Дене шынықтыру уақыты: «Сылдырмақты қолға аламыз,енді біз жалықпаймыз»



Дата11.05.2022
өлшемі17,46 Kb.
#142693
Байланысты:
«Сылдырмақты қолға аламыз,енді біз жалықпаймыз»
1 Human-Computer Interaction, f4d5fb21-19a2-4efa-a743-bf3567c9f866, 11 сор право

«Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің
«№30 «Жұмбақ» бөбекжай-бақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
Дене шынықтыру уақыты: «Сылдырмақты қолға аламыз,енді біз жалықпаймыз»
Дайындап, өткізген:
кіші топ №I тәрбиешісі
Дәулетқалиева Назекеш Төлеуғалиқызы

Шілде, 2021ж




Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Күні:19.07.2021
Тобы: кіші топ №II
Білім беру саласы: «Денсаулық».
Бөлім: Дене шынықтыру.
Тақырып: «Сылдырмақты қолға аламыз,енді біз жалықпаймыз»
Мақсаты:

  • Ирелең жолмен жүруге, қос аяқпен секіруге (аяқ бірге - аяқ алшақ) үйрету.

  • Шағын топпен бір-біріне кедергі жасамай жүгіру; саптан шықпай, бағытты сақтай жүру; аяқты тізеден сәл бүгіп, секіріп, аяқты алшақ, бірге ұстау дағдыларын бекіту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: жіп, әр бала 2 сылдырмақтан.
Сөздік жұмыс: жүріс түрлері, тік тұру, бір тізбекпен жүру.



Оқу қызметінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың
іс-әрекеті

Мотивация-лық - қозғаушы-лық

  1. Бір қатар сапқа тұру.

  2. Сәлемдесу.

(Нұсқауларды орындау).
Педагог төмендегі тапсырмаларды орындатады: шағын топпен жай жүру. Сап-тізбекте қолды еркін қалыпта ұстап, бір-бірден жүру. Шағын топпен бір-біріне кедергі жасамай жүгіру; саптан шықпай, бағытты сақтай жүру, жүгіру. Белгі бойынша тоқтау, әр балаға 2 сылдырмақтан беру.

Тізбекпен кіріп, бір катар сапқа тұрады. Сәлемдеседі.
Педагогті мұқият тындайды, дұрыс орындауға тырысады.

Ұйымдас-тырушы-лық - ізденістік

Сылдырмақпен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары:
Шеңбер бойы тұрғызып, жалпы дамыту жаттығуларын орындатады. Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді. Балаларға орындатады. Балалардың дұрыс орындауларын қадағалайды.

  1. Саусақ пен саусақты ақырын соғамыз (сұқ саусақ-пен: «ақырын -ақырын» деп айту).

  2. «Сылдырмақты ал». Б.қ.: аяқты еркін қалыпта, сылдырмақты қолда ұстап, отыру. 1 – сылдырмақпен қолды алға созу; 2 – сылдырмақты сылдырлату; 3 – сылдырмақты аяқтың жанына қою; 4 – бастапқы қалыпқа келу. 1 – қолды алға созу; 2 – еңкейіп сылдырмақты алу; 3 – бастапқы қалыпқа келу. 4-5 рет.




Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.
Педагогті мұқият тындайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.






  1. «Сылдырмақты көрсет». Б.қ.: аяқ сәл алшақ, еңкейіп сылдырмақты еденге қою. Тік тұрып түзелу, алақан-ды жоғары қаратып, қолды алға созып: «сылдырмақ жоқ» деу. Отыру, сылдырмақты алу, тік тұрып түзелу, сылдырмақты көрсетіп: «міне» деу. 4-5 рет.

  2. Сылдырмақтармен би. Музыкаға сәйкес еркін қимылдар жасау.

«Сылдырмаққа үрлейік» тыныс алу жаттығулары.
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:
- Ирелең жолмен жүру
- Қос аяқпен секіру
«Өз үйіңді тап» қимыл-қозғалыс ойыны.

Ойынға жаппай қатысды.

Рефлексиялық – түзетушілік

Қорытынды бөлім.
«Сылдырмақты әрі бер» қимыл-қозғалысы аз ойыны.

Ойынға жаппай қатысды.





Күтілетін нәтиже:
Орындайды: ирелең жолмен жүруге, қос аяқпен секіруді ,шағын топпен бір-біріне кедергі жасамай жүгіруді, саптан шықпай, бағытты сақтай жүруді.
Түсінеді: жаттығулардың жасалу ретін.
Қолданады: педагогтің тапсырмасын тыңдау, орындау, белгі бойынша тоқтау дағдыларын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет