Азаматтық авияция академиясы Тақырып:Қышқылдар, негіздер және тұздар



Дата24.10.2019
өлшемі47,23 Kb.
#50611
Байланысты:
Қышқылдар негіздер тұздар

Азаматтық авияция академиясы

Тақырып:Қышқылдар, негіздер және тұздар

ЛЭ «19-2

Тексерген:Нысанбаева Г.Р

Орындаған:Ташимбетов О.К

Нұрғали А.Н

Айбас Б.Ж

Жоспар: 1)Қышқылдар, негіздер және тұздар. Олардың жіктелуі және химиялық қасиеттері. 2)калий, натри және темір сульфидтері – өздігінен тұтанып жанатын заттар.

Оксидтер немесе Тотықтар — химиялық элементтердің оттекпен түзетін қосылыстары. Тотықтардың құрамы элементтердің валенттілігіне қарай әр түрлі болады. Тотығатын элементтің валенттілігі тұрақты болса, оттекпен бір ғана тотық түзеді де оны тотық деп атайды. Мысалы, калий тотығы (К2О), кальций тотығы (СаОЭлементтің валенттілігі[1] ауыспалы болса, онда ол бірнеше тотық түзеді. Оның жоғары валенттісін тотық деп, ал төмен валенттісін шала тотық дейді. Мыс., темір тотығы (Fe2O3), темір шала тотығы (FeO), т.б. Тотықтар химиялық қасиеттері бойынша тұз түзетін (Na2O, MgO, Al2O3, Fe2O3, CaO, т.б.) және тұз түзбейтін немесе индифференттік (N2O, CO, NO, H2O) деп бөлінеді. Тұз түзетін тотықтар негіздік, қышқылдық немесе ангидридтер және амфотерлі (екідайлы) болып бөлінеді. Негіздік оксидтер (Lі2O, CaO, FeO, MgO, т.б.) сумен тікелей немесе жанама жолмен әрекеттесіп, негіз [(LіOH, Ca(OH)2, Fe(OH)2, Mg(OH)2)] түзеді.), т.б.

Қышқылдар.

  • Қышқыл — химиялық қосынды, көк лакмус қағазына қызғылт рең беретін ерітінді, дәмі қышқыл. Қышқылдар құрамына қарай оттекті, оттексіз болып, олардағы сутек атомдарының сандарына қарай бір және көп негізді деп бөлінеді. Қышқыл ертітінділерде түсін өзгертетін заттарды индикаторлар деп атайды
  • Қышқылдар сутек атомынан және қышқыл қалдығынан құралған күрделі зат, олар екі топқа бөлінеді: Оттекті және Оттексіз Оттекті: HNO³, H²SO(4), H²CO³, H²SiO³, H³PO(4), H²SO³ Оттексіз: HCl, H(I), HBr, HF, H²S
  • Азот, тұз, күкірт қышқылдары сұйық заттар, ал фосфор және бор қышқылы (Н3BО3) - қатты заттар болса, кремний қышқылы суда ерімейтін іркілдек затКөмір және күкіртті қышқылдары тұрақсыз, оңай айырылатын заттар.
  • H2CO3→CO2↑+H2O;H2SO3→H2O|+SO2↑Қышқылдардың құрылысының формуласын жазғанда әуелі сутектің таңбасын шетіне жазамыз, өйткені ол бір валентті элемент.
  • Оттексіз қышқылдарда сутек қышқыл түзуші элементпен тікелей байланысады: Н—C
  • Қышқылдардың химиялық қасиеттері
  • негіздік оксид + қышқыл = тұз + Н2О
  • CuO + 2HCl = CuCl2 + H2O
  • негіз + қышқыл = тұз + Н2О

  • Ba(OH)2 + H2SO4 = BaSO4 + 2H2O

Негіздер.

  • Негіздер– ерітінділерінде бір немесе бірнеше гидроксид иондарын түзіп, диссоциацияланатын күрделі заттар. Егер элемент бірнеше гидроксид түзетін болса, оның тотығу дәрежесі рим цифрымен көрсетіледі. Мысалы, Cu(OH)2 – мыс (ІІ) гидроксиді, CuOH – мыс (І) гидроксиді. Негіздердің көпшілігі суда ерімейді немесе аз ериді. Суда жақсы еритін Негіздерді сілтілер деп атайды. Оларға LіOH, NaOH, KOH, RbOH, CsOH, Sr(OH)2, Ca(OH)2, Ba(OH)2, NH4OH (NH3*H2O аммиак суы) жатады. Сілтілердің судағы ерітінділері теріні, матаны, т.б. күйдіреді. Осыған байланысты кейде оларды күйдіргіш калий, күйдіргіш натр, т.б. деп те атайды. Құрамында екі не үш гидроксид тобы бар Негіздер ерітіндіде сатыланып диссоциацияланады. Мысалы, Ca(OH)2*Ca(OH)++OH (бірінші саты), Ca(OH)+Ca2++OH екінші саты). Сонымен қатар бір мезгілде қышқылдық және негіздік типпен диссоциациялана алатын Негіздер (гидроксидтер) де болады. Негіздердің маңызды химиялық қасиеттері олардың қышқылдармен, қышқылдық және амфотерлік оксидтермен немесе гидроксидтермен тұз түзе әрекеттесуі. Сілтілік металдар гидроксидтері қыздыруға төзімді. Суда жақсы еритін Негіздерді негіздік оксидтерін сумен тікелей әрекеттестіру арқылы алады. Мысалы, CaO+HА2O*Ca(OH)2. Суда аз еритін немесе ерімейтін Негіздерді сәйкес элементтің тұзына ерімтал гидроксидтермен әсер ету арқылы жанама жолмен алады. Мысалы, FeCl3+ +3NaOHFe(OH)3+ 3NaCl.
  •  [Негіздердің алынуы1] 1) сумен әрекеттесуі:
  • активті метал + су = сілті + сутек
  • 2Na + 2H2O = 2NaOH + H2
  • сілтілік және сілтілікжер метал оксидтері + су = сілті
  • CaO + H2O = Ca(OH)2
  • Негіздердің химиялық қасиеттері:
  • 1. Бейтараптану реакция
  •  а) негіз + қышқыл = тұз + Н2О
  • 3NaOH + H3PO4 = Na3PO4 + 3H2O
  • Cu(OH)2 + 2HCl = CuCl2 + 2H2O
  •  б) негіз + қышқылдық тұз = орта тұз + су
  • Ca(OH)2 + Ca(HCO3)2 = CaCO3↓ + 3H2O
  •  2. қышқылдық оксид + негіз = тұз + су
  • SO2 + 2KOH = K2CO3 + H2O


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет