ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан универститеті
БАЯНДАМА
(3-5 СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ)
Орындаған: Пимно/у-13
Мақсотова Айымгүл Оразғалиқызы
2020 жыл
Қазақ тілінің сингарно-орфоэпиялық нормасы және фонетикалық транскрипциясы
Қазақ орфографиясы мен орфоэпиясы нормаларын заңдастырумен байланысты қиындық – «бейүндес буынды» сөздердің айтылу, жазылу мәселесі. Әсіресе соңғы жылдары тіліміздің жазу нормаларына жұртшылық назары ауып, тиісті сөздіктерде көрсетілген нормалардың кейбірін сынға ала бастады. Нормалауыш сөздіктерде көрсетілген қасиет, қаріп, қабір, қадір, қауіпті, қайтіп, қайткенде, қадім, мұғалім, т.б. сөздерді кәсиет, кәріп, қабыр, қадыр, қауыпты, кәйтіп, кәйткенде, мұғалым т.б. түрінде жазып, әлгідей сөздердің нормасын тиянақтауда үндестік заңдылығына сүйену керектігін айтады. Әрине, «бейүндес буынды» сөздерді, егер олардың саны сынаушылар көрсеткен сөздермен шектелсе, солай етіп жазуға да, айтуға икемдеуге де болар еді. Бірақ мұндай типтегі сөздердің саны, түрлері осы аталған сөздермен шектелмейді, тілде бұдан басқа да біралуан сөз бар: тәкаппар, құдірет, ақырет, қауесет, қазірет, қасірет, рақымет, тауқымет, қорек, мехнат, тақсірет т.б. Бірыңғай жуан, яболмаса бірыңғай жіңішке түрде таңбалап жөнге салуға бұлардың ырық бермейтіні байқалады. Құдірет сөзін кұдірет/ күдірат, тақсірет сөзін тәксірет/тақсырат, қаракет сөзін кәрекет/харакат, бірақ сөзін бырақ, Ахмет деген есімді Ақымат деу тілге зорлық болар еді. Мұндай сөздер де, жоғарыда аталған азын-аулақ икемдеуге келеді-ау деген сөздер де шеттілдік болғандықтан, ырыққа көне бермейтіндей көрінеді. Шынында, бірыңғай жуан, бірыңғай жіңішке таңбалауға көне бермейтін тек шеттілдік қана емес, төлтума сөздер де бар: мұнікі, оныкі, ауылдікі, таудікі, көгорай, көкпарға, көкпар, қагылез т.б. Мұндай қиындықтардың икемге келеді-ау дегенін үндесіммен айтып, жазып, ал келмейтінін сол күйінде жылы жауып қойғанмен, мәселе шешілмейді. Сондықтан әңгіме «қиындықтың» төркіні неде екенін іздестіруге келіп тіреледі. Жазылу нормасы мен айтылу нормасы даулы көрінетін «бейүндес буынды» сөздердің біралуаны [қ], [к] дыбыстарының түрленімімен, қолайсыз жағдайға икемделуімен байланысты екені байқалады. Бұл жерде алдымен [қ]- ның жіңішке тембрінің пайда болуына әсер ететін түрткіжайтқа назар аударуға тура келеді. Сөздің соңғы буындарындағы жіңішке дауыстылар бірінші буындағы дауыстының жіңішке түрленіміне, ал ол өз кезегінде [қ]- ның жіңішке тембрлі реңк алуына әсер етеді. Сөйтіп, құдірет, рақмет дегендегі [қ] дауыссызы жіңішке [к'] реңкпен айтылады. Бұл – сөз ішіндегі тілдік дыбыстардың қолайсыз жағдайға түрленім түріндегі бейімделуі. Сонымен, [к]-нің әдеттегі жіңішке тембрінен басқа жуан тембрлі, [қ]- ның әдеттегі жуан тембрінен басқа жіңішке тембрлі болып келуі түрленім деңгейінде үндесім деуге болады. Сондай-ақ қауесет дегендегі [а] соңғы буындағы [е]-нің әсерінен жіңішке реңкпен айтылады. Бірақ бұл дауыстының естілімі кәдімгі [а]-мен әдеттегі [ә]-нің аралығы деуге болады. Сондай-ақ сөздегі дыбыстардың құрылымына әсер ететін түрткіжайттар болды: мысалы, шет тілден сөз енеді [құрмет, рақмет], сөз бен сөз бірігеді (бірақ бір екпінге бағынады ([ағешкі] ақ ешкі), сөз дыбыстық жақтан ықшамдалады ([кеботыр] келіп отыр) т.б. Сөйтіп, белгілі бір дыбыстар үшін жаңа позициялар пайда болады, алайда бұлардың қайсыбірі «қолайсыз» болып келді. Кейбір дыбыстар үшін қаншалықты «қолайсыз» жағдайда болса да, олардың тіл заңдылығына, нормасына бейімделетіндей әлеуеті (потенңиалы) болады. Кей жағдайда тілдік бірліктердің ондай әлеуетін танып-білу оңай бола бермейді. Мысалы, араб тілінен енген құрмет деген сөздің «басы жуан, аяғы жіңішке» болып, қазақ тілінің әдеттегі үндесімімен үйлеспей тұрған сияқты көрінеді. Егер үйреншікті үйлесім тезіне түссе [күрмет] немесе [құрмат] болар еді. Бірақ бұлай деу – донор тілдегі түпнұсқадан мүлде алшақ. Тілдегі ауыс-түйіс тәртібі бойынша кірме сөз, бір жағынан, түпнұсқадан көп алшақтамауға, екіншіден, импорттап алған тілдің заңына бағынуға тиіс. Осы екі үрдіс бір-біріне қарама-қарсы болмай, керісінше, бір-бірімен үйлесімді болуы керек. Ал, шынында, құрмет, тақсірет, хазірет, бірақ, қайткенде тәрізді сөздерді қазақ тілінің дыбыс тәртібіне мүлде бейімделмеген деуге болмайды. Бірақ бұл сөздер әдеттегі жуан (тембрлі) [қ]-ның жіңішке реңкте түрленуі арқылы үндесім заңына бейімделген. Сондай-ақ менікі, оныкі, көкпар, көгаршын, көгал дегендегі [к] – жуан тембірлі дауыссыз. Бұл дыбыс та үндесім заңына жуан реңк түрінде бейімделген. Осы тәрізді ерекшелік [ғ] мен [г] дауыссыздарында да бар екені байқалады. Атап айтқанда, [ғ]-ның жіңішке тембрлі вариациясы [ағ'ешкі] ақ ешкі, [ғ'аз'ійз'] газиз мына тәрізді әлсіз позицияда кездессе, ал [г]-нің жуан түрленімі [гауқар] гауһар, [когал] көгал, [когаршын] көгаршын, [когорай] көгорай т.б. әлсіз позицияда ұшырасады. Осы кезге дейін орфоэпиялық сөздіктерде дыбыстардың әлсіз жағдайдағы түрлері (варианттары) тіркеліп, норма ретінде көрсетіліп келді, ал дыбыстардың әлсіз жағдайдағы түрлерінен басқа, түрленімдерінің де (вариацияларының да) болатыны енді ғана белгілі болып отыр. Бұл кұбылысты да жай ғана дағды емес, норма ретінде тану қажет.
Сингармонизм (грек. Sun – бірге және harmonia – байланыс, үндесу) – түркі тілдеріне тән аса күшті заң. Осы уақытқа дейін сингармонизм дауысты дыбыстардың үндесуі немесе буын үндестігі делініп келді: «түбірдегі дауысты жуан болуына қарай оған тікелей көршілес қосымшадағы дауысты да тиісінше жуан болуы алдындағы өзімен тетелес қосымшамен байланысты; біртіндеп, сатылып барып бір буын екінші буынды ілестірумен барабар, сөздегі барлық буындарға арқау дауыстысы». Яғни қосымшадағы дауыстының сипаты түбірдегі дауыстыға байланысты, бірімен бірі үндесіп тұрады.
Сингармонизм түрлері. Түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады.1) Дауысты дыбыстар тілдің қатысы жағынан және 2) еріннің қатысы жағынан бір бірімен үндесіп айтылады.
Лингвальдық сингармонизм. Тілдің қатысы жағынан сөз ішінде дауыстылар не бір өңкей жуан дауыстылар, не бір өңкей жіңішке дауыстылар болып үндеседі. Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыстының әуеніне қарай ыңғайланып айтылады.Дауыстылардың бұлайша үндесуі лингвальдық сингармонизм деп аталады. Ерін үндестігі немесе лабиальдық сингармонизм. Бастапқы буындағы ерін дауыстының ыңғайына қарай, соңғы буындарда да ерін дауыстылардың келуі дауысты дыбыстардың ерін қатысы жағынан үндесуі нәтижесінде болады. Дауысты дыбыстардың үндесуінің бұл түрін ерін үндестігі немесе лабиальдық сингармонизм дейміз.
Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып, үйлесіп келуін ерін үндестігі дейді. Қазақ тілінде ерін үндестігі бар ма, бар болса, неше буынға жетеді дейтін мәселе әлі күнге толық шешімін таба алмай келеді.
Қазіргі қазақ тіліндегі ерін үндестігі жайында пікір айтушылар академик
I.Кеңесбаевтың тұжырымын негізге алып жүр.
Фонетикалық транскрипциясы
Дыбыс пен оның таңбасы,сөздің жазылуы мен айтылуы үнемі бір-біріне сәйкес келе бермейді.Бұлардың арасындағы осы сәйкессіздікті барынша азайтып,, дыбыстық тілді мүмкіндігінше дәл беру үшін лингвистикада арнайы жазу – транскрипция қолданылады.Транскрипция - бұл әріптер немесе сөздердің дыбысталуын ерекше фонетикалық белгілер арқылы жүйелі түрде жазу, графикалық және орфографиялық нормаладың ескерілмей, айтылудың барлық ерекшеліктерін дәлірек көрсететін мәтіннің жазылуы.
Мүмкін транскрипция әркімге қызық емес шығар, дегенмен ол пайдалы екені күмәнсіз, транскрипцияны біле отырып, сіз бөгде адамның көмегінсіз белгісіз сөзді дұрыс оқи аласыз. Сабақ кезінде сіз сөздің транскрипциясын айналаңыздағы адамдардан қайталап сұрамай-ақ өзіңіз оқи аласыз,сонымен қатар сіз өзіңізге лексикалық материалды меңгеру процесін жеңілдетесіз.
Айтылуда әрқашан әртүрлі ерекшеліктер болатындықтан, бастапқы кезеңде оқылуда қателіктер болады. Сәл кейінірек, керек жағдайда сіз өзіңіз сөздердің транскрипциясын жаза аласыз.Транскрипция оқу ережесімен тікелей байланысты, өйткені ағылшын тілінде сөздердің жазылуы мен оқылуы сәйкес келмейді.Фонетикалық транскрипция дегеніміз бұл әр дыбысқа белгілі бір таңба сәйкес келетін дыбыстың графикалық белгіленуінің шартты жүйесі.
Сол сияқты фонетикалық транскрипцияның көмегімен дыбыстың ұзақтығын және екіпіннің орнын көрсетуге болады.
Транскрипция-тілдегі дыбыстарды дәл бейнелеп көрсету үшін пайдаланатын шарты мағына.Оның негізгі қызметі сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету.
Тіл-тілде транскрипцияның 2 түрі болады.
Фонемалық транскрипция-сөздің дыбысталуындағы өзгерістерді ескермейді. Қазіргі ше айтқанда орфография заңдылықтарына сүйеніп берілді.
Фонетикалық транскрипция-тілдегі сөздің айтылуындағы дыбысталу дәлме-дәл көрсетіледі. Қазіргі ше орфоэпия заңдылықтарына сай келеді.
Фонетикалық транскрипция бойынша қазақ тілі дыбыстары мынадай өзгерісте болады.
Сөз басындағы о,ө әріптерінің алдынан у әрпі, сөз басындағы е әрібінің алдынан й әрпі келеді.
У, и дыбыстары қай орнында қолданылса да, былайша белгіленеді.У- ұу, үу, (у-дауыссыз болса, жалғыз жазылады.) И-ый, ій.
Ю,я,ё әріптерінің жазылуы
Ю-йу, Я-йа, Ё-йо
Дауыссыз дыбысқа тән де осындай ерекшеліктер бар.Сөз басындағы ж және сөз ортасындағы щ дыбыстары қосарланып жұмсалады.
Ч, ц дыбыстары
Ч-тш, Ц-тс
Транскрипцияда айрықша белгілері болады.
А) сөз екпіні '
ә) тіркес екпін U
б) сөйлем ішіндегі пауза /
в) сөйлем жігін білдіретін //
г) жіңішкелік белгі «‘»
Достарыңызбен бөлісу: |