Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Жаратылыстану және география институты
Қабылдаған: Абулгазиев А.У.
Орындаған: Сырлыбек Г. А.
Қабылдаған:Алиев М.
Орындаған: Сырлыбек Гүлназ,
Сәкен Ақберен,
Темирғали Мадияр
Алматы,2022
Геологтардың негізгі мақсаттарының бірі — тау жыныстарының жасын анықтау. Ол мақсатты орындау палеонтологиялық зерттеу тәсілін қолданудың нәтижесінде мүмкін болды. Бұл тәсіл тірі ағзалардың (өсімдіктер, жәндіктер және жануарлар) эволюциясын зерттеп, оларды даму кезеңдеріне бөлуге және соның негізінде геохронологиялық кестені дайындауға мүмкіндік берді.
Палеозойга дейінгі жыныстар
Палеозой жыныстары
Мезозой жыныстары
Кайнозой шөгінділері
Антропогендік (төрттік) шөгінділер
Палеозойга дейінгі жыныстар
Ең ежелгі кезеңдерде қалыптасты. Ол күшті үгілу нәтижесінде таулы аудандардың орталық қыркаларында жер бетіне шығып жатады. Кристалды тақтатастар мен гнейстердің жер бетіне шығып жаткан жерлері Солтүстік Тянь-Шань жоталарында, Мұғалжарда және Сарыарқадағы Ұлытау мен Көкшетауда байқалады.
Палеозой жыныстары
Көптеген таулы аудандарда кездеседі. Мұғалжар, Сарыарка, Солтүстік Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Тарбағатай жәнө Алтай таулары осы жыныстардан тұрады. Оған: ақтас, кұмтас, кызғылт кұмтас, сазды тақтатас жатады.
Мысалы, қорғасын, темір, марганец, қалайы, вольфрам, алтын, т.б. кен орындарының пайда болуы палеозойлық жыныстардың таралуына байланысты.
Біршама сирек кездеседі. Бұлар Маңғыстаудағы Қаратау жотасында, Жем үстіртінде, Іле және Торғай ойыстарында көп тараған.
Біршама сирек кездеседі. Бұлар Маңғыстаудағы Қаратау жотасында, Жем үстіртінде, Іле және Торғай ойыстарында көп тараған.
Мезозой жыныстары
Кайнозой шөгінділері
Кайнозой эрасында, яғни ең жас альпілік қатпарлықта Балқаш-Алакөл және Жайсан тауаралық ірі қазаншұңқырлары қалыптасты. Олар палеоген, неоген және антропоген кезеңдерінде өзен түбінде түзілген шөгінді жыныстардың қалың қабатымен толтырылған. Кейін болған тауқұрулар тау рельефтерін жаңартуға үлкен әсерін тигізді. Каледон және герцин қатпарлықтарында көтеріліп үгіліп қираған таулар енді қайта көтерілді. Неоген мен антропогенде жүрген жаңа тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, ТЯнь-Шань тауларының қайта жаңғыруы басталды.
Антропогендік (төрттік) шөгінділер
Қазақстанның барлық аймақтарында ұшырасады. Жердің геологиялық тарихында антропоген дөуірі ең соңғы және уақыты жағынан ең қысқа кезең. Бірақ антропоген шөгінділері қазіргі кезеңде де ірі жазықтармен тау аралық ойыстарда көптеп кездеседі. Олар әр түрлі жолмен пайда болған. Каспий маңы ойпатында, Қаракұм және Торғай үстіртінде теңіздік шөгінділер тараған. Олардан көлдік және өзендік террасалар мен жағалау бойындағы жазықтар түзілген.Осы кезеңде қалыптасқан Балқаш-Алакөл, Жайсаң тауаралық ірі қазаншұңқырларды атап өтсек болады. Мұздық шөгінділер қазіргі мұз басқан Алтай, Жетісу Алатауы және Тянь-Шань тау жүйелерінің аңғарларында кездеседі.
Қорытынды
Жердің даму тарихында болып өткен қатпарлықтарға қарап жеріміздің шикі заттар мен пайдалы қазбаларға бай екенін ескеретін болсақ, өндіріліп жатқан кенді,кенсіз пайдалы қазбалардың да елімізге экономикалық жағынан дамыған елдер қатарына қосылуға тағы бір себеп екенін аңғарамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х
"Қазақстан энциклопедиясы",5 том
Казахская ССР / Гл. ред. Р. Н. Нургалиев. — Алма-Ата: Гл. ред. Казахской советской энциклопедии, 1988. — Т. 2. — С. 8. — ISBN 5-89800-002-X.