Бюджет процесі бюджет жобасын әзірлеу, қарау, бекіту, орындалуы, оған бақылау және орындалуы туралы есепті бекіту бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың регламенттелген заңды қызметі б.т.

Бюджет бір қаржы жылына жоспарланады. Кезекті қаржы жылына арналған бюджеттің жобасымен бір мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттің болжамы жасалады
Республикалық бюджеттің жобасын айқындау тәртібін ҚР Президенті айқындайды. Жергілікті бюджеттірдің жобаларын айқындау тәртібін ҚР Үкіметі айқындайды. Республикалық бюджет туралы заңның жобасын ҚР Үкіметі Парламентке ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей енгізеді. Республикалық бюджетті бекіту ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешіктірмей әуелі Мәжілісте, содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы палаталар бөлек отырыстарында бекітіледі.