«№ 13 жалпы білім беретін орта мектеп»
мемлекеттік мекеме
Сабақ жоспары
Тақырыбы:
«Сан есімнен өткенді қайталау»
6 - сынып
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Аймухамбетова Жанна Намазбайқызы
Семей қаласы
2007 – 2008 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.
Тәрбиелік: Талдауға алынған мысалдар, мәтіндер арқылы ұлттық дәстүрді қадірлеуге, патриоттық сезімге, киелі сандардың қасиетін білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық, ойлау, қабілеттерін арттыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Қолданылатын әдіс- тәсілдер: «Топтастыру», «Сәйкестендіру» стратегиялары,
топтық жұмыс, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Перфокарталар, суреттер,бейнетаспа, слайд.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, музыка.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру барысы. Оқушыларды түгендеу.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Балалар, бүгінгі сабағымыз «Саяхат сабақ». Сан есімді қайталау барысында өз білімімізді нығайту,тиянақтау мақсатында «Киелі сандар» еліне саяхатқа шығамыз.Оқушылардан киелі сандарды сұрау.
Балалар киелі сандарды білесіңдер ме?
Оқушыларды төрт топқа бөлу: «Бірліктер», «Ондықтар», «Жүздіктер», «Мыңдықтар».
Әр топ өз тобының атына байланысты мақал –мәтелдер айтып ,топтың атын қорғайды.
а) Бірінші жасырын тұрған киелі сан қай сан екендігін білу мақсатында оқулықтағы 183 – жаттығуды перфокарталар арқылы орындаймыз.
4 топқа да перфокарталар таратылады.
Сан есімдер
|
дара
|
күрделі
|
отыз
|
|
|
тоқсан
|
|
|
елу
|
|
|
жетпіс жеті
|
|
|
алпыс тоғыз
|
|
|
жүз елу үш
|
|
|
Сан есімдер
|
дара
|
күрделі
|
он сегіз
|
|
|
жиырма төрт
|
|
|
мың екі жүз елу сегіз
|
|
|
алты
|
|
|
үш
|
|
|
қырық екі
|
|
|
екі -үш
|
|
|
Сан есімдер
|
дара
|
күрделі
|
жиырма жеті
|
|
|
он үш
|
|
|
тоқсан
|
|
|
тоғыз
|
|
|
екі
|
|
|
алпыс
|
|
|
бір бүтін үштен екі
|
|
|
Сан есімдер
|
дара
|
күрделі
|
үш
|
|
|
төрт - бес
|
|
|
екіден бір
|
|
|
алпыс - жетпіс
|
|
|
бес - бестен
|
|
|
он – онннан
|
|
|
қырық
|
|
|
Оқушылар тапсырманы орындағаннан кейін, бірінші жасырын тұрған киелі сан ашылады. (3 саны)
ә) «Сәйкестендіру» стратегиясы. Осы киелі санға байланысты қазақ халқында қандай ұғымдар бар екенін білу үшін оқулықтағы 182 – жаттығуды орындаймыз. Кестені сан есімнің мағыналық топтарына қарай сәйкестендіріп толтырыңдар.
Сұрақтары
|
Мысалдар
|
Сан есім түрлері
|
неше?
|
|
Есептік сан есім
|
нешінші?
|
|
Реттік сан есім
|
нешеу?
|
|
Жинақтық сан есім
|
нешелерде?
|
|
Болжалдық сан есім
|
нешеден?
|
|
Топтау сан есімі
|
нешеуі?
|
|
Бөлшектік сан есім
|
Тапсырма орындалғаннан кейін 3 санына байланысты ұғымдар ашылады.
Слайд түрінде көрсетіледі.
Ү. Мәтінмен жұмыс.
(Мәтінмен жұмыс кезінде баяу музыка ойнап тұрады).
1. «Бірліктер» тобы:
а) Мәтінді қысқаша баянда.
б) Берілген мәтіндегі 3 сан есімді теріп жаз, мағынасына қарай қай топқа жататынын көрсет.
Тайқазан
Тайқазанды сегіз жүз бірінші жылы Әмір Темір жасатып, Қожа Ахмет Иассауидың мазарына сыйлаған.
Тайқазанның салмағы - екі тонна, биіктігі жүз алпыс екі сантиметр, диаметрі – екі жүз қырық екі сантиметр
Тайқазан жеті түрлі металдан жасалған. Оның қабырғасына араб әріптерінің өрнектері салынған. Гүл сияқты жасалған екі құлақшасы бар.олардың арасында он екі үлкен шүмектері бар. Ол он екі жыл мүшелді білдіреді.
(«Ол кім, бұл не?» ІІІ том)
2. «Ондықтар» тобы:
а) Мәтінді қысқаша баянда.
б) Берілген мәтіндегі 3 сан есімді теріп жаз, мағынасына қарай қай топқа жататынын көрсет.
Жақсы мен жаман
Адам атызға бір түп гүл әкеліп отырғызды. Құнарлы жерге отырғызылған ол күнен күнге тамыр жайып, гүлдене өсе береді. Гүл бірінші - күннің нұрын, екінші - мөп – мөлдір суды, үшінші – таза ауаны сүйетін. Ол осынау тіршілік иесі болғанына, өзін әкеліп отырғызған адамға өте риза болды.
Бір күні:
- Әй, сен көп асқақтама! Өмірге келгеніңе өкінетін боласың, - деген шіңкілдек дауысқа жалт қараса, дәл төменде түрі ұсқынсыз бір шөп басын қылтитып тұр екен. Гүл ештеңе дей алған жоқ. Көздері жасаурап кетті, қасындағы біршама үлкендігі бар екінші гүлге басын сүйеді.
- Жабырқама, сабыр ет! Адамдар оны «арам шөп» деп атайды. Бір басынан басқаны ойламайтын жауыз шөп. Әлі – ақ құтыламыз.
«Жақсы сөз – жарым ырыс» деген ғой. Оның көңілі біраз көтеріліп қалды. Әлгі гүлдің айтқаны рас болып шықты. Ертесіне он жастағы бір бала келді де, арам шөпті жұлып тастады. Гүл қайта құлпырды.Өмірде жақсылар да, жамандар да, бар екен.
(Б. Әбділов).
3. «Жүздіктер» тобы:
а) Мәтінді қысқаша баянда.
б) Берілген мәтіндегі 3 сан есімді теріп жаз, мағынасына қарай қай топқа жататынын көрсет.
Ақсүйек
Ойын жаздың айсыз қараңғы түнінде ойналады. Ол үшін ірі қараның, жылқының кепкен жілік сүйегі керек. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне басшы сайлап алады. Ойнды кім бірінші болып бастайтыны екі топ басшыларының жеребесі арқылы шешіледі. Әр топ өз көмбесін белгілейді. Екі топтың ойыншылары алаңға арқасын беріп сапқа тұрады. Бірінші болып ойын бастауға мүмкіншілік алған топтың басшысы сүйекті алыстата лақтырады.
Екі топтың ойыншылары сүйекті іздеуге кетеді. Сүйекті кім бірінші боп тапса, сол көмбеге қарай жүгіреді, қалғандары оны қуады. Қарсы жақтың ойыншысы жетіп, сүйекті алатын болса, бар күшін салып, оны өз көмбесіне жеткізуге тырысады. Ойын жалғасып, қайталанып, ойналады.
(«Ұлттық ойындар»)
4. «Мыңдықтар» тобы:
а) Мәтінді қысқаша баянда.
б) Берілген мәтіндегі 3 сан есімді теріп жаз, мағынасына қарай қай топқа жататынын көрсет.
Екі соқа
Бір зауыттан екі соқа қатар жасалып шықты. Біреуі егіншінің қолына түсті. Ол онымен жер жырта бастады. Екінші соқа еш қимылсыз аулада жатты. Арада бірнеше уақыт өткен соң, екі соқа кездесіп қалды. Жұмыс істеген соқа күмістей аппақ болып жарқырап тұр. Ал қимылсыз жатқан соқа тот басып қарайып кеткен.
Сен неге мұнша жылтырап, кеткенсің? – деп сұрайды екіншісі.
Мен еңбек еттім. Ал еңбек кімнің де болса шырайын кіргізбей ме? – деп жауап қайырыпты.
(Ы. Алтынсарин)
Тапсырма орындалған соң, 7 саны ашылады.
Жұмбақтар шешу.
Жұмбақтар.
1. Бір алаша төселген,
Екі ауылды жалғайды.
Өмірінде еш адам
Оны жинай алмайды.
(Жол)
2. Таңертең төрт аяқты,
Түсте екі аяқты,
Кешке үш аяқты.
(Адамның сәбилік, жастық, кәрілік, шағы)
3. Басы да екеу,
Аяғы да, екеу.
(Қайшы)
4. Он – он бесі жиылды,
Бір белдікпен буылды.
( Сыпыртқы)
5. Кездеспейді екеуі,
Көк аспанда мекені.
(Ай мен күн)
6. Қатар тұрып екеуі
Бірін – бірі көрмейді,
Көр десең де көрмейді.
(Екі көз)
7. Бір үйім бар ақ тас,
Есігін ешкім таппас.
(Жұмыртқа)
8. Үй ішінде
Отыз екі батыр.
Кіргендерді
Отап, турап жатыр.
(Тіс)
9. Үш –төрт қана тісі бар,
Шөп көтерер күші бар.
(Айыр)
Жеті санына байланысты ұғымдар ашылады. Слайд түрінде көрсетіледі.
ҮІ. Мақал – мәтелдерді толықтыру.
... жасар бала келсе,
... шал алдынан шығар.
... ... білмеген жетесіз.
... рет өлшеп, ... рет кес.
Ер жігіттің ... сөйлегені өлгені.
5. ... ... тістен шыққан сөз ... рулы елге тарайды.
6. Ел құлағы ...
7. ... бірі қыдыр.
Тапсырма орындалған соң, 40 саны ашылады.
40 санына байланысты халықтық дәстүрлер туралы айтылады. Оқушылар өз білгендерін баяндайды.
1.Қырықтың бірі қыдыр.
2 Баланы қырқынан шығару.
3.Қызға қырық үйден тыю.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.
Сұрақтар қойылады:
Сан есім дегеніміз не?
Сан есім құрамына қарай қандай топтарға бөлінеді?
Сан есім мағынасына қарай қандай топтарға бөлінеді?
Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарады?
Бейнетаспадан «Үш қоңыр» әнінің бір шумағы тыңдалады.
Бағалау.
Үй тапсырмасы. 185 – жаттығу.
а) Мәтінді қысқаша баянда.
б) Берілген мәтіндегі 3 сан есімді теріп, мағынасына қарай қай топқа жататынын жаз.
Тайқазан
Тайқазанды сегіз жүз бірінші жылы Әмір Темір жасатып, Қожа Ахмет Иассауидың мазарына сыйлаған.
Тайқазанның салмағы - екі тонна, биіктігі жүз алпыс екі сантиметр, диаметрі – екі жүз қырық екі сантиметр
Тайқазан жеті түрлі металдан жасалған. Оның қабырғасына араб әріптерінің өрнектері салынған. Гүл сияқты жасалған екі құлақшасы бар.олардың арасында он екі үлкен шүмектері бар. Ол он екі жыл мүшелді білдіреді.
(«Ол кім, бұл не?» ІІІ том)
а) Мәтінді қысқаша баянда.
б) Берілген мәтіндегі 3 сан есімді теріп, мағынасына қарай қай топқа жататынын жаз.
Жақсы мен жаман
Адам атызға бір түп гүл әкеліп отырғызды. Құнарлы жерге отырғызылған ол күнен күнге тамыр жайып, гүлдене өсе береді. Гүл бірінші - күннің нұрын, екінші - мөп – мөлдір суды, үшінші – таза ауаны сүйетін. Ол осынау тіршілік иесі болғанына, өзін әкеліп отырғызған адамға өте риза болды.
Бір күні:
- Әй, сен көп асқақтама! Өмірге келгеніңе өкінетін боласың, - деген шіңкілдек дауысқа жалт қараса, дәл төменде түрі ұсқынсыз бір шөп басын қылтитып тұр екен. Гүл ештеңе дей алған жоқ. Көздері жасаурап кетті, қасындағы біршама үлкендігі бар екінші гүлге басын сүйеді.
- Жабырқама, сабыр ет! Адамдар оны «арам шөп» деп атайды. Бір басынан басқаны ойламайтын жауыз шөп. Әлі – ақ құтыламыз.
«Жақсы сөз – жарым ырыс» деген ғой. Оның көңілі біраз көтеріліп қалды. Әлгі гүлдің айтқаны рас болып шықты. Ертесіне он жастағы бір бала келді де, арам шөпті жұлып тастады. Гүл қайта құлпырды.Өмірде жақсылар да, жамандар да, бар екен.
(Б. Әбділов).
а) Мәтінді қысқаша баянда.
б) Берілген мәтіндегі 3 сан есімді теріп, мағынасына қарай қай топқа жататынын жаз.
Ақсүйек
Ойын жаздың айсыз қараңғы түнінде ойналады. Ол үшін ірі қараның, жылқының кепкен жілік сүйегі керек. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне басшы сайлап алады. Ойнды кім бірінші болып бастайтыны екі топ басшыларының жеребесі арқылы шешіледі. Әр топ өз көмбесін белгілейді. Екі топтың ойыншылары алаңға арқасын беріп сапқа тұрады. Бірінші болып ойын бастауға мүмкіншілік алған топтың басшысы сүйекті алыстата лақтырады.
Екі топтың ойыншылары сүйекті іздеуге кетеді. Сүйекті кім бірінші боп тапса, сол көмбеге қарай жүгіреді, қалғандары оны қуады. Қарсы жақтың ойыншысы жетіп, сүйекті алатын болса, бар күшін салып, оны өз көмбесіне жеткізуге тырысады. Ойын жалғасып, қайталанып, ойналады.
(«Ұлттық ойындар»)
а) Мәтінді қысқаша баянда.
б) Берілген мәтіндегі 3 сан есімді теріп, мағынасына қарай қай топқа жататынын жаз.
Екі соқа
Бір зауыттан екі соқа қатар жасалып шықты. Біреуі егіншінің қолына түсті. Ол онымен жер жырта бастады. Екінші соқа еш қимылсыз аулада жатты. Арада бірнеше уақыт өткен соң, екі соқа кездесіп қалды. Жұмыс істеген соқа күмістей аппақ болып жарқырап тұр. Ал қимылсыз жатқан соқа тот басып қарайып кеткен.
Сен неге мұнша жылтырап, кеткенсің? – деп сұрайды екіншісі.
Мен еңбек еттім. Ал еңбек кімнің де болса шырайын кіргізбей ме? – деп жауап қайырыпты.
(Ы. Алтынсарин)
1. Басы да екеу,
Аяғы да, екеу.
2. Он – он бесі жиылды,
Бір белдікпен буылды.
3. Кездеспейді екеуі,
Көк аспанда мекені.
4. Қатар тұрып екеуі
Бірін – бірі көрмейді,
Көр десең де көрмейді.
5. Бір үйім бар ақ тас,
Есігін ешкім таппас.
6. Үй ішінде
Отыз екі батыр.
Кіргендерді
Отап, турап жатыр.
7. Үш –төрт қана тісі бар,
Шөп көтерер күші бар.
8. Таңертең төрт аяқты,
Түсте екі аяқты,
Кешке үш аяқты.
... жасар бала келсе,
... шал алдынан шығар.
... атасын білмеген жетесіз.
Ер жігіттің ... сөйлегені өлгені.
... ... тістен шыққан сөз ... рулы елге тарайды.
Сан есімдер
|
дара
|
күрделі
|
отыз
|
|
|
тоқсан
|
|
|
елу
|
|
|
жетпіс жеті
|
|
|
алпыс тоғыз
|
|
|
жүз елу үш
|
|
|
Сан есімдер
|
дара
|
күрделі
|
|
он сегіз
|
|
|
|
жиырма төрт
|
|
|
|
мың екі жүз елу сегіз
|
|
|
|
алты
|
|
|
|
үш
|
|
|
|
қырық екі
|
|
|
|
екі -үш
|
|
|
|
Сан есімдер
|
дара
|
күрделі
|
жиырма жеті
|
|
|
он үш
|
|
|
тоқсан
|
|
|
тоғыз
|
|
|
екі
|
|
|
алпыс
|
|
|
бір бүтін үштен екі
|
|
|
Сан есімдер
|
дара
|
күрделі
|
үш
|
|
|
төрт - бес
|
|
|
екіден бір
|
|
|
алпыс - жетпіс
|
|
|
бес - бестен
|
|
|
он – оннан
|
|
|
қырық
|
|
|
ҮШ ЖҰРТ
ҮШ АРСЫЗ
ҮШ МАҚСАТ
ҮШ АЛЫС
ҮШ ТӘТТІ
ЖЕТІ ҚАЗЫНА
ЖЕТІ ЖҰТ
ЖЕТІ АТА
ЖЕТІ ЖЕТІМ
ЖЕТІ ЖОҚ
ЖЕТІ ҒАЛАМ
ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ
ҚЫЗҒА ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЮ
ҚЫРҚЫН БЕРУ
КӨРКЕМ
Достарыңызбен бөлісу: |