Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі abai University силлабус



бет1/9
Дата31.10.2022
өлшемі31,84 Kb.
#155844
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Силлабус
ЛЕКЦИЯ ЭКОЛОГИЯ И БЖ ОВ №1 рус, ғылыми зерттеу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Abai University
СИЛЛАБУС

  1. Пән туралы ақпарат

Пән атауы: «ХІХ ғғ. әдебиеті»
Кредиттер саны: 5
Курс, семестр: 3-курс, 1-семестр
Оқу жылы: 2021-2022
Шифр және Білім бағдарламасының атауы: 6В01701-қазақ тілі мен әдебиеті
Институт: Филология және көптілді білім беру институты
Кафедра: Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, атағы, қызметі: Сатемирова Д.А., -филол.ғ.к., профессор
Контактілік ақпарат (телефон, e-mai): Ұялы телефон: 87770258089. Email: tebegenov@mail.ru
2. Бақылау түрі
Критериалды бағалау:
Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері университеттің академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз
СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін СӨЖ қабылданбайды.
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)∙0,6 +Емт∙0,4
3.Курстың академиялық презентациясы:
«XIX ғғ.әдебиеті» – ұлттық сөз өнері тарихының елеулі бір кезеңін қамтитын пән. Пәннің мазмұнында ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыда түсіндіріледі. Сонымен қатар, кезең әдебиетінің қоғамдық-әлеуметтік оқиғалармен, құбылыстармен байланысты дамыған ерекшеліктеріне де ғылыми баға беріледі.XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің әлемдік озық көркемдік әдістермен, жанрлық-стильдік шеберлік үлгілерімен үндестігіне де айрықша назар аударылады. Әлемдік әдеби дамудың ортақ заңдылықтарын игерген, жаңашылдықпен түлеген реалистік әдебиетіміздің алыптары шығармаларындағы көркемдік шеберлік сырлары да тереңдетіле оқытылады. Бұл талаптың аясында қазақ сөз өнерінің философиялық, гуманистік-ағартушылық, эстетикалық мазмұнын жан-жақты қамту басты бағдар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет