Қазақстан республикасы ғылым және жоғАРҒы білім беру министрлігі



бет1/2
Дата15.12.2023
өлшемі109,13 Kb.
#197189
  1   2
Байланысты:
Муханбетова Жанар Лексикология СРС.7
1-2 лекц, 8D02310 Филология

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ БЕРУ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы



БОӨЖ


Тақырыбы: БАҚ құралдарындағы эвфемизмдер

Орындаған: 204 топ студенті Муханбетова Жанар Абдуллаевна


Тексерген: фғк, проф. Жүніс.М.Ә
Алматы-2023
Тілдің дамуы қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Тілдің жаңа бірліктерін дамыту мен қалыптастыруда БАҚ өте маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта ақпаратты алудың түрлі тәсілдері бар. Кез келген тәсіл жағымсыз мәндегі сөздерді қолданбау мақсатында эвфемизмдердің көмегімен жүзеге асырылады. Әлемнің барлық тілдеріндегі сияқты түрік және қазақ тілдерінде де жағымсыз, дөрекі немесе орынсыз сөздер бар, міне сондай сөздерді басқа сөздермен алмастырады, мұндай сөздер эвфемизмдер деп аталады. Барлық басқа халықтардағы сияқты эвфемиздер қазақ және түрік халықтарының тілі мен мәдениетінде кеңінен орын алған. Күнделікті өмірде дөрекі немесе жағымсыз сөздерді қолдану кездесіп жатады, сондай жағдайда мұндай сөздерді сыпайы, жағымды сөздермен алмастырып жатамыз. Белгілі бір сөздерді сыпайылап, жұмсартып қолдану барысында эвфемизмдердің маңызы зор. Соңғы жылдары БАҚ материалдарында коммуникативтік қақтығыстарды болдырмау, адресат үшін теріс ақпаратты жасыру мақсатында эвфемизмдер белсенді түрде қолданыла бастады. Эвфемиздер дүние жүзі бойынша кеңінен зерттелгенімен, әлі де ғалымдардың қызығушылығын тудыруда. Сондай-ақ, эвфемиздер орыс тілінде терең зерттелгеніне қарамастан, қазақ және түрік тіл білімінде әлі де зерттеуді талап етеді. Қазіргі БАҚ мәтіндеріндегі эвфемизмдердің қызметінің қазақ және түрік тілдерінде жан-жақты зерттелмегендігі жұмыстың өзектілігін арттырады. Осы тұрғыдан алғанда, БАҚ-тағы эвфемизмдерді зерттеу ана тілінде сөйлейтіндердің әлеуметтік-мәдени және сөйлеу бейімділігін сипаттауға мүмкіндік береді. Дәл қазіргі уақытта БАҚ саласы әлеуметтік-мәдени шындықты бейнелеу, қалыптастырудың қуатты құралы болып табылады. Түрік және қазақ БАҚ материалдары негізде екі тілдегі эвфемиздердің қолданыс ерекшеліктерін ашып көрсету болып табылады. Сонымен қатар қазақ және түрік тілдеріндегі эвфемиздердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау. Көрсетілген мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттердің орындалуы шарт:
-қазақ және түрік тілдеріндегі эвфемизмге байланысты ғалымдардың жазған еңбектерін оқып, талдау;
-қазақ және түрік тілдеріндегі эвфемизмдерге классификация жасау;
БАҚ материалдарында эвфемиздердің қолданылу жиілігін анықтау;
эвфемиздердің жасалу жолдарын стилистикалық тұрғыдан қарастыру;
Эвфемиздерге байланысты орыс тіліндегі зерттеулер өте көп. Соның ішінде Б.А. Ларин, В. П. Москвин, В.В. Панин еңбектерін атап өтуге болады. Тіл білімінде эвфемизмдер Ә. Хасенов, Ә. Болғанбаев сынды ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан. Түрік ғалымдарынан Саадет Чағатайдың, Ахмет Гүнгөр еңбектерінде эвфемиздер мен олардың түрлері қарастырылған.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Жұмысты жазу барысында қазіргі қазақ және түрік басылымдары басшылыққа алынды. Сонымен қатар жұмыс тілдік материалдарды жинақтау, сипаттау, жүйелеу, талдау, түйіндеу негізінде орындалды.
Ғылыми жаңалығы. Эвфемиздер қазақ және түрік БАҚ материалдары негізінде алғаш рет қарастырылды. Екі тілдегі эвфемизмдердің стилистикалық ерекшеліктері мен қолдану жиілігі анықталады. Кез-келген халықтың тілінде орын алатын ең кең этнографиялық лексикалардың бірі эвфемизмдер болып табылады. Эвфемизмдерді этнографиялық лексикаға жатқызудың себебі, олар негізінен халықтық нанымдармен, әдет- ғұрыптармен және дәстүрлермен байланысты болып келеді. Қазіргі күні жиі қолданылып жүрген эвфемизм жалпы тіл біліміндегі орны ерекше. Қазіргі уақытта эвфемизм термині дөрекі сөздерді ауыстыру мағынасында әртүрлі аспектілерде қолданылады. Сөйлеу барысында эвфемизмдерді кеңінен қолдану этикалық, эмоционалды-психологиялық, эстетикалық, жалпы мәдени іс-әрекеттің көмегімен қарым-қатынастың сәтті аяқталуына әсер етеді. Жалпы тіл біліміндегі эвфемизмдердің теориялық негіздері Б.А. Ларин, В. П. Москвин, В.В. Панин және т. б. еңбектеріне негізделеді. Қазақ тіл білімінде звфемизмдерді зерттеуге арналған бірқатар еңбектер бар, солардың қатарында Ә. Хасенов, Ә. Болғанбаев сынды ғалымдардың еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Түрік тілді ғалымдар Саадет Чағатай, Ахмет Гүнгөр, Сейфуллах Түркмен түрік тіліндегі эвфемиздерді (örtmece) тереңінен зерттеген. Аталған ғалымдардың зерттеулері негізінде эвфемизм ұғымына көптеген анықтамалар берілген. Қарастырылып отырған ұғымның мәнін толық ашу үшін О.С.Ахманованың басшылығымен шыққан Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікке жүгінуді жөн көрдік. Бұл сөздік эвфемизмдерге қатысты эвфемизмдердің дөрекі немесе әдепсіз деп саналатын сөздердің орнына синоним ретінде жұмсалатын эмоционалды бейтарап сөздер болып табылатындығын білдіреді. Лингвистикалық әдебиеттерде және эвфемия мәселелеріне арналған заманауи зерттеулерде ұсынылған эвфемизмдердің көптеген классификацияларын арасынан В.В.Паниннің классификациясын атап өтуге болады. В.В. Панин саяси эвфемизмдерді екі үлкен топқа бөліп қарастырады. Бірінші топ: кемсітушіліктің әртүрлі түрлерін жоққа шығару үшін қолданылатын эвфемизмдер; Екінші топ: саясат пен экономикадағы жағымсыз салдарлардан алыстау мақсатында қолданылатын идеологиялық эвфемизмдер. В. В. Паниннің осы мәселеге қатысты пікірін біз де құптаймыз, өйткені біздің зерттеу тақырыбымыз БАҚ беттеріндегі эвфемиздердің басты ерекшеліктері де осыған негізделеді. БАҚ беттерінде саяси эвфемиздерді орынды қолдану ұлтаралық келіспеушіліктердің алдын алады деуге болады. Эвфемиздерді қолдану адамдардың қадір-қасиетіне нұқсан келтірмеу, әлеуметтік теңсіздік мәселелерін алдын алу және адамдардың мәртебесін көтеру мақсатында туындаған. Жалпы, билік пен олардың қызметін сипаттау үшін де эвфемистік тіркестер қолданылып жатады.
Ал, бұқаралық ақпарат құралдарында, қоғамның белгілі бір топтары үшін қолдануға болмайтын теріс мәндегі сөздер болады, мұндай сөздерді эвфемизмдер қатарына жатқызуға болады. Мысалы, үйсіз, мүгедек, жетім және т.б. сөздерді эвфемиздермен алмастыру теріс мәндегі сөздерді жоямыз. Сондықтан осындай топтағы сөздер үшін эвфемизмдерді дұрыс қолдану маңызды болып табылады.
Табу мен эвфемизмдердің бір-бірімен байланысы даулы мәселе. Алайда, табу мен эвфемизм арасында байланыс бар екендігін көптеген зерттеушілер жоққа шығармайды. Б.А. Ларин эвфемизмдерді төмендегідей түрлерге жіктейді:

1. Жалпыхалық қолданатын ұлттық әдеби тілдің түрі;

2. Классикалық және кәсіби эфемизмдер;

3. Тұрмыстық эвфемизмдер [4,16]. Осы ретте Б.А.Ларин атап көрсеткен тұрмыстық жағдайда қолданылатын эвфемизмдер өз бастауын айтуға тыйым салынған табу сөздерден алғандығын атап өткен жөн. Қазіргі күні де эвфемизмдерді пайдаланудың мақсаты - сөйлеу әдебін, сөйлеудің жағымсыз жағдайларын сыпайы түрде жеткізуді көздейді.


Эвфемизмдер түрік тілінде Örtmece деп аталады. Бұл ұғым іуі adlandırma (әдемі атау), güzel adlandırma, güzelleme (әдемілеу) сияқты атауларға ие. Бір ұғымның осындай түрлі атауға ие болуынан оған деген қажеттіліктің көп екендігін және жиі қолданылатындығын аңғаруға болады.
Түрік тілі сөздігінде эвфемизм (örtmece) ұғымына söylenmesi kaba veya sakıncalı görülen kavramların, başka kelimelerle daha uygun ve edepli bir biçimde anlatılması" (айтылуы дөрекі немесе тыйым салынған ұғымдардың басқа сөздермен қолайлы және әдеби түрде айтылуы) деп анықтама берілген [5].
ХХ ғасырдың аяғы-ХХІ ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси өмір, ең алдымен, маңызды әлеуметтік, экономикалық және мәдени өзгерістермен, маңызды саяси және әлеуметтік оқиғалармен сипатталады. Осындай оқиғалар қазіргі қоғам өмірінің барлық салаларында қарқынды өзгерістер тудырды және қазіргі әлеуметтік- саяси және эвфемистік лексикаға үлкен әсер етті.
Қазіргі уақытта Бұқаралық ақпарат құралдарында әскери, ұлтаралық және этносаралық қақтығыстарды жариялауға деген қызығушылықтың артуы байқалады. БАҚ тілі тілдік құрылымды қалыптастыру мен лексикалық байытуда маңызды рөл атқарады. Бұл қазіргі адамның қоғамдық-саяси өмірі мен іс-әрекетімен бірге жүретін, тілдің лексикалық құрамындағы барлық өзгерістерді нақты көрсететін барлық мүмкін прогрессивті жаңалықтарға алғашқылардың бірі болып жауап беретін БАҚ болып табылады.
Белгілі бір контексте жаңа лексиканың әртүрлі мағыналары мен формаларын үнемі қолдану арқылы эвфемизм ұғымы тілдік құралға жатады.
Сөйлеу кезіндегі эвфемизмдердің кең қолданысы этикалық, эмоциональды-психологиялық, эстетикалық, жалпы мәдени қызмет атқара отырып қарым- қатынастың сәтті аяқталуына ықпал етеді. Сондай-ақ эвфемизмдер стилистикалыққолданыстар жүйесіндегі фигуралар арасында да ерекше қолданысқа ие. Бұл жайлы жалпы тілтанымдағы ғалымдардың пікірлері бірін-бірі толықтырады. Эвфемизмдердің негізгі белгісі - белгілі бір затты жанама түрде атау. Сөйлеуші эвфемизмнің көмегімен бір жағынан өзінің тыңдаушысына сыпайылық танытса, екінші жағынан сол мезеттегі қолайсыздықты білдіртпеуге тырысады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет