Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдары, одан кейін де ксро-ның



Дата11.12.2022
өлшемі30,79 Kb.
#162322
Байланысты:
КСРО-ның әскери-өнеркәсіп кешені(Байқоңыр,Семей,Сарышаған


Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдары, одан кейін де КСРО-ның
әскери - стратегиялық, экономикалық өмірінде өзіндік маңызға ие болды.
Соғыс өнеркәсіптің барлық салаларын қорғаныс, машина жасау,
металлургия, жылу-энергетикалық, қару-жарақ, оқ-дәрі, тамақ, т.б.
шоғырландыруды талап етті. Соған сәйкес республика өнеркәсібінің
тұтастай соғыс жағдайына көшірлді. Соғыстың алғашқы жылы-ақ еліміздің
облыстарына, өнеркәсіп орталықтарына ондаған зауыттар мен кәсіпорындар
көшіріліп әкелініп орналастырылды және олардың жұмысы майдан
қызметіне бағытталды.
Соңғы жылдары қол жеткізілген мұрағат деректері осы өнеркәсіп
орындарының тарихы республиканың КСРО ӘӨК-нің қалыптасуындағы
ролі мен орнын анықтауға мүмкіндік беріп отыр.

Соғыстан кейінгі кезеңде экономиканы одан әрі әскерилендіру жалғасты. Ауыр өндірістің көптеген кәсіпорындары халық шаруашылығына зиян келтіре отырып, орасан зор көлемде әскери өнімдер шығарды.Қазақстан аумағында аса қуатты әскери – өнеркәсіп кешені қалыптасты.50- ге жуық қорғаныстық маңызы бар кәсіпорын құрылды.Осы өндіріс орындарында КСРО армиясы жаяу әскер соғыс машиналарының -18 %, барлық артиллериялық жүйелердің 11 % өндірілді


.
Қазақстан өнеркісібінің дамуы соғыстан кейінгі жылдары соғысқа
дейінгі деңгейінен екі еседей асып түсті.
1. Қазақстандағы әскери өнім шығарған кәсіпорындар

XX ғасырдың ортасына таман республикамызда өзіндік ерекше


инфрақұрылымдары бар жабық қалалар мен орталықтар құрыла бастады.
Сондай орталықтардың бірі – Байқоңыр, әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми
ғарыш сынақ алаңы болып табылады, оның басты және көмекші
нысандарының жалпы ауданы 6 717 шаршы шақырымды құрайды
Байқоңыр космодромының құрылуы Р-7 алғашқы құрлық аралық
баллистикалық зымыранының пайда болуымен тікелей байланысты
Р-7 құрлық аралық қашықтыққа ұшырылатын жаңа көп сатылы
баллистикалық зымыранның өмірге келуімен алдағы істелінетін
жұмыстардың көлеміне байланысты жағдай түбегейлі өзгерді. Құрлық
аралық зымыранды сынауға арналған сынақ алаңы (полигон) мәселесі
туындады. Сынақ алаңының бұрынғы сынақ базасы жаңа зымыран үшін тарлық етті.
Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, "Салют", "Мир" орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған "Протон", "Зонд", "Прогноз", байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған "Молния", "Экран", "Горизонт", "Радуга", "Метеор", т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 3 рет (1994, 1998, 2001) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К.Әбілғазин, полковник Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды. Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30 — 35 мың т. улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.

1949 жылы 29 тамызда Кеңес елінде Семей сынақ алаңында ядролық


бомбаны жару сәтті жүзеге асқаннан бастап, 20 ғасырдың екінші жартысынан халық қаіупсіздігі үшін жанталасқа толы жаңа бағыттағы сипатқа ие болды.
Атом қаруының ойлап табылуы жаңалығының техникалық
маңызынан гөрі саяси маңызы жоғары тұрды. Екінші дүниежүзілік соғыс
аяқталғаннан кейінгі төрт жыл ішінде атом қаруының жалғыз қожайыны АҚШ елі болса, Семейдегі сынақтың сәтті нәтижесі геосаяси, жаһандық
мәні бар, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жалғыз жол еді. Ядролық
жойқын қарудың тепе-теңдігін орнату арқылы қауіпсіздікті сақтау қажет
болды. Алайда, атом қаруын жасаушылар бұл адамзатты құрдымға
жіберетін жойқын ядролық қауіп екенін де түсіне бастады [Ядролық
қаруды КСРО-ның қысқа мерзім ішінде иеленуі АҚШ басшылығы үшін
күтпеген жағдай еді, сондықтан 1951 жылдың 31 қаңтарында Осылайша, АҚШ пен КСРО
арасында ядролық қарудың жаңа түрлерін жасаудың бәсекесі басталып кетті.
Бұл жойқын қаруды АҚШ тың Жапон елінде сыннан өткізуі әскери
күштің тепе-теңдігін тас талқан етті. Сондықтан КСРО жауап ретінде жедел
түрде атом жобасын жүзеге асырудың ұйымдастыру жұмыстарын бастап
кетті. Л.П.Берияның басшылығымен жобаның бар жұмысын құпия түрде
басқарып, қадағалайтын № 2 арнайы комитет құрылды
аралық жағдай түбегейлі өзгерді.
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды.
1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұр
1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов.
1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.

Еуразиядағы зымыранға қарсы қаруды жасау мен сынауға арналған алғашқы және жалғыз полигон. КСРО-да полигонның ресми атауы - КСРО Қорғаныс министрлігінің (КСРО Қорғаныс министрлігі) No 10 Мемлекеттік ғылыми-зерттеу полигоны [2]. Көпбұрыш 81,200 км² (оның ішінде 49,200 км² Қазақ ССР-інің Қарағанды ​​облысында) алып жатты.

Полигон мен қала құрылысы 1956 жылы басталды. [3] А жүйесі деп аталатын зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің дамуына байланысты полигон үшін жерді таңдаудың негізгі критерийлері, Капустин Яр және НИИП-5 (Байқоңыр) зымыран полигондарын құру кезіндегідей, халық аз қоныстанған жазық, иесіз аймақтың болуы, бұлтсыз күндердің көп болуы, бағалы егістік жерлердің болмауы ... Маршал Неделин еске алды

Бұл өте қатал шөлді аймақ, адам қоныстанбаған, тіпті жайылымға жарамсыз. Тасты, құрғақ және сусыз шөл. Бірақ зымыранға қарсы диапазондағы негізгі тұрғын үй Балқаш көлімен байланысты болуы мүмкін. Онда тұщы, қатал болса да суы бар, егер сіз бұл сөзді айдалаға қолдана білсеңіз, қала рахатқа бөленеді.


1961 жылдың қазанында және 1962 жылдың қазанында полигон үстінде күрделі сынақтар кезінде 80 км-ден 300 км-ге дейінгі биіктікте 5 ядролық жарылыс болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет