М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті Тақырыбы: Л.Брежнев бастаған номеклатуралық топтың билікке келуі Қабылдаған: Белгібай Жанар Топ: СМ-20-12k Дайындаған: Амит Арман 2020-2021
Брежнев Леонид Ильич (1906 ж. желтоқсанның 19 — 1982 ж. қарашаның 10) — 1964 ж. бастап КОКП ОК Бірінші хатшысы (1966 ж. бастап Бас хатшы) және КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы (1960—64 жж. және 1977—82 жж. Төрт рет Кеңес Одағы ері, Социалистік еңбек ері. Жұмысшы отбасында дүниеге келген. Курск жерге орналастыру-мелиорация техникумын (1927), Днепродзержинск металлургия институтын (1935) бітірген. 1931 жылдан СОКП мүшесі. 1947 ж. Днепропетровск облыстық партия комитетінің 1-хатшысы, 1950 жылы Молдавия КП ОК-нің 1-хатшысы болған. 1954 жылы ақпанда Қазақстан КП ОК-нің 2-, 1955 жылы тамызда 1-хатшысы болып сайланды. Қазақстанда отарлық тәртіптің нығаюына, қазақ халқының мәдениеті мен тілінің шеттетілуіне себепкер болған тың және тыңайған жерлерді игеру ісіне басшылық жасады. Л.Брежнев бастаған номеклатуралық топтың билікке келуі 1960—64 жылы КСРО Жоғ. Кеңесі Төралқасының төрағасы, СОКП ОК-нің 1-хатшысы (1964), Бас хатшысы (1966) болып сайланған. Брежнев басшылық еткен жылдары “Кеңес империясында кемелденген социалистік құрылыс жеңді” деген негізсіз ресми тұжырым жасалды. Осыған қарамастан КСРО экономикалық және саяси қайшылықтар мен тоқыраудан шыға алмады. Брежнев ішкі саясатта әкімшілдік-әміршілдік жүйені орнықтырды. Кадрларды іріктеуде және тағайындауда сыбайластыққа, парақорлыққа жол берілді. Ел ішінде армияның, қауіпсіздік органдары мен СОКП-ның бақылаулары үстем болды. 1968 жылы Кеңес Армиясы Чехословакияға, 1979 жылы Ауғанстанға басып кірді. Халықартардың қарым-қатынас мейлінше шиеленісіп кетті. Варшава шартындағы мемлекеттерге зымыран қару-жарақтарын орналастыру, әскери әлуетті күшейту жолындағы бәсекелестік елдің саяси-экономикалық дағдарысқа ұшырауына себеп болды. Брежневті мақтау, орынсыз мадақтау әрекеттеріне кеңінен жол ашылып, ол 220-дай кеңестік және шетелдік ордендермен, медальдармен марапатталды. Елде қалыптасқан жағдайы түзеу және жол берілген қателіктерді жою жөнінде кезек күттірмейтін шығұл шараларды 1964 жылы 14 қазанда болып өткен КОКП-ның пленумында қабылдады. Пленум Н.С.Хрущевті КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және КСРО Министралер Советінің төрағасы міндеттерінен босатты. Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы етіп Л.И.Брежневті сайлады, ал Кеңес Өкіметінің басшысы етіп КСРО Жоғарғы Кенесі А.Н. Косыгинді тағайындады. Осының артынша партия, совет және басқа қоғам ұйымдарын 1962 жылы жүзеге асырылған өндірістік принцип бойынша бөлу ойластырылмаған іс деп бағаланып, олардың территориялық - өндірістік принцип бойынша құрылуын қалпына келтіру ісі қолға алынды. Сонымен бірге жоспарлау мен экономикалық ынталандыру әдістеріндегі қателер де түзетіле бастады. Осы жылдарда іске асырылған шаруашылық реформа дәйекті жүргізілмегеннің өзінде елдің экономикасын көтеруге елеулі ықпал жасады. 70 жылдардың басында бұрынғыдай социализмнен коммунизмге өту туралы территориялық идея басым болды. Бұл жайлы 1967 жылы қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған сөзінде Л.И.Брежнев мәлімдеді.