Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
ШАҒЫН ЖОБА
Пән: Психология
Тақырыбы: психологиялық комплекстер және оларды жою әдістері
Орындаған: ВТиПО-22-4 оқу тобының студенттері:
Шоқанов А, Нұрсейітов А, Дабыс Д
Оқытушы: Казиев К.О.
Психологиялық комплекс - бұл адамның өзі туралы бұрмаланған идеясы (оның психикалық, физикалық немесе психологиялық қасиеттері). Өзінің кемшіліктері туралы мұндай қате түсінік адамның өзгелерден жасыруға тырысатын терең ішкі тәжірибесінің себебі болып табылады. Көптеген комплекстердің себебі - өткеннің эмоционалды жарақаты. Психологиялық жарақат төзімді эмоционалды ауырсыну кезінде пайда болады. Комплекске саналы және бейсаналық ойлар, эмоциялар, жарақатқа байланысты түйсіктер, сонымен қатар өзіңізді ауырудан және сезінетін қауіптен қорғаудың тәсілдері кіреді. Сөйлем, адам, орын, иіс, кез-келген нәрсе адамға ескі эмоционалды жарақат туралы еске түсіреді және өмірді күрделі ете түседі. Кенеттен, адам өзін бұрынғыдай, жарақат алған кездегідей сезіне бастайды. Адам комплекстерінің пайда болу себепшілері: Отбасы, Жақсы көретін адам, Достар, Қоғам, Жеке тәжірибе.
Комплекске келесідей мысал келтіруге болады: егер біреу сүндеттелген болса, одан физикалық тұрғыда ешқандай ауру, не кемістік қалмаса да, бәрібір оның өмірінде, ішкі жан дүниесінде терең әсер қалдырады. Адамда осы мәселеге қатысты түрлі ойлар, эмоциялар, естеліктер, қор санау сезімдері, жеңістіктер, азаптанулар және шешімдер болуы мүмкін. Егер бұл ойлардың мазалауы асқынса, Юнг бойынша, бұл сүндет туралы комплекс деп аталады. Комплекстің ерекшеліктері тереңдік психологиясы саласында кеңінен зерттеледі. Тереңдік психологиясы әдетте жалпы психологияның бір саласы болып, ол бойынша тұлғалық қасиеттерді бейсаналық процестер белгілейді және қалыптастырады. Юнгнің түсіндіруі бойынша, комплекстер психикалық ландшафтың ортақ ерекшелігі есептеледі, ол психотерапияда зерттеу мен мәселе шешуде үлкен маңызға ие, әсіресе даралықты, немесе болмыстық тұтастықты таныған кезде. Шешімсіз жағдайда комплекстер біздің ойымызға, сезімімізге және мінезімізге бейсаналық әсер етіп, психологиялық интеграцияға кедергі келтіреді.
Карл Юнг бейсаналық сананың екі түрін ажыратты: Тұлғалық бейсаналық және Ұжымдық бейсаналық.The personal unconscious was the accumulation of experiences from a person's lifetime that could not be consciously recalled.Тұлғалық бейсаналық - адам өмірінде жинақталған тәжірибелер ішіндегі саналы түрде еске түсіруге келмейтіндері. Ал, ұжымдық бейсаналық адамзаттың жалпылық мұрагерлігі болып, әрбірімізге тарқалған, яғни дарыған "тіршілік естеліктері", ол бейне жануарлардың әрекет бағдарламалары мен инстинктіне ұқсайды.Юнг бойынша, тұлғалық бейсаналықты түрлі комплекстер жайлап алған болады.
Зигмунд Фрейд
"Комплекс" терминін (нем. Komplex; кейде "эмоционалды реңдегі комплекстер", немесе "сезімдерге негізделген идеялар комплексі") алғаш Карл Юнг Зигмунд Фрейдтің жақын серіктесі болып жүрген кезінде енгізген болатын. Комплекс теориясы Юнг тұжырымдамаларының өзегі болды; ол өзінің теориялар жүйесін алғашында "Комплекс психологиясы" деп атады. Тарихи тұрғыдан бұл термин сөз Теодор Зихеннен шыққан, ол сөз ассоциациясы тесттік реакциясында (word association test responses) реакция уақытымен тәжірибе жасаған неміс психиатры болатын. Юнг "комплексті" бейсаналықтың "түйіні" деп сипаттады; оны жанама түрде, мысалы шатасқан, немесе түсініксіз қылықтар арқылы анықталатын санасыз сезімдер мен сенімдердің түйіні ретінде елестетуге болады.
Роберт Мур ұсынған төрт еркектік архетип: Патша, Жауынгер, Сиқыршы, Ғашық, олардан төрт түрлі жұп тип келіп шығады: Садист пен Бейуаз, Мазохист пен Тиран, Бейшара мен Құмартушы, Маңызды мен Жеке манипулятор
Юнг өз зерттеуінің басында, яғни 1900-1908 жылдар аралығында жұмыс істеген Цюрих университетінің Бургхольцлидегі психиатриялық клиникасында жасаған сөз ассоциациясы тесттерінде комплекстің нақты дәлелдерін тапқан болатын. Юнг бұл теорияны Сөз Ассоциациясы Тесті жұмыстарында дамытты. Сөз ассоциациясы тесттерінде зерттеуші әр зерттелушіге 100 сөзден тұратын тізімді оқиды, зерттелуші әр сөзге жауап ретінде алдымен ойына келген нәрсені барынша тездікепн айтуы керек; мұнда зерттелушінің реакция уақыты секундтың бестен бір бөлігі бойынша өлшенеді. Зерттеушілер осы барыста кез-келген ерекше реакцияларға назар аударады: екі-ұдайылық, жаңылу, эмоциялық белгілер. (Бұл әдісті Сэр Фрэнсис Гальтон 1879 жылы ойлап тапқан болатын.) Юнг зерттелушілердің жауаптарынан анықталған бейсаналық сезімдер мен сенімдерді меңзейтін заңдылықтарға қызығушылық танытты.
Эдип Сфинкстің жұмбағына жауап беруде, Жан-Огюст-Доминик Ингрес (шамамен 1805)
Юнг теориясында комплекстер бәлкім саналы, бәлкім жартылай саналы немесе бейсаналы болуы мүмкін; комплекс бәлкім жағымды, бәлкім жағымсыз болуы мүмкін; нәтижесінің де бәлкім жақсы, немесе жаман салдары болады. Комплекстің түрлері көп, бірақ кез-келген комплекстің өзегінде тәжірибенің әмбебап үлгісі, немесе архетип жатыр. Юнгтің сипаттаған екі негізгі комплекс - анима (яғни ер адамның психикасындағы қарсы жынысқа қатысты санасыз сенімдер мен сенімдер түйіні) және анимус (яғни әйел психикасындағы сол секілді комплекс). Бұдан басқа ірі комплекстерге "ана", "әке", "батыр", таяуда ашылған "аға" мен "қарындас" комплекстері жатады. Юнг комплекс болуы қалыпты нәрсе деп санады, өйткені әр адамның психикаға әсер ететін эмоционалды тәжірибесі бар. Олар қалыпты болғанымен, жағымсыз комплекстер бізге азап пен қайғы әкелуі мүмкін.
Юнг теориясы мен Фрейд теориясының негізгі айырмашылықтарының бірі - Юнг түрлі комплекстер туралы пайымдаған. Фрейд Эдип комплексіне ғана назар аударды, ол балалар өз дамуында дүп келетін проблемаларға қаратылады. Ол сосын қысқаша атап өтекен Electra комплексінен басқа комплекс туралы айтпайды. (Carlini, 2005)
Бірнеше жыл бірге жұмыс істеген Юнг мен Фрейд арасындағы идея келіспеушілігіне байланысты бөлек кетіп, әрқайсысы өз теориясын құрды. Юнг өзі мен Фрейд тұжырымдамасының аражігін ажыратқысы келді, сондықтан өз теориясын "аналитикалық психология" (Фрейдтікі психоанализ) деп атады.
Юнгтің комплекс теориясы
Кларк университетінің алдындағы топтық сурет, 1909 ж. Солдан оңға қарай, алдыңғы қатарда: Зигмунд Фрейд, Г.Стэнли Холл, Карл Юнг; артқы қатарда: Авраам Брилл, Эрнест Джонс, Шандор Ференцци
Комплекстер санада аңғарылудан және басқарылудан (жаңа Юнгтік психотерапиясындағы секілді) бұрын "автономды жұмыс жасайды және ерік талпынысына кедергі келтіреді, есте сақтау мен саналы іс-қимылды да бұзады".
Эгоны психиканың басқа бөліктерімен (суперэго, ид, яғни бейсаналық) толық интеграцияланбаған кезде комплекс деп есептеуге болады. Юнг былай деп жазады, "эго арқылы мен өз ой өрісімнің центрін құрайтын комплекс идеяларды түсіндім, олар жоғары деңгейде жалғасымдылық пен идентитиге ие болатын секілді. Сондықтан мен эго-комплекс туралы да айтатын боламын".
Юунг "комплекс" термин арқылы жартылай репрессиялы, бірақ өте әсерлі, әрі шабыттанған психикалық күй кластері саналы "Меннен" бөлінген, немесе оған қайшы келген жағдайды сипаттады. Дэниелс (2010) комплекстерді "ойлардың, сезімдердің, мінез-құлық үлгілерінің және бейнеленетін соматикалық формалардың бір-біріне 'байланып қалған' агломерациясы" деп сипаттады. Комплекстің табиғаты сезімталдыққа қатысты болатынын ескеріп, Юнг былай деп жазды: комплекс - "бұл белгілі бір психикалық күй кескіні болып, онда сананың дағдылы позициясына үйлеспейтін күшті эмоционалды әсірешілдік болады. Бұл психикалық күй кескіні күшті ішкі біртұтастыққа ие; ол өзіндік бүтіндікке және салыстырмалы мағынадағы жоғары автономияға ие болады; сондықтан ол саналы ақылдың басқаруына шектеулі мөлшерде ғана бағынады, сөйтіп сана сферасында бейне бір бөтен дене тәрізді белсенділік танытады".
Юнг Бургхёльцлидің (Цюрих Психиатриялық университеті) сыртында, 1910 ж
Кейбір комплекстер эгоны бағындыру күшіне ие, олар невроздың дамуынан болатын психологиялық кедергілер мен симптомдарды пайда қылуы мүмкін. Юнг комплекстердің автономдылық, өздік-бағыттау қасиеттерін сипаттап, былай деді:
"бізге түсініксіздеу, бірақ теориялық тұрғыдан маңыздысы: осынау комплекстер бізді меңгере алады. Комплекстердің болуы 'психикамен' (psyche) теңестірілген сана біртұтастығы туралы және еріктің үстемдігі туралы аңғал түсініктерге елеулі күмән туғызады. Әрбір комплекс шоқжұлдызы саналылықтың бұзылу күйін аңғартады. Саналы біртұтастық бұзылады, ерік қалаулары кедергіге ұшырайды, немесе мүмкін емес болады. Тіпті есте сақтау қабілеті де ап-анық соның әсеріне ұшырайтынын біз байқай аламыз. Сондықтан, комплекс біртүрлі психикалық фактор болып, энергиялық сипатынан айтқанда ол ие болған құндылық кейде біздің саналы қалауымыздан мүлде асып кетеді, әйтпесе сана тәртібін бұлай бұзу мүлдем мүмкін емес еді. Шын мәнінде, белсенді комплекс бізді мезеттік ырықсыз күйге түсіреді, ойлауымыз бен әрекетімізді мәжбүрлейді, кейбір ерекше жағдайда оған сот істеріндегі 'жауапкершілікті жеңілдету' ұғымы ғана үйлесімді болады".
Енді бір жағынан, Юнг айтқан "дифференция функциясы" мәндік тұрғыда пайдалы комплекстердің дұрыс дамуы болғанымен, бірақ олар көбінесе жағымсыз жанама әсер де туғызбай қалмайды.
"Рас, біз бұл түрдегі [жаттықтыру мен дамыту функцияларын] комплекске әуестену деп емес, біржақтылық (one-sidedness) деп атаймыз. Солай болса да, шынайы жағдай шамамен ұқсас, тек бір жағдай ұқсамайды, ол яғни жеке тұлға біржақтылықты қалайды әрі өз қабілет-күш аймағында соны барша тәсілді қолдана отырып жетілдіруге тырысады, ал клмплекс мұнда осыған қарата қауіпсіну және алаңдау сезімі. Адамдар көбінесе саналы түрде қалаған біржақтылығы жағымсыз комплекстер болуының маңызды себептерінің бірі екенін түсіне алмайды, және керісінше, мәлім комплекстер біржақтылы күмәнді құндылықтар дифференциациясын туғызады."
«Психологиялық типтер» кітабында Юунг басым және төменгі дифференциалды функциялар арасындағы шиеленістер әсерін сипаттады, олар өте жоғары, тіпті әсіре біржақтылы типке жатады, көбінесе комплекстер мен невроздар туғызады.
"Жоғарыда келтірген сипаттамаларым арқылы мен оқырмандарыма бұл типтер нақты өмірде ылғи осылай таза күйде болады деген түсінік қалыптастырғым келмейді. Олар тек жалпылық, әрі типтік ерекшеліктерден таңдалған галтондық отбасы портреттері болып табылады; ал оларды үйлесімсіз түрде дәріптеу даралық ерекшеліктерін үйлесімсіз түрде өшіру деген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |