Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы №360 қаулысы



Дата08.11.2022
өлшемі15,17 Kb.
#157244
түріБағдарламасы
Байланысты:
Туризм заңы
доклад, 3 сынып ктп, Компьютерлік сауаттылықтың негіздерін^J соның ішінде компьютерлік дағдыларды^J

 


Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 360 қаулысы.


МәтінРесми жарияланымАқпаратӨзгерістер тарихыСілтемелерКөшіруБасқа
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.


2. Орталық, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және өзге де ұйымдар (келісу бойынша) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.


3. Жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және өзге де ұйымдар (келісу бойынша) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша ақпарат берсін.


4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне жүктелсін.


5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 мамырдағы
№ 360 қаулысымен
бекітілген



Балқаш көлі – әлеуеті бір жылда 400 000 турист (қазіргі ағым – 130 000);


Бүгінгі күні туризм қаламыздың әлеуметтік-экономикасын дамытудың маңызды саласы болып отыр. Балқаш көлі аумағы бойынша Азияда үшінші орынды иеленеді, географикалық тұрғыдан демалушылар үшін қолайлы жерде орналасқан. Жазғы демалу кезеңі маусым айынан басталып, қыркүйекке дейін созылады. Туристердің негізгі легі Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларынан, көршілес Ресейдің Омск, Оренбург, Тюмень қалаларынан келеді. Балқаш курорттық аймағы еліміздің туристификация картасының ТОП -10-ына кірді, оған қаламыздың, Тораңғылық және Шұбартүбек кенттерінің жағалаулары жатады, онда 97 туристік нысандар бар.

2025 жылға туристік нысандар 5 есеге, туристер легі 10 есеге көбейіп,10 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет