Тақырыбы:Юнгтің аналитикалық психологиясы мен Адлердің индивидуалды психологиясы Орындаған: Кабдылкакова А.Б. Тексерген: Нукубаева М.Б. Семей, 2020
Қазақстан инновациялық академиясы
Педагогика және әлеуметтік ғылымдар кафедрасы
Жоспар: Жоспар: - 1) Карл Густав Юнг
- 2) Аналитикалық психология
- 3) Жеке тұоғаның құрылымы
- 4) Экстраверсия және Интроверсия
- 5) Альфред Адлер
- 6) Альфред Адлер ұсынған тұлға типтері
- 7) Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Карл Густав Юнг(1875- 1961) швейцарлық психолог және психиатр. 1910-1913жылы кейін 1933 жылы Цюрих университетінің доценті, психоаналитикалық мектептің Цюрихтағы бұтағын қалаушы. Аналитикалық психология — 1913 жылы Карл Густав Юнг негізін салған тереңдік психологияның бағыты. Бұл бағыт психиканың автономды өзіндік реттелуші жүйе ретіндегі идеалистік түсінікке негізделеді. Бұл бағыттың теориялық тұжырымы бойынша адам психикасы саналы мен санасыздықтың өзара компенсациясына негізделеді. Ал олардың интеграциясы – тұлғаның тұтастылығына, оның жеке даралуына жетудің жолы. Аналитикалық психология психопатология және психотерапияға, сонымен қатар, философия, антропология, мәдениет тарихы, этнология, мифологияға ықпал етеді.
Жеке тұлғаның құрылымы: Юнг жанды (Юнг теориясында бұған жеке тұлға термині аналогты) үш бөлек, бірақ өзара әрекеттесетін құрылымдардан тұрады деген: эго, жеке санасыздық және ұжымдық санасыздық.
Эго сана аумағының өзегі болып табылады. Сонымен қоса ол physhe компоненті де болады. Эго біздің саналылығымыздың негізі ретінде қызмет атқарады, оның арқасында біз өзіміздің күнделікті саналылық әрекеінің нәтижесін көруге қабілеттіміз.
Жеке санасыздыққа белгілі бір уақыт кезеңінде санадан өткізілген, бірақ қазір басылып тасталынған немесе ұмытылған конфликтілер мен есте қалған нәрселер жатады. Юнг жеке санасыздыққа индивидуумның өзі өткен жеке тәжірибесінен немесе тұқымқуалаушылық тәжірибесінен шығарылған эмоционалды зарядталған ойлар, сезімдер және есте қалулар жиынтықтары немесе комплекстер кіреді деген.
Юнг жеке тұлғаның құрылымындағы аса терең деңгей бар екені туралы ой қозғады, оны ұжымдық санасыздық деп атады. Ұжымдық санасыздық дегеніміз – біздің адам тәріздес ата-бабамыздың және бүкіл адамзат есіндегі латенттік іздердің сақталынған орны. Ұжымдық санасыздықта адамдарға жалпы және біздің эмоционалды өткеніміздің нәтижесі болып табылатын ойлар мен сезімдер бейнеленген.
Юнг екі ішкі бағдарлану немесе тұлға бағдарлануын ұсынады олар экстраверсия және интроверсия ішкі бағдарланулары. Экстравертті ішкі бағдарланулар адамды сыртқы, объективті әлемге бағдарлайды, интровертті ішкі бағдарлану ішкі, субъективті әлемге бағдарлайды. Тұлғада бір біріне қайшылықты екі ішкі бағдарлануда болады, олардың бірі үстемдік етеді, саналы болып табылады. Эго әлемге қатысты экстравертті болса, онда тұлғалық бейсаналық интровертті болады.
Экстраверт:
- адамдармен тез араласуға бейім тұратын;
- публика алдында сөз сөйлегеннен қысылмайтын;
- кез келген әрекетін сыртқы ортамен бөлісетін адам
Интроверт:
- жалғыздықты сүйетін;
- өз-өзімен сөйлескенді ұнататын;
- ішкі әлемінде өмір сүретін жан.
Юнг психологиясын жақтаушылар өте көп, әсіресе практикада жүрген психоаналитиктер, олар оның психотерапевтік әдістерін көп қолданады. Юнг Фрейд пен оның мектебінің психоаналитиктерінен көптеген қарсыласуды көрді. Олардың ойынша архетиптер тәжірибе терминдерінде суреттелді, ал оны туа берілетін тұқымқуалаушылықпен байланыстыру абсурд деп санады.
Аналитикалық психология психологтар жағынан фрейд мектебі сияқты көп сынға ұшыраған жоқ. Психология аналитикалық теорияны неге көзге ілмеді, оны көптеген әлем психологтары оларға құрмет көрсетседе, ең басты бір оның себебі, аналитикалық психология клиникалық, тарихи, мифологиялық, алхимиялық, діни, медитация, мистицизм, окультизм материалдарында негізделеді, эксперимент арқылы бекімеді. Осыған қарамастан Юнгтің аналитикалық теориясы қазіргі заман ойшылдарының бір ең тамаша жетістіктері болып табылады. Фрейдтен кейін «жан» туралы ашық батыл айтқан Юнг болды.
Альфред Адлер (нем. Alfred Adler; 7 ақпан 1870, Вена, Аустрия-Мажарстан - 28 мамыр 1937, Абердин, Шотландия, Ұлыбритания) — Аустрия психологі, психоаналитикалық бағыттың өкілі. Вена педагогикалық институтының (1915 жылы), Колумб университетінің (1929, Нью-Йорк) профессоры.
Адлердің психологиялық тұжырымы Зигмунд Фрейдтің психоанализміне біршама жақын. “Күйгелек мінез” (1912), “Дара өзгешеліктер психологиясының практикасы мен теориясы” (1920), “Адамтану” (1927жылы), “Өмірдің мән-мағынасы” (1933 жылы) т.б. еңбектерінде Адлер әр адам өзінің туа біткен кемістігін үнемі сезінеді, бұл жәйт оны басқа біреуден өзін артық деп ұғынуға, кемістігінің орнын толтыруға айрықша жұмылдырады, оған өктемдік жүргізуге итермелейді дейтін идеяны уағыздайды. Ол саналылық пен санасыздықтың арасында елеулі шегара жоқ, жан қуаттары бір-бірімен тығыз байланысты, адам ішкі дүниесін түгелдей негізгі мақсатына жету үшін жұмсайды дейді. Адлер өмірлік стиль, түс көру, неврозды зерттеуге елеулі үлес қосты.
А.Адлер тұлғаның 4 типін ажыратады: алғашқы үшеуі әлсіз әлеуметтік қызығушылықпен немесе оның жоқтығымен сипатталады. Олар 3 құрылғыға бөлінеді – басқару, алу және қашқақтау. Ал төртінші тип жоғары әлеуметтік қызығушылыққа да, жоғары белсенділікке де ие. Бірақ ешқай тип тұлғаның көпқырлығын, адамның бүтіндігін, бәсекелестігіне және асып түсуіне ұмтылысын ұштастыра алмайды, бұл А.Адлер ілімінің қырбұрышты тасы болып табылады.
Басқарушы тип
Осы типке қатысты адамдар сыртқы әлемге деген белсенді позициясымен сипатталады. Сыртқы әлем одан аз шығынмен тез арада көп пайда табу мақсатында соларға арналғандай сезінеді. Бұл адамдар белсенді, әрекетті болып келеді. Бірақ олар өз белсенділігін негізінен антиәлеуметтік түрде байқатады, осы типтің ең дарынды, ақылды өкілдері белгілі бір жетістіктерге жетіп, мысалы, мафиялық құрылымдардың, қылмыстық бизнес (есірткі мен қару-жарақ саудасы; ойын бизнесі; жезөкшелік пен порнография) жетекшілері бола алады.
А.Адлер бойынша, жас құқық бұзушылар мен нашақорлар – осы тип адамдарының мысалы.
Алушы тип
Бұл әдетте аз белсенді адамдар, олардың ұстанымы: өмірден барлық оңайшылықпен, еңбексіз жолмен келетін, керек болып қалар деген заттардың бәрін ал. Әдетте олар заң шеңберінде әрекет етеді – біреудің және бір мезетте бір ұйымның мойнына отырып алып, паразиттік өмір сүреді, басқаларға тікелей көрінетін зиянын тигізбейді. Олардың әлеуметтік қызығушылығы, белсенділігі болмайды. Олар үшін сыртқы әлем – «саумалы сиыр».
Қашқақтайтын тип (избегающий тип)
Осы типтің басты ерекшелігі табысқа ұмтылыс емес, сәтсіздіктен қашу болып табылады. Олар үшін басты мотив – «бірдеңе болып калмаса екен». Олар аз белсенділік пен әлеуметтік қызығушылықтың жоқтығымен сипатталады. Осы тип адамдары шешім қабылдау мен проблемаларды шешуден қашады, проблемалар жеке болсын, кәсіптік болсын. Олар өмір ағынымен жүреді, толқынмен де, ағынмен де күресуге талпынбайды. Олардың өмірі әдетте әлеуметтік пайдасыз әрекетпен және өмірлік проблемаларды шешуден қашумен сипатталады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1)Analytical psychology (1916) К. Г. Юнг 2)Психология: энциклопедиялық сөздік /Қ.Жарықбаев, О.Саңғылбаев.-Алматы:Қазақ энциклопедия,2011.-624 б 3)Юнг К.Г. Лекции в клубе "Зофингия". Семинары по аналитической психологии 1925 г. - М.: Клуб Касталия, 2018м 4)Адлер, А. Практика и теория индивидуальной психологии: Лекции по введению в психотерапию для врачей, психологов и учителей / А.Адлер. - М.: Изд-во Института Психотерапии, 2002. - 214 с.
Назарларыңызға рахмет
Достарыңызбен бөлісу: |