Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жұмысын ұйымдастыру



Дата08.11.2022
өлшемі15,4 Kb.
#157231
Байланысты:
доклад


Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жұмысын ұйымдастыру

Қазақстанды әлемдік деңгейде таныту үшін білім жүйесі бәсекеге қабілетті жоғары деңгейде болуы қажет. Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, бәрібір тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына жеткізеді. Шәкіртті оқу үрдісінде мұғаліммен бірдей субъект ретінде танып, дара тұлға ретінде қабылдап, шығармашылық жұмысқа бағыттау, дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу- әр ұстаздың міндеті.


Табысты оқушы» термині «дарын сөзінен шыққан» дамудың ерекше қолайлы, ішкі алғышарттары дегенді білдіреді. Әлі күнге дейін дарындылықтың тура анықтамасы жоқ екендігін атап кеткен дұрыс. Әзірге құрдастарына қарағанда оқуға деген жоғары зеректігі, анық байқалатын ерекше шығармашылық қабілеті бар бала «табысты бала»( дарынды) саналады.
Табысты оқушыны оқшауландыратын ерекшеліктер бар, олар:
ақыл-ой еңбегіне бейімділік
жоғары зерттеушілік қабілеті мен танымдық мотивация
білімді, жаңа хабарды ұдайы қабылдауға ұмтылыс яғни, танымдық қажеттілік
оқу бағдарламасын табысты меңгеру және шығармашылық қабілет
Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар істелінуде. Солардың ішінде дарынды оқушылар арасында ғылыми пәндер бойынша өткізілетін пәндік олимпиадалардың орны ерекше.
Пәндік олимпиадалар- оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден-бір формасы.
Жалпы пәндік олимпиадалар мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады.
Пәндік олимпиадаға оқушы таңдауда пән мұғалімі ең алдымен бала бойынан пәнге деген басым қызығушылығын, оның бойынан туа біткен қабілетін көре білуі қажет. Оқушының шығармашылық қабілетін іскер де білікті мұғалім ған шебер ұйымдастыра алады. Осы орайда, мен олимпиадаға оқушыларды дайындаудағы өзіндік іс-тәжірибемді ортаға салғым келеді.
Оқушымен жүргізілетін жұмыс түрлері:
тарих пәнінің мектеп бағдарламасы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерту;
карталармен және деректер мен статистикалық мәліметтермен жұмыс істеуге, салыстырулар мен талдаулар жасауға, болжау жасау дағдыларын қалыптастыру;
Жүйелі түрде қосымша сабақ- дайындық, консультациялар өткізу
Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, шығарма және эссе жазу, мақала , т.б.)
Өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.
Мектепішілік және қалалық, облыстық пәндік олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыру
Олимпиада резервтерін дайындауда ең алдымен оқушының пәнге қабілетін анықтап, төменгі сыныптан бастап дайындаған тиімді нәтиже береді. Дайындық жұмыстары жүйелі түрде, оқушының жас ерекшелігіне сай біртіндеп күрделендіріліп отыруы керек.
Олимпиада резервтерімен жұмыс жүргізудің дайындық жолдарына тоқталсам, ол ең алдымен төмендегідей ұйымдастыру және оқу-әдістемелік бағыттарда жүзеге асуы тиіс: Ең алдымен тарих пәнінің мектеп бағдарламсы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол сұрақтар оқушыны шығармашылық ойларға жетелеуге тиіс;
карталармен және статистикалық мәліметтермен жұмыс істеу, салыстырулар мен талдаулар жасауға, болжау жасау дағдыларын қалыптастыруға машықтануы керек.
Оқушы алдына қойған проблемаларға сараптау, айқындау, жіктеу, дәлелдеу, қажет болса болжам жасау негізінде өз көзқарасын білдіруге үйренуі қажет.
Осындай бағыттарда жұмыс жүргізуде мен оқушыларды пәндік олимпиадаға даярлаудың үлгі- жоспары.
1.Берілген тақырыптар бойынша тест сұрақтарын жасау, олардың түрлері: ашық, жабық, сәйкестендіру т-б .\
2. Тақырып бойынша әңгімені бастап беру, аяқтауды оқушыға тапсыру.
3.Белгілі тақырып негізінде эссе жаздыру.
4. Берілген шығарманың мазмұны бойынша қорытынды жасай білуге, оқиғаларға баға бере отырып жазуын қалыптастыруға.
5.Берілген тірек сөздер, сөз тіркестері арқылы тапсырманың тарихи тілде мәнін ашып жаздыруға;
7.Хронология, терминдердерді қолданып жазуды;
2021-2022 оқу жылы облыстық, республикалық көлемде өткен олимпиадалар мен ғпк, шығармашылық байқауларға қатысып жүлделі орын алуға еңбектенген оқушылар болды олар;
ҒПК – Касимов Батырхан Республикалық ҒПК конференцияның қорытындылары бойынша «Ғылыми – зерттеу іс – әрекетіндегі белсенділігі үшін» номинациясы бойынша «Мадақтамамен» марпатталды 2021 ж.
Олимпиада:
Серік Ильяс қалалық олимпиада – 2 орын;
Касимов Батырхан – 2 орын;
Жадосқызы Ақнұр – 3 орын;
Татибеков Абдинур – 3 орын, «Менің кіші Отаным» республикалық интеллектуальдық конкурсының облыстық аймақтық олимпиадасы
Қуанышбек Жанель Қарағанды облысы, ОӘО «Абайдың жолы – Тәуелсіздіктің рухы» 1 аймақтық бейне – құрылтайында «Алғыс хат»
Қабдыбек Гүлназ – 2 дәрежелі дипломмен марапатталды, «Әлем таныған Қазақстан» республикалық ҮІІІ Құрылтайы
Касимов Батырхан – 3 орын «Сарыарқа дарыны» ҒПК

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет