Қазақстан халқы үшін ұлттық ойындар әр кезде де әлеуметтік зор мағынаға ие. Күш пен төзімділікке, ақыл мен шапшаңдыққа, атқа отырып шабу мен мергендікке бағытталған ойын түрлері өте көп. Сондай ойындардың бірнешеуі



Дата07.02.2022
өлшемі22,13 Kb.
#89598
Байланысты:
дене шынықтыру




Қазақстан халқы үшін ұлттық ойындар әр кезде де әлеуметтік зор мағынаға ие. Күш пен төзімділікке, ақыл мен шапшаңдыққа, атқа отырып шабу мен мергендікке бағытталған ойын түрлері өте көп. Сондай ойындардың бірнешеуі:
Тартыс — ұлттық ойын.
Ойын көгалды алаңда, спорт залда ойналады. Спорт залда өтетін болса, еденге кілем төселеді. Ойынға 4-30 адам қатынасады. Ойынға тек ер балалар қатынаса алады.
Ойыншылар тепе-тең екі топқа бөлінеді, екі-екіден жұптасып түрысады. Ортаға екі жұп шығады. Бірі екіншісін арқалап алады. Белгі бойынша олар бір-біріне жақындаса бастайды. Мақсаттары бірін-бірі аударып кету. Тартыс басталады. Егер арқадағы ойыншының бір жері жерге тиіп кетсе, жеңілген болып есептеледі. Ойынға келесі екі жұп шығады. Олар да осылай тартысады. Ойын жалғаса береді. Қай топ көп аударса, сол топ жеңген болып есептеледі. Артынан ойыншылар бір-бірімен орын ауыстырады. Ойын жастардың дене, білек күшін сомдауға, төзімділікке үйретеді. 


Күміс алу

Александр Македонскийді Орта Азия еліне келген сапарында таң қалдырған, нақ осы ойын түрі. Тарихшылардың деректеріне сүйенсек, күміс алу ойынын көрген ол: «Міне, атты-жауынгердің нағыз дайындығы», - деген екен. Жас жігіттің бұл жарыста шеберлігі мен нағыз ептілігі сыналатын. Ойынның бұрынғы шарты - ат үстінде қатты жауып келе жатып, жердегі жатқан күмісті іліп алу болған. Қазіргі кезде бұл ойынға қатысушы шытқа түйіліп, екі жақтан қатар қойылған тиындарды қатты шабыстағы аттың үстінен еңкейіп оңы мен солынан теріп алуы қажет. Бір келгеннен көп шытты жинаған адам, жеңімпаз атанады.
Қыз-қуу

Бұл ойын түрі бізге сонау сақтар заманынан еніп, әсіресе жастар арасындағы сүйікті ойынға айналды. Дәстүр бойынша қыздың ықыласына бөленгісі келген жігіт, оны жүйрік атпен қуып жетуі тиіс. Халық мерекесіне жиналған жастар сәйгүліктерге мініп, ортадағы алаңға шығады. Белгі беріле салысымен бойжеткен атына қамшы баса шаба жөнеледі. Бозбала бар өнерін сала қайтсе де қуып жетіп, қыздың бетінен сүйеді, әйтпегенде жиылған қауым мен достарының күлкі-келемежіне, жас арудың сынына қалады. Сұлуға жете алмаған жігіт, атының басын бұрып, қамшы сала кері шабады. Енді оған жету қызға міндет, бетінен сүю үшін емес, жолы болмаған жігітті... қамшының астына алу мақсатында. Дегенмен, бұл ойын түрі қай кезде де жастарға сынақтан гөрі, үлкен мен кіші қызыға тамашалайтын көңілді спектакль іспеттес болған.
Көкпар

Қазақстың ұлттық «Көкпар» ойыны өз тамырын, сонау көшпелі заманнан алады. «Көкпар – көкбөрі» деген мағынаны береді. Қасқырлар көшпенді халықтың қас жаулары болған, себебі мал-жанға келтірер зияны мол. Қасқырды өлтіру үлкен олжа саналып, қуанышқа бөлеген. Жыртқыштың басын ру басшысына, ал денесін жиылған қауымның жәукемдеуіне тастайтын. Ара-тұра басты кім апарады деген жігіттер арасында дау-дамай да туындап қоятын. Осындай талас біртіндеп уақыт өте келе ойынға айналып кеткен. Қасқырдың денесін кей-кездері ешкініге де алмастыратын болған.
Көкпар – күш пен ептілік, төзімділік, сонымен қатар атта отыр білу өнерінің де сайысы. Сайыс кезінде барлық қатысушылар алаңға жиналған. Сайыскерлерден 50-60 қадам жерге ешкінің денесі тасталып, көкпар ойыны басталатын, ол кеш қарайғанға дейін жалғасын таба беретін. Сайыс ат үстінде өтеді. Соңында көкпар қай ауылда қалса, сол жеңісті иеленген. Көкпар қазіргі таңда да сұранысқа ие, белгілі ойын түрі.
Үш негізгі спорт ойындары :
Волейбол
Волейбол - комбинациялық спорт түрі. Волейбол алаңында әрбір спортшы маңызды рөл атқарады. Волейбол ойыншысы биіктікке секіру қабілеті жоғары, реакциясы мықты, командаластарымен еркін түсінесетін, физикалық әлеуетін соққы жасау кезінде орынды пайдаланатын ойыншы болғаны жөн.
Волейбол ойнаушы адамдардың бұл ойынды ұнатуының басты себептері: салауатты өмір салтын ұнату, ережелерінің оңай болуы және волейбол ойнау үшін көп құралдың қажет болмауы.
Волейболдың бірнеше түрі бар: жағажай волейболы, мини-волейбол, пионербол, саябақтағы (парктегі) волейбол (1998 жылы Токиодағы ФЫВБ кеңесінде бекітілген).


Баскетбол (ағылш. баскетбаллбаскет - себет (торқалта), балл - доп) —- ептілікті қажет ететін қызу тартысты спорт ойын. Оған бес ойыншыдан тұратын екі команда қатысады. Баскетбол алаңының қарама-қарсы екі шетіне орнатылатын қалқаны бар тағандарға сақина бекітіледі. Ойынның мақсаты- допты қарсыласының сақинасына түсіріп, ұпай жинау. Ойыншылар допты лақтыруға, пас жасауға, домалатуға немесе жерге жиі-жиі ұрып дриблингпен алып жүруіне болады. Доп өзіне тигеннен кейін ойыншы онымен тек екі адым ғана аттай алады. Баскетболды таза 20 минуттан екі тайм ойнайды. Таймдардың арасындағы үзіліс 10 минуттан тұрады. Ойынның басталуында төреші алаңның қақ ортасында командалардың екі ойыншысының арасында тұрып допты тіке лақтырады. Олар секіріп, допты командасындағы әріптестеріне тартып әперуге тырысады.

Футбол ойыны


Футбол ойыны барлық дүниежүзі елдерінде танымал. Футбол спорт түрі сияқты ұдайы дамиды, ойын тәсілі де ұшталып, футболистің қозғаду қызметі қиындатылады.
Футболистің спорттық мастерствосы озықтыққа жету үшін қозғалмалы қызметтің жаңа одан да тиімді тәсілдер көмектеседі. Ойынның өзгешелігінденгі нақты білімге сүйенсек, футболистің қозғалу қызметін ұйымдастыра отырса негізгі ойынның даму үрдісіне негі болады.
Футбол жас адамдардың дамуына көмектеседі. Олардың физикалық даму сапасына, мінездің маңызды сипаттарын тәрбиелеу, мысалға: творчестволық белсеңділік, берілген жұмасқа жауапкершілік, талаптылықты жүзеге тартады. Ал бұл өз алдында өте түбегейлі. Бұндай сапаларға иемденген адам өзінің қоғамына үлкен пайда әкелетіне сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет