Қазақстан Республикасы Әділет органдары азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидасы мен шарттары



Дата11.01.2017
өлшемі128,28 Kb.
#7223


Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің  міндетін атқарушының

2015 жылы «31» желтоксандағы

№ 660 бұйрығына

1- қосымша

       


Қазақстан Республикасы Әділет органдары азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидасы мен шарттары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы әділет органдары азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағида) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде және оның аумақтық органдарында, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінде, республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарында лауазым атқаратын азаматтық қызметшілерін (бұдан әрі – қызметшілер) аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын айқындайды.

2. Қызметшілерді аттестаттау – олардың кәсіптік және біліктілік даярлығының, іскерлік қасиеттерінің деңгейін айқындау, біліктілік санатын белгілеу бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын рәсім.

3. Аттестаттау кезінде негізгі бағалау өлшемшарттар қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті болып табылады.

4. Аттестаттау мынадай бірқатар жүйелі кезеңді қамтиды:

1) аттестаттаудан өткізуге дайындық;

2) аттестаттау комиссиясының қызметшімен әңгіме жүргізуі;

3) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы.
2. Аттестаттаудың шарттары
5. Жүктілігі және босануы бойынша демалыстағы және бала үш жасқа толғанша оған күтім жасау үшін жалақысы сақталмайтын демалыстағыларды қоспағанда, барлық қызметшілер аттестауға жатады.

6. Қызметшілер азаматтық қызметте болған әрбiр кейінгі үш жыл өткен соң, бiрақ осы лауазымға орналасқан күнінен бастап алты айдан бұрын емес аттестаттаудан өтедi.

Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күнінен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізілуі тиіс.

Бала күтімі бойынша демалыста жүрген қызметшілер қызметке шыққаннан соң алты айдан кейін ғана аттестатталынады.

Қызметшілерді көрсетілген мерзім біткенге дейін аттестаттау олардың өтініші бойынша өткізіледі.

3. Аттестаттауды өткізу тәртібі
7. Аттестаттауды өткізуге дайындықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің оның аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың кадр қызметі (бұдан әрі – аттестаттайтын орган) оның басшысының тапсырмасы бойынша ұйымдастырады және ол мынадай іс-шараларды қамтиды:

1) аттестатталатындарға қажетті құжаттарды дайындау;

2) аттестаттаудан өткізу кестесін әзірлеу;

3) аттестаттау комиссияларының құрамын айқындау;

4) аттестаттауды өткізу мақсаттары мен тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

5) әңгімелесу өткізуге арналған сұрақтарды дайындау.

8. Аттестаттайтын органның кадр қызметі осы Қағиданың 6-тармағына сәйкес аттестаттауға жататын қызметшілерді алты ай ішінде бір рет айқындайды.

9. Аттестаттайтын органның басшысы аттестаттайтын органның кадр қызметінің ұсынымы бойынша бұйрық шығарады, онымен аттестатталатын адамдардың тізімі, аттестаттауды өткізу кестесі мен аттестаттау комиссияларының құрамы бекітіледі.

10. Аттестаттайтын органның кадр қызметі аттестаттаудан өткізу мерзімдері туралы оны өткізу басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей қызметшілерді жазбаша хабардар етеді.

11. Аттестаттауға жататын қызметшінің тікелей басшысы қызметтік мінездемені ресімдеп, оны аттестаттайтын органның кадр қызметіне жібереді.

12. Қызметтік мінездеме аттестатталатын қызметшінің кәсіби, жеке басының қасиеттері мен қызметтік іс-әрекеті нәтижелерінің негізделген, шынайы бағасын қамтуы тиіс.

13. Аттестаттайтын органның кадр қызметі аттестаттау комиссиясының отырысына дейін үш аптадан кешіктірмейтін мерзімде қызметшіні оған берілген қызметтік мінездемемен таныстырады.

14. Қызметші өзіне берілген қызметтік мінездемемен келіспеген жағдайда өзін сипаттайтын ақпаратты аттестаттайтын органның кадр қызметіне ұсынады.

15. Аттестатталатын қызметшіге аттестаттайтын органның кадр қызметі осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестатттауға жататын азаматтық қызметшіге аттестаттау парағын ресімдейді.

16. Аттестаттайтын органның кадр қызметі жиналған аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына жібереді.

17. Аттестаттау комиссиясын аттестаттайтын органның кадр қызметінің ұсынысы бойынша аттестаттайтын органның басшысы құрады және ол аттестаттау комиссиясының мүшелері мен хатшысынан тұрады. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ішінен төраға және дауыс құқығы жоқ хатшы тағайындалады. Аттестаттау комиссиясының төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметі мен өзі қабылдайтын шешімдері үшін жауапты болады.

18. Аттестаттау комиссиясының құрамына құрылымдық бөлімшелердің және аттаттаушы орган кадр қызметінің басшылары кіреді.

Аттестаттау комиссиясының мүшелерінің саны бес адамнан кем емес тақ санды құрайды.

Аттестаттау комиссиясының болмаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.

Аттестаттау комиссиясының хатшысы аттестаттайтын органның кадр қызметінің өкілі болып табылады, оны аттестаттайтын органның кадр қызметінің басшысы айқындайды.

Аттестаттау комиссиясының хатшысы аттестаттау комиссиясының отырысына тиісті материалдарды, қажетті құжаттарды дайындайды және ол өткеннен кейін хаттаманы ресімдейді.

19. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

20. Дауыс беру нәтижелері аттестаттау комиссиясы мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Дауыстар тең түскен жағдайда, аттестаттау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

21. Аттестаттау комиссиясы мүшелері келіспеген жағдайда өз ерекше пікірін білдіре алады.

22. Аттестаттау комиссиясы аттестаттауды аттестатталатын қызметшінің қатысуымен өткізеді.

Аттестатталушы аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелді себептермен қатыспаған жағдайда, оны аттестаттау мәселесін қарау комиссия көрсеткен неғұрлым кешірек мерзімге ауыстырылады.

23. Отырыс барысында аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделейді, аттестатталатын адамды тыңдайды.

Аттестатталатын адамға қойылатын сұрақтар кәсіби және біліктілік даярлық, іскерлік қасиеттер мәселелеріндегі оның құзыреттілігінің деңгейін анықтауға бағытталған.

Аттестаттаушы адамның кәсіби, іскерлік және жеке басы қасиеттерін талқылау шынайы, сыпайы және әділеттілік жағдайда өтеді.

24. Ұсынылған материалдарды зерделеу және қызметшімен әңгімелесу нәтижесінде аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

2) қайта аттестаттауға жатады.

Аттестаттау комиссиясы оң шешім шығару кезінде қызметшінің біліктілік санатына сәйкестігін белгілейді (растайды), не оны белгілеуге негіз жоқ екендігін атап өтеді.

25. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Аттестаттау комиссиясы құрамына енген аттестаттаудан өтетін қызметші өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды.

26. Қайта аттестаттау бастапқы аттестаттау өткен күнінен бастап үш айдан кейін осы Қағидада айқындалған тәртіппен өткізіледі. Қайта аттестаттауды өткізген аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.

27. Аттестаттау комиссиясының шешімдері, оның отырысына қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелері мен хатшысы қол қойған хаттамамен ресімделеді.

28. Қызметші аттестаттау комиссиясының шешімімен таныстырылады.

29. Аттестаттау комиссиясының шешімдерін лауазымға тағайындауға құқығы бар тұлға бекітеді.

30. Аттестатау комиссиясының бекітілген шешімдері қызметшілердің аттестациялық парағына енгізіледі.

31. Аттестаттаудан өткен қызметшінің аттестаттау парағы және оған берілген қызметтік мінездеме жеке ісінде сақталады. Ұйымның басшысы бекіткен аттестаттау комиссиясы шешімі де қызметшінің қызмет тізіміне енгізіледі.

Азаматтық қызметшілерді
                                   аттестаттаудан өткізу тәртібі

және шарттарына қосымша


Аттестаттаудан өтетін азаматтық қызметшіні аттестаттау парағы
                                  ____               ____
      Аттестаттау түрі: кезекті - |____|; қайта - |____|

(қажеттісін Х белгісімен белгілеу керек)

1. Т.А.Ә. (бар болған кезде)___________________________________

2. Туған күні ___ж. «___»_________

3. Білімі туралы, біліктілігін арттыру, қайта даярлау туралы мәліметтер (қашан және қандай оқу орнын аяқтады, білімі бойынша мамандығы және біліктілігі, білікті арттыру, қайта даярлау, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, берілген күні туралы құжаттар)

____________________________________________________________________


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

4. Атқаратын лауазымы және тағайындалған күні, біліктілік санаты ____________________________________________________________________

5. Жалпы еңбек өтілі - _______________________________________

6. Мемлекеттік және азаматтық лауазымдардағы жалпы жұмыс өтілі ____________________________________________________________________

7. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің айтқан ескертулері мен ұсыныстары: ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

8. Аттестатталанушының пікірі _____________________________


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

9. Аттестатталанушының қызметтік мінездемесіне сәйкес азаматтық қызметшінің қызметін тікелей басшының бағалауы ____________________________________________________________________


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

10. Отырысқа аттестаттау комиссиясының ______ мүшесі қатысты.

11. Дауысқа салу нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесі толтыратын азаматтық қызметшінің қызметін қоса берілетін бағалау парағына сәйкес бағалау:

1) атқаратын лауазымға сәйкес келеді (дауыс саны) ________;

2) қайта аттестаттауға жатады (дауыс саны) ____________;*

3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді (дауыс саны) _____.

12. Біліктілік санаты:

1 ________ (жазумен) біліктілік санатына сәйкес келеді _____________________ (дауыс саны) ________________________________


                                (әр біліктілік санаты бойынша жеке)

2. біліктілік санатын белгілеуге негіз жоқ


(дауыс саны) __________.

Қорытынды бағалау ____________________________________________


____________________________________________________________________
      (біліктілік санатының сандық белгісі жазумен жазылады)

Аттестаттау комиссиясының ұсынымдары (олар беретін дәлелдемелерді көрсете отырып)


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

13. Ескертпе ______________________________________________


____________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының төрағасы: ___________________________
                                                     (қолы)

Аттестаттау комиссиясының хатшысы:  ___________________________

                                        (қолы)

Аттестаттау комиссиясының мүшелері: ___________________________


                                                    (қолы)
                                         ___________________________
                                                    (қолы)

Аттестауды өткізу күні 20___ж. «___»__________

Ұйым басшысының аттестаттау қорытындысы бойынша шешімі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      Аттестаттау парағымен таныстым: ____________________________


                                        (азаматтық қызметшінің қолы және күні)
Ұйым мөрінің орны
      * 2) қайта аттестаттаудан өткен кезде баға қойылмайды
                                             

Аттестаттаудан өтетін

                   азаматтық қызметшіні

аттестаттау парағына

қосымша

Аттестаттаудан өтетін азаматтық қызметшіні бағалау парағы
         (аттестаттау комиссиясының мүшесі толтырады)
                                  ____                   ____
      Аттестаттау түрі: кезекті - |____|; қайта - |____|

(қажеттінің Х белгісімен белгілеу керек)


      Т.А.Ә. (бар болған кезде) _______________________________________________________
    Лауазымы _____________________________________________________
    Аттестатталушының бағасы
      _______________________________________________
           (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанғысыз)
Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің шешімі (төмендегінің бірі:
атқаратын лауазымына сәйкес, қайта аттестаттауға жатады*,
атқаратын лауазымына сәйкес келмейді):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________ 

Аттестаттау комиссиясы мүшелері шешімінің негіздемесі:


____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Біліктілік санатына сәйкес келеді_____________________

Біліктілік санатын белгілеуге негіз жоқ ____________________________________________________________________

Негіздеме:____________________________________________________


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Аттестаттау комиссиясының мүшесі ______________________________


                                             (Т.А.Ә. (бар болған кезде), қолы)

Аттестаттау комиссиясының хатшысы _____________________________


                                             (Т.А.Ә.(бар болған кезде), қолы)
Күні 20__ жылғы «___» ____________
      * қайта аттестаттаудан өту кезінде шығарылмайды



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет