөлім
Анықтауыш және оның түрлері
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Сөйлемді сөйлем ететін тұрлаулы мүшелер болса, тұрлаусыз мүшелер солардың айналасына топтанып, солар арқылы ғана сөйлемде айтылатын ойға қатысты болады, сөйтіп,сөйлемнің құрамды бөлшегіне айналады.Грамматикалық ерекшелігі тұрғысынан тұрлаусыз мүшелер тұрлаулы мүшелермен және бір-бірімен қандай синтаксистік байланыста тұрғанына қарай ерекшеленеді: тұрлаулы мүшелер өзара қиыса байланысса, тұрлаусыз мүшелер қабыса, меңгеріле, матаса байланысады.Тұрлаусыз мүшелердің бір тобы бастауыштың айналасына топтанып, оны түрлі жағынан анықтап, саралап тұрса (анықтауыш),енді бір тобы баяндауыштың мағынасын түсіндіреді (пысықтауыш, толықтауыш).Тұрлаусыз мүшелерді топтастыру олардың бас мүшелерге осындай мағыналық қатынасына негізделеді. Тұрлаусыз мүшелерді топқа бөлудің бұл қазіргі қалыптасқан грамматикалық ұстанымы. Бірақ бұл ұстаным әмбебап емес, кейде оның ескерілмейтін кезі болады. Мысалы, анықтауыш бас мүшелерге мағыналық қатынасына қарай емес, қандай сөзден жасалған мүшеге қатыстылығы тұрғысынан ғана бөлектенеді (есімге, етістікке). Қатысты сөздің алмасуынан (бірде етістік, бірде есім) олардың мағыналық қатынасы өзгеріледі деу қиын.Тұрлаусыз мүшелердің өздеріне тән морфологиялық тұлғасы мен байланыс тәсілдері де бар. Мысалы, ілік септік анықтауыштың, табыс септік тура толықтауыштың грамматикалық көрсеткіші. Матаса байланысу анықтауышқа тән болса, жанаса байланысу пысықтауышқа тән. Сонымен қатар, белгілі бір тұрлаусыз мүше қызметінде жұмсалуға бейім сөздер бар. Мысалы, сын есім анықтауыш қызметінде, үстеулер пысықтауыш қызметінде жұмсалуға бейім. Сөйлемде зат есімнен болған не заттық мағынада қолданылған мүшені сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіктілік — қатынастық жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейді. Анықтауыш қандай? қай? кімнің? ненің? қайдағы? қашанғы? қанша? неше? нешінші? қайткен? не еткен? деген сұрақтардың біріне жауап береді.Анықтауыш негізгі, туынды сын есімдерден, сан есімнен, есімдіктен, түбір тұлғалы зат есімнен, етістіктің есімше түрінен, ілік септік жалғанған зат есімдер мен заттанған сөздерден болады.Құрамына қарай анықтауыш бір сөзден болып дара анықтауыш, сөз тіркесі, күрделі сөз бен тұрақты тіркестерінен , құралып күрделі анықтауыш болады.Анықтауыш ілік септік тұлғасында ашық я жасырын (түсіп қалып) түрінде келіп, анықталатын сөзбен матаса байланысады да, ешбір жалғаусыз айтылса орын тіртібі арқылы анықталатын сөзбен қабыса байланысады. Мысалы, Екі қыздың еңіреген үні алқаптың үстіндегі кештіқ әуесін қозғап ызыңдатты. Ал, бұл жалпақ бет, жалпақ жауырынды қара жігіт дамыл көрмей қысы-жазы солардын, жылқысын бағады. Ашынған әйел мән-жайын айтады. Бірінші сөйлемде екі деген анықтауыш сан есімнен болып (неше қыз?), қыз сөзімен кабыса байланысып, қыздың және кештің деген анықтауыштар ілік септік жалғауы арқылы (кімнің үні?,ненің әуесі?) үні және әйелі сөздерімен матаса байланысып, еңіреген деген анықтауыш етістіктің есімше түрінен болып (қандай немесе қайткен үні?), орын тәртібі арқылы үні сөзімен қабыса байланысып тұр.Бұлар — дара анықтауыштар. Ал алқаптың үстіндегі деген анықтауыш зат есім (алқаптың) мен көмекші есім (үсті) тіркесінен құралып кеш сөзімен орын тәртібі арқылы қабыса байланысып тұр. Бұл — күрделі анықтауыш. Екінші сөйлемде бұл (қай жігіт?) сілтеу есімдігі мен қара (қандай жігіт?)— сын есімі де жігіт сөзін анықтап, қабыса байланысып тұр. Дәл сондай жалпақ бет және жалпақ жауырынды (кандай жігіт?) деген күрделі анықтауыштар да сын есім мен зат есімнен және сапалық сын есім мен қатыстық сын есімнен құралып, жігіт сөзімен қабыса байланысып тұр. Солардың деген ілік септігіндегі есімдік жылқысы сөзін анықтап, онымен матаса байланысып тұр. Соңғы сөйлемде ашынған деген есімше де әйел сөзін анықтап (қайткен әйел?), онымен орын тәртібі арқылы қабыса байланысып тұр. Оқулықтарда анықтауыштарға мынадай анықтама беріледі. М. Балақаев: «анықтауыш – сөйлемдегі зат есімнен не зат есім орнына жұмсалған басқа есімдерден болған мүшелерді түрлі жағынан сипаттап тұрады», – десе, Р. Әміров: «сөйлемде зат есім, есімдік немесе зат есім орнына жүрген есімше сөздермен байланысып, олардың түрлі сынын, сапасын білдіретін сөйлем мүшелері анықтауыш деп аталады», – дейді. Академиялық грамматикада: «анықтауыштар сөйлемнің есімнен болған басқа мүшелерін анықтайды да, соған қатысты болады», – делінген.Анықтауыш анықтайтын сөзімен тығыз байланысты болады, сонымен бір топта айтылып, бір ырғақтағы сөз тіркесін құрап тұрады. Анықтауыштардың білдіретін мағыналары – заттың түсі, түр-тұрпаты, көлемі, салмағы, саны сияқты сапалары және екінші бір затқа иелікті білдіруі. Сұрағы: қандай, қай, қанша, неше, кімнің, ненің?. Тұлғалық ерекшелігіне келер болсақ, атау және ілік септік тұлғалары.
Анықтауыш қызметінде жұмсалатын негізгі сөздер – сын есім­дер. Сын есімнен болған анықтауыштар анықтайтын сөздермен қабыса байланысып, оның түр-түсін, сынын, көлемін, басқа сапалық белгілерін білдіреді. Мысалы: Күзгі күн ғой. Аспан ала шабыр бұлт. Үйдің екінші жақ бұрышында ұзыншалау стол бар .Анықтауыш қызметінде зат есімдер мен есімдіктер, есімшелер мен қимыл есімдері , т.б. сөздер де қолданылады. Олар анықтауыш қызметінде жұмсалғанда тұрған орны не арнаулы грамматикалық тұлға арқылы өздерінің негізгі мәндерінен ажырап, сын-сапалық,иелік мәнге ие болады.Зат есімдер атау тұлғада анықтауыш қызметінде жұмсалып, анықталатын сөздің заттық сапасын атайды: «Төрем дегені – Жақсылық дейтін жас бала жігіт».Зат есімдер ілік септік тұлғасында келіп, анықтауыш қызметінде жұмсалады. Ол жағдайда заттың иесін білдіреді. Мысалы, Күнкенің аулы да осы арада жақын еді.Сілтеу есімдіктер атау тұлғасында тұрғанда өзі қатысты затты нұсқау мағынасында жұмсалады: Бүкіл елде Бәкенді бауырына тартып, жақын боп жүрген осы демесін.Есімшелер анықтауыш қызметінде заттың қимылдық сапасын білдіреді: Албарда сықырлаған мал.Сан есімдер заттың сан-мөлшерін білдіріп анықтауыш болады.Анықтауыштар құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі болады. Кеңсенің алдында үш-төрт арба тұр.Күрделі анықтауыштар негізінен, күрделі сын есім, сан есім, күрделі есімшелерден жасалады. Мысалы: Қала. Екі қабат, үш қабатты үйлер. Сымдай түзу тар көше бойы лек-лек болып шұбырған адам. Қой көзденген қара бұжыр әйел Мариямға келіп амандасып, әлдеқайдағы әңгімелерді соғып жатыр.Үйірлі анықтауыш: Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды (мақал). Мен көрген ауыл емес. Біз төбесі аласа үйге кірдік.Анықтауыштар жасалу жолдары мен байланысу тәсіліне қарай қабыса байланысқан анықтауыш және матаса байланысқан анықтауыш болып бөлінеді. М. Балақаев оларды сапалық анықтауыштар, меншікті анықтауыштар дейді. Сөйлемнің өзге мүшелеріне қарағанда анықтауыштың дамуы күрделірек екенін арнайы болсын, жанама түрде болсын ол жайлы қалам сілтеген зерттеушілер пікірі растайды. Өйткені ол дамуда формалық, құрылымдық, мағыналық жақтан түрлі тәсілдерді меңгерген,ойды дәл, әсерлі жеткізуде маңызды қызмет атқаратын сөйлем мүшесі. Ал етістіктің анықтауыш қызметінде жұмсалуы ертеден келе жатқан құбылыс екенін тілдік фактілер дәлелдейді. Әрі оның кейбір формаларының анықтауыш болуы түрколог ғалымдардың назарынан тыс қалмаған. Бұл жолда біз зерттеген ғалымдардан П.М.Мелиоранский, М.Терентьев, А.Байтұрсынов, С.Аманжолов сынды ғалымдарды атап өтуімізге болады.
Қазақ ғалымдарынан А.Байтұрсынов өзінің "Тіл құралы" оқулығындағы үшінші тіл танытқыш кітабында анықтауыш жайлы мәліметтерді кездестіруімізге болады. А. Байтұрсынов "Анықтауыш деп сөйлем ішінде анықтау үшін айтылатын сөзді айтамыз. Анықтауыш болатын сөз таптары - сын есім, зат есім, сан есім, етістік" деп көрсетеді.
Анықтауыш терең ой, нәзік сезім, көңіл күйді береді,айтайын деген ойдан барынша алшақ заттарды қарама- қарсы қойып,басқа бір зат не құбылысты көзге елестетуге де анықтауыштар икемді стильдік құрал бола алады. Анықтауыш сөйлемде зат есімнен не зат есім орнына жұмсалған басқа есімдерден болған мүшелерді түрлі жағынан сипаттап тұрады. Сөйлемде заттардың әр түрлі сынын, сапасын білдіретін сөздер көбіне анықтауыш қызметінде жұмсалады.Олар заттың түсі, түр-тұрпаты, көлемі, салмағы, саны сияқты сапаларын білдіреді де, анықтайтын сөзімен тығыз байланыста айтылады. Мысалы, таяқ деген - жалпылауыш зат есім. Оның ұзын, қысқа,жіңішке, ақ, қара,имек, қисық, қайқы бас тәрізді көптеген сыны болуы мүмкін. Солардың бірі не бірнешеуі бір сөйлемде осы заттың анықтауышы болып, сөйлемде айтайын деген ойымызды айқындай түседі. Қисық ағаш, қысқа жіп дегендер - сын есім мен зат есімдерден құралған анықтауыштық тіркестер. Қазақ тілінде анықтауыштардың көпшілігі анықтайтын зат есімдерінен оқшауланбай, қатар тұрып, қабыса байланысады, олар фразалық бір екпінге бағынып, екпін жағынан бір түйдек болып тұрады. Мысалы, семіз қой, гүлденген өмір сияқты анықтауыштық тіркестегі сөздер жұбын жазбай қабыса байланысады да, тиісті грамматикалық тұлғалар тек анықталатын зат есімге жалғанады.Анықтауыштар сөйлемде заттың әр түрлі белгісі болып, бағыныңқы мүше ретінде жұмсалғанмен, олар анықтайтын затына, сонымен қатар түгел сөйлемге көрік беріп, әсерлі етіп тұрады.
Анықтауыштар бір сөзден де, бірнеше сөзден де құрала береді. Сондай құрылысына қарап, оларды дара анықтауыш, күрделі анықтауыш және үйірлі анықтауыш деп үшке бөлеміз.Түрлі сөз таптарынан жасалатын анықтауыштардың мағыналары да әр түрлі болады. Оларды мағынасына қарай негізгі екі топқа бөлуге болады:
1) сапалық анықтауыш;
2) меншікті анықтауыш.
Сапалық анықтауыштарға сын есім, сан есім, есімдік, есімше, атау тұлғалы зат есімдерден болған анықтауыштар жатады; меншікті анықтауышқа ілік жалғауында айтылған анықтауыштар жатады. Сапалық анықтауыштар анықтайтын сөздермен қабыса байланысады, меншікті анықтауыштар матаса байланысады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет