Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың үш айлық курсы Үшінші (негізгі) деңгей
www.cpm.kz
Астана – 2012 жыл
Бүгінгі таңдағы білім беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. Мемлекетіміздің елбасшысы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтарының біліктілігін арттырудың үш айлық курсы мазмұны
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтарының біліктілігін арттырудың үш айлық курсы мазмұны
Курс бағдарламасынан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін сөйлей алатын, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.
Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері.
Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, конструктивті оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теорияның мақсаты оқушылардың ойлауын дамыту, оларда механикалық есте сақтауды қалыптастырмай, алған білімдерін өмірде кез келген жағдайда пайдалана алуын қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтарының біліктілігін арттырудың үш айлық курсы мазмұны
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтарының біліктілігін арттырудың үш айлық курсы мазмұны
Қашықтықтан оқыту кезінде мектепте орындалатын тапсырмалар:
Орындалатын тапсырмалар жоспарын жасау;
Жеті модуль көрінетін бес сабақты бейнетаспаға түсіру; (Бағалау)
Екі оқушыны зерттеу;
Әр бір істелген жұмысқа жалпы 20 сағаттық рефлексивтік есеп жазу.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтарының біліктілігін арттырудың үш айлық курсы мазмұны
Ойлану және тәжрибелік бағалау:
Қашықтықтан оқыту кезеңінде орындалған тапсырмаларға сәйкес, курстың бірінші кезеңінде алынған білімді тереңдету;
Қашықтықтан оқыту кезеңінде орындалған тапсырмалар бойынша атқарылған жұмыстарды қорғау;
Тестілеуден өту.
Білім берудегі Кембридж тәсіліның теориялық негіздері.
Білім берудегі Кембридж тәсіліның теориялық негіздері
Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, құрдастарынан және оқулықтан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі оны дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра қарап, дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра бермейтінін тілге тиек етеді.
Білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздері
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды.
Сындарлы оқытудың мақсаты –оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.