2014 жылға
Курчатов қаласы бюджетінің орындалуы туралы
Ақпарат
Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы
2014 жылға қала бюджетіне 783678,8 мың теңге кірістер түсті немесе 107,2 %, өткен жылдың кезеңдерімен салыстырғанда 100098,6 мың теңгеге артық. Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен нысаналы трансферттер мен субвенциялар 1234229,1 мың теңгені құрады.
Толық қала бюджеті бойынша бекітілген жоспарлардың орындалуы барлық 27 кіріс көздері бойынша қол жеткізілді. Кіріс көздерінің 7 түрі бойынша жоспар орындалған жоқ.
Толығымен 2014 жылға тағайындалған жоспардан тыс 52582,8 мың теңге келіп түсті.
101201 «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша жоспардан тыс 30380,1 мың теңге түсті, артығымен орындалуы Балапан Көлігі ЖШС компаниясы 101101 БСК бойынша 8500 мың теңге сомаға шегерім жасауына байланысты. Тұрғылықты жерге қайта тіркелгендіктен «Ульба – Фторкомплекс» ЖШС-нен төлемдер. Сондай-ақ, кәсіпорындар бойынша еңбекақының көтерілуіне байланысты түсімдердің ұлғаюы орын алады.
101202 «Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша жоспардан тыс 1891,9 мың теңге түсті, түсімдердің ұлғаюы ЖК кірістерінің ұлғаюына байланысты.
101204 «Төлем көзінен салық салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша жоспардан тыс 2987,7 мың теңге түсті, құрылтайшы дивиденттерден Балапан Көлігі ЖШС компаниясынан біржолғы төлем. Төлеушілердің саны ұлғайды.
103101 коды бойынша «Әлеуметтік салық» жоспардан тыс 7175,7 мың теңге түсті, республикалық бюджеттен корпоративтік табыс салығы бойынша артық төленуіне байланысты Балапан Көлігі ЖШС бойынша шегерілім жасалды.
104102 «Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық» коды бойынша артығымен орындалуы, 2014 жылы есепке қойылған мүлікке 168 мың теңге сомада Б. А. Мусиннен келіп түскен төлемдерге байланысты, артығымен орындалды.
104308 «Елді мекендер жерлеріне заңды тұлғалардан, жеке кәсіпкерлерден, алынатын жер салығы» коды бойынша жоспардан тыс 1026,9 мың теңге түсті, республикалық бюджеттен корпоративтік табыс салығы бойынша артық төленуіне байланысты Балапан Көлігі ЖШС бойынша шегерілім жасалды.
105296 «Заңды және жеке тұлғалар бөлшек саудада өткізетін, сондай-ақ өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылатын бензин (авиациялықты қоспағанда)» көтерілуі Велес Арк ЖШС ағымдағы төлемдеріне байланысты.
105315 «Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем» коды бойынша жоспардан тыс 2667,2 мың теңге түсті, артығымен орындалуы салық төлеушілер санының көбеюіне байланысты, декларацияларды тексеру нәтижесі бойынша қосымша резервтер анықталды, Балапан Көлігі ЖШС бойынша шегерілім жүргізілді.
301102 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер» коды бойынша жоспардан тыс 1436,6 мың теңге түсті.
105402 «Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алынатын лицензиялық алым» коды бойынша төлеушілер саны азаюы.
105418 «Жылжымайтын мүлікке құқығын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым» коды бойынша қайта тіркелудің азаюы.
108108 «Тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн мемлекеттік баж» коды бойынша, 2014 жылы келушілер санының азайған.
201508 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент , ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер» коды бойынша салық төлеушілер санының азаюы.
201509 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент , ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан үйлерді жалға беруден түсетін кірістер» коды бойынша жалға алу төлемін мезгілінде төленбеуіне байланысты азайған.
Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы.
2014 жылға, қала бюджетінің орындалуы республикалық және облыстық бюджеттерден түскен нысаналы трансферттер, субвенциялар, есебімен 2081899,9 мың теңге немесе 100 % құрады.
Жалпы түрдегі мемлекеттік қызметке 128534,9 мың теңге шығысталды жоспар бойынша 128589,9 мың теңге немесе 100 %. Соның ішінде
сатып алынды: көшіретін аппарат, ламинатор, сандық диктофон, жүйелі блок, архивке сөрелер, түптейтін аппарат, мәслихат аппаратына вирусқа қарсы бағдарлама, 2 планшет, ноутбук, түрлі-түсті принтер, теледидар, әкім аппараты үшін проектор, орындықтар, кресло, металл шкафтар, компьютер, әкім аппаратына ВАЗ 21713-138/31 автокөлігі, әкім аппаратына вирусқа қарсы бағдарлама, процессор, көпқызметті құрылғы, офистік орындықтар, қаржы бөліміне ВАЗ 210703 автокөлігі, компьютер жиынтығы, Экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ноутбук.
Қорғанысқа 16949,0 мың теңге шығысталды жоспар бойынша 16949,0 мың теңге немесе 100 %.
«Жалпы әскери міндеттемелерді орындау аясындағы іс шаралар» бағдарламасы бойынша 11949,0 мың теңге шығысталды немесе 100%.
186 адамға мед. комиссия жүргізілді, соның ішінде: шақырылғандар -73 адам, жаңадан қосылғандар - 97 адам, Әскери жоғарғы оқу орынына үміткерлер -8 адам, әскери техникалық мектеп -8 адам.
-«Аудан ауқымында (облыстық маңызы бар қала) төтенше жағдайларды жою және ескерту» бағдарламасы бойынша қалаға әлеуметтік тағайындалған нысандарды жылумен қамтамасыз етуге 5000,0 мың теңге шығысталды.
Қоғамдық тәртіпке, қауіпсіздікке, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметіне 800,0 мың теңге бөлінді, 100% игерілді. 30 дана жол белгілерін ауыстыру және жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Білімге 492077,1 мың теңге шығысталды жоспар бойынша 492077,9 мың теңге немесе 100 %. оның ішінде сатып алынды:
«Күншуақ» бала бақшасына жиһаздар, жұмсақ құралдар, шаруашылық құралдары, етке металл сөрелер, бактерцидтты лампалар, компьютер, ноутбук, компьютер жиынтығы, ноутбук сатып алынды.
«Журавушка» бала бақшасына сатып алынды: ЛС-8 кептіргіш машинасы, құймақ пысырғыш, екі қабатты төсек, ойын аймағы (дүкен, гараж, шаштараз), музыка залына перде, газон шапқыш, процессор, акустикалық жүйе, құрал-саймандар үшін шкаф, киімдер үшін шкаф, ойыншықтар үшін шкаф, стөл және орындықтар, 1С-Кәсіпорын бағдарламалық қамтамасыз ету, 1 жұмыс орынына клиенттік лицезия, вирусқа қарсы бағдарлама, түптейтін машина, мемлекеттік рәміздер, медициналық кушетка мен ширма;
-«Скала» балалар жасөспірімдер клубына спорттық велосипедттер сатып алынды.
-№ 3 орта мектепке және мектепте құрылған шағын-орталыққа суды диспенсерлегіш, актовый залдың сахна декорациялар, ағаштан жасалған ойын аймағы ас үй және туалетный стол, кілем-төсеніш, 5 кілем, 3 электржылытқыш, тәрбиешілерге стол және орындық, орындықтар, екі қабатты төсектер, 4 шаңсорғыш және 2 пневматикалық винтовка, спорттық тренажерлер, би үйірмесіне костюмдер және мектеп-гимназияда құрылған шағын-орталыққа төсектер, кілемдер, 2 шкаф, шаңсорғыш, лавочкалар, үтіктейтін тақтайша, аяқ киімге сөрелер, сәнді ағаштар сатып алынды мектептің электрсымдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2014-2015 оқу жылдарына оқыу-әдістеме жиынтығы және оқулықтар 15130 данада сатып алынды;
-қамқоршыларға айсайын ақша қаражатын төлуге 4698,8 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, 21 қамқоршыға төлем жүргізілді.
Аптасына бес күн 4 сағаттан, күніне 2 мезгіл тамақтандырумен № 3 орта мектепте және мектеп гимназияда мини орталық қызмет көрсетеді.
-колледждің ғимаратын қайта жаңартуға мемлекеттік сараптама мен ЖСҚ әзірлеуге 8500,0 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге 105066,2 мың теңге шығысталды жоспар бойынша 105088,9 мың теңге немесе 100 %.
Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жоспарланған қаражат 32568,8 мың теңге сомада, 32568,3 мың теңге сомада игерілді немесе 100 %.
2020 жұмыспен қамту Бағдарламасының қатысушыларына мемлекеттік қолдау көрсету шараларына республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 15355,0 мың теңге бөлінді, 15354,5 мың теңге сомада игерілді немесе 100 %. Еңбек ақысын жартылай қаржыландырумен әлеуметтік жұмыс орынына 87 адам жіберілді. Жастар тәжірибесінде 12 адам жұмысын аяқтады. Кадрларды қайта даярлауға жіберілді және 40 адам оқып келді.
Қоғамдық жұмыстарға 13083,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, қоғамдық жұмыстарға қала бюджетінің есебінен 140 адам қатысты.
Келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін 66 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Жұмыссыздарды қайта даярлау және кәсіптік даярлау бағдарламасына 1334,8 мың теңге бөлінді, 1334,8 мың теңге сомада игерілді немесе 100%, 20 адам оқып шықты.
Тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларға 2796,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. 20 адам әлеуметтік жұмыс орынына жұмысқа орналасты, 11 жас маман жастар тәжірибесіне қатысуға қабылданды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 481,5 мың теңге бөлінген, толық көлемде игерілді немесе 100 %, төлем тұрғындардың өтініш беру фактілері бойынша жүргізілді, соның ішінде 140,0 мың теңге республикалық бюджет трансферттері есебінен игерілді, осы көмек 31 алушыға тағайындалды және төленді.
Тұрғын үй көмегін көрсетуге 1756,0 мың теңге бөлінді, 1755,6 мың теңгесомада игерілді, немесе 100 %, осы көмек 60 отбасына тағайындалды және төленді, 24 отбасына телефонға көтерілген абоненттік төлемдерге өтемақы тағайындалды және төленді.
Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер 29715,0 мың теңге түсті, толықтай игерілді, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларға және оған тең келетін тұлғаларға коммуналдық қызмет төлемінің шығындарына өтем ақы 417 адамға материалдық көмек көрсетілді. Тұрмысы төмен отбасылардан 7 балаға жоғары оқу орнында оқу үшін көмек көрсетілді, 42 көп балалы аналарға, «Алтын алқа» белгісімен марапатталған, «Күміс алқа» немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және «Материнская слава» 1,2 дәрежелі орденімен марапатталған және 4 және одан да көп балалы кәмелетке толмаған балалармен тұратын 43 көпбалаплы аналарға материалдық көмек көрсетілді. Қала бюджеті қаражаты есебінен 2590,0 мың теңге бөлінді, 2590,0 мың теңге сомада немесе 100 % игерілді, тұрмысы төмен азаматтар санынан көмек сұраған 125 адамға материалдық көмек көрсетілді. Төлем іс жүзінде аударым және өтініш бойынша жүргізілді.
Үйде оқып тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге 1778,0 мың теңге бөлінді, 1759,3 мың теңге сомада игерілді немесе 98,9%. 10 мүгедек балаларға материалдық көмек көрсетілді, нақты есеп бойынша төлем жүргізілді.
18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы 1651,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100%, соның ішінде 90,0 мың теңге республикалық бюджет трансферттері есебінен игерілді. 201 балаға жәрдемақы төленді, алушыларға төлем іс жүзінде өтініш бойынша жүргізілді.
Арнайы гигиеналық құралдарды қажет ететін мүгедектерді қамтамасыз етуге 383,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100%. 8 адам арнайы гигиеналық құралдардармен қамтамасыз етілді.
Жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуге 11959,0 мың теңге республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлінді, 11958,7 мың теңге игерілді немесе 100%, төлем тағайындалған шоттар мен есептеу фактілері бойынша жүргізілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне компьютер, жүйелі блок, веб-камера, акустикалық колонкалар, клавиатура, жүйелі блок, 2 көпқызметті құрылғы, хаб, шуруп бұрағыш, құрал-сайман жиынтығы, электросчетчик, вирусқа қарсы бағдарлама сатып алынды.
Өрлеу жобасы бойынша Республикалық бюджеттен 1805,0,0 мың теңге нысаналы трансферттер бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100 % қала бюджетінен 74,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100,0 %, ақпараттық-түсіндіру сипаттағы баспа өнімін дайындауға төленді, Өрлеу тематикасымен баннер сатып алынды. Отбасынның әлеуметтік келісімін жандандырып орындауға және қол қою шартымен оларды іс жүзінде қажет ету есебімен 5 отбасына шарттасқан ақшадай көмек ұсынылды.
Тұрмыстық коммуналдық шаруашылыққа 707102,1 мың теңге бөлінді, игерілгені 707101,7 мың теңге сомада игерілді немесе немесе 100 % оның ішінде:
-мемлекеттік тұрғын-үй қорын сақтауды ұйымдастыруға 475,1 мың теңге бөлінді, қаражат толық көлемде игерілді, Олимпийская көшесі 31, Абая көшесі,46 бойынша көп қабатты тұрғын үйлердің төбесін ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстары жүргізілді;
- кондоминимумдар нысандарына техникалық құжаттар даярлауға 879,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100 %. Тәуелсіздік көшесі, 17 және Абай көшесі 37,Олимпийская көшесі 38 бойынша 3 кондоминимумдер нысандарына тех.құжат даярлауға төлемдер жүргізілді;
-тұрғын үй сатып алуға 589440,0 мың теңге бөлінді, 589439,7 мың теңге сомада игерілді, конкурс нәтижелері бойынша үнем;
-сумен қамтамасыз ету және су жүргізу жүйелеріне қызмет көрсетуге 54512,1 мың теңге бөлінді, соның ішінде 35000,0 мың теңге облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсті, толық көлемде игерілді, 3 участок, 3-ден 4 көтерілімге дейін сыртқы су жүргізу желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді, суды тазалайтын станцияларға ағымдағы жөндеу, ұзындығы 1305 м (26 құдық) шаруашылық-фекальды кәрізді тазалау және 32 МПа қысыммен ысытатын құрылғысымен гидробародинамикалық тәсілмен құдықтар мен құбырларды жіберу қаблетімен (12 құдық) 608 м ұзындықтағы нөсерлі кәріз қайта қалпына келтір ;
- көшелерді жарықтандыруға 12369,6 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, 2318862 квт электрэнергияны тұтынғаны үшін, көшені жарықтандыру жүйелеріне қызмет көрсету бойынша жұмыстарға төленді;
- қаланың тазалығын қамтамасыз етуге 14900,0 мың теңге қаражат бөлінді, қаражат толық көлемде 100 % игерілді, механикалық жинауға келмейтін аумақтарды қолмен жинау жүргізілді, қоқыстар мен қарлар жинап шығарылды, 792 дана - қураған талдар қиылды, 392 дана – ағаштардың төбесі қиылды, шөптер шабылды, ағаштар ақталды, төлем атқарылған жұмыс актілері бойынша ;
-панасыздарды жерлеуге және жерлейтін орында ұстауға 900,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. Зираттардың аумағына тазарту жүргізілді, кіреберіс жолдарға жоспарлау жүргізілді, қоқыс салу үшін арнайы контейнерлер орнатылды, 14 жерде зираттардың аумағын қоқыстардан тазартылды;
- көгалдандыруға және абаттандыруға 33626,2 мың теңге қаражат бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100 %. 911 дана көшеттер отырғызылды, гүлдер отырғызылып суарылды, 370 дана қарағай отырғызылып суарылды, қаланың жасыл аймақтары суарылды, 1200 метр - Абай көшесі бойынша жолдың іргесіне металл қоршаулар орнатылды, Абай көшесі бойынша арка орнатылды, Тәуелсіздік көшесі, 31,33,35 бойынша аула алаңдары на абаттандыру жүргізілді;
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке 98472,9 мың теңге бөлінді, игерілгені 98459,7 мың теңге немесе 100 %.
бос уақытты мәдениетті өткізуді қолдау жұмыстарына
44753,6 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, соның ішінде қалалық мерекелік іс шаралар өткізілді; интернационалист әскер күні, халықтық мейрам «Масленица», 8 наурыз, Наурыз – Мейрамы, Өскемен қаласында конкурсқа әртістер іс шараларына, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін іс шаралар, 1мамыр, 9 мамыр, балаларды қорғау күні, астана күні, қала күні, қарттар күні, бірінші Президент күні, ҚР Тәуелсіздік күні, 2015 жаңа жыл;
-спорттық сайыстарды өткізуге (жол шығындары, тамақтану, жатар орыны,) 555,0 мың теңге бөлінді, 555,0 мың теңге сомада игерілді немесе 100%, гир көтеру спорты бойынша іріктеу турнирына, қаланың ұйымдары мен кәсіпорындары арасында спартакияда, волейбол, баскетбол, шаңғы жарыстарын өткізу үшін кубоктар, грамоталар, сатып алынды;
басқа аумақтардағы спорттық жарыстарға қатысуға
5700,0 мың теңге бөлінді,толық көлемде игерілді. Кимоно, фудбол ойнаушыларға, күресушілерге формалар, Армреслингкке форма, Халық ойындарына спорттық костюмдер сатып алынды. Басқа аумақтарда өткізілген спорттық жарыстарға қатысты: қазақша күрес чемпионатына (Аягөз қаласы), тхэквандо біріншілігіне (Семей қаласы), хоккейден жарысқа (Озерка селосы), волейбол бойынша көктемгі чемпионат, хоккейден «Жұлдызша» облыстық турниріне (Өскемен қаласы), Халықтық ойындарда командада қатысты, армреслингтен жарыстарға;
-қалалық кітапхананың қызметтеріне 7645,0 мың теңге бөлінді, 7644,9 мың теңге сомада игерілді немесе 100%;
мемлекеттік және басқа да Қазақстан халықтарының тілдерін
дамытуға 6456,2 мың теңге бөлінді, 6456,2 мың теңге сомада игерілді немесе немесе 100% , мемлекеттік тілді оқу бойынша 8 топ (110 тыңдаушы) құрылды және қызмет көрсетеді және ағылшын тілін оқу бойынша 5 топ (70 тыңдаушы) құрылды; 2014 жылдың қаңтар айынан маусым айы бойынша тематикалық сабақтар, конкурстар, семинарлар өткізілді. Қазақ тілін үйренушілерге Тілашар. 2014 жылдың маусым айында 2013-2014 жылдарда оқығандардың білімін тексеруге қорытынды тестілеу өткізілді. Тестілеу қорытындысы бойынша сертификаттар берілді. Мемлекеттік қызметкерлерге сынамалық тестілеу және даярлау жұмыстары үнемі өткізіліп тұрады. Айсайын қазақ тілінде газетке қазақ тілі туралы мақалалар шығып тұрады, сондай-ақ, барлық мемлекеттік тілді үйренуге ниет білдіргендерге әдістемелік көмектер көрсетіліп тұрады.
мемлекеттік ақпараттық саясаттарды телерадио хабарларын өткізу
бойынша қызметке 2016,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе немесе 100%, «Спектор резонанс», «Көкжиегі» газеттері арқылы ақпараттық қызметтерге төлем жүргізілді
- телерадио арқылы мемлекеттік ақпараттық саясаттарды жүргізу бойынша қызметтерге 168,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, хабарландыру және қала әкімінің пресс-қызметі материалдарын телевизияға шығару үшін «Поиск» ЖШС берліген шоттары бойынша төлем жүргізілді.
- ішкі саясат бөліміне 122,0 мың теңге сомада 1 компьютер сатып алынды
- жастар саясаты саласында бағдарламаны жүзеге асыруға 7227,0 мың теңге бөлінді, 7226,4 мың теңге сомада игерілді нмесе 100%, «Курчатов қаласының жастар орталығы» КММ ұстауға, жастар іс шараларын өткізуге кеңселік тауарлар, сыйлықтар сатып алынды;
- «Курчатов қаласының жастар орталығы» КММ үшін компьютер және фотоаппарат 298 мың теңгеге сатып алынды.
- ведомостваға қарасты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға күрделі шығындарға 3700,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100,0 %. Мәдениет үйіне: кабинеттерге жиһаздар (шкафтар мен столдар), костюмдер үшін тұратын ілгіш, өндірістік бу үтігі, сәнді гүл қойғыштар, залды безендіруге үлкен әр түрлі гүлдер, сурет салу конкурсын өткізу үшін мольберт, әр түрлі гүлдерді салу үшін биіктігі 120 см ваза, безендіру үшін биіктігі 120 см-ден 150 см әр түрлі (роза, лилия, пион ж.т.б) жасанды гүлдер, «Взлет» ду-65 мм орнатылатын жылу аспабы, домбыра футлярымен және сырттығымен, ұлттық аспап Сыбызғы, ұлттық аспап Жетіген, Достық үйіне: ноутбук, штукті іркіліссіз қоректендіретін көздер, ламинат, желдеткіштер, жылытқыш, телефон аппараты, пианино –синтезатор, гитара, вирусқа қарсы бағдарлама, тілдерді оқыту орталығына: ағылшын тілі бойынша оқулықтар, интерактивтік тақта жиынтығы, кітаптар, әртүрлі лазерлік МФУ, шаңсорғыш, стол, кресло, электрондық кітап, веб-камера, компьютер жиынтығы, ноутбук, проектор, экран, вирусқа қарсы бағдарлама қалалық кітапханаға сатып алынды.
Отын-энергетикалық кешені және жер қойнауын пайдалануға 184,2 мың теңге сомада қаражат бөлінді, 180,4 мың теңге сомада игерілді немесе 97,9 %. Жылу желілерінің жерге орналастыру жобасы әзірленді;
Ауыл шаруашылық, жер қатынастарына 20588,0 мың теңге сомада қаражат бөлінді, 20587,0 мың теңге сомада игерілді немесе 100 % соның ішінде:
- ауыл шаруашылық,ветеринария және жер қатынастары бөлімі вирусқа қарсы бағдарлама сатып алынды;
-елді мекендерде жерге шаруашылықты орналастыруға 6000,0 мың теңге бөлінді, 6000,0 мың теңге сомада игерілді немесе 100%. ШҚО Курчатов қаласының әкімшілік шекарасында елді мекендеріндің базалық ставкасын кешенді әзірлеу өткізілді. Орындаушы ҚР аймақты дамыту Министрлігі жер ресурстарын басқару бойынша Комитеті «ҒӨО жер кадастры» шаруашылық жүргізу құқығындағы ВКФ РМК. Жерді пайдаланушылар, жер участкелерінің иелері және жер санын есепке алу бойынша кадастрлық жұмыстар жүргізілді сондай-ақ басқа да субъектілердің құқықтық қатынастары, орындаушы ҚР аймақты дамыту Министрлігі жер ресурстарын басқару бойынша Комитеті «ҒӨО жер кадастры» шаруашылық жүргізу құқығындағы Павлодар филиалы РМК;
- қаңғырған иттер мен мысықтарды жойып және оларды ұстауды ұйымдастыруға 582,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. 160 иесіз иттер мен мысықтар ұсталды;
-ауылшаруашылық малдарды сәйкестендіру бойынша іс шаралар жүргізуге 107,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. Өскемен қаласының «Казагромаркетинг» АҚ мамандары АШМС (ауылшаруашылық малдарды сәйкестендіру) бағдарламасын жаңарту, аппараттық қамтамасыз ету және бағдарламалық қызмет көрсету, жұмыс бекетін бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануға келтіру бойынша жалпы алдын алу жұмыстарын жүргізді;
- жануарлар індетіне қарсы іс шаралар өткізуге жергілікті бюджеттен 1701,0 мың теңге бөлінді,толық көлемде игерілді, аса қауіпті инфекциялық ауруға 23795 бас ауылшаруашылық малдарына вакцина егу жүгізілді, 1500 бас ауылшаруашылық малдарға қауіпті ауруларды анықтау бойынша (талдау жасауға қан алу) диагностика жүргізілді.
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құылыс қызметтеріне – (құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлімін ұстауға) -10098,0 мың теңге сомада қаражат бөлінді, 10097,7 мың теңге игерілді немесе 100 %, соның ішінде компьютер жиынтығы, шкаф сатып алынды.
Көлік және коммуникацияға 27415,0 мың теңге сомада қаражат бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100 % қала көшелерінің жолдарын жазда сыпыру және қыста қардан тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді, автогрейдермен және қолмен қарды жинау, қала көшелерінің жолдарының шұңқырларына жөндеу және бордюрлерді сырлау жұмыстары жүргізілді;
Басқа да – 453204,1 мың теңге сомада қаражат бөлінді, 453150,3 мың теңге сомада игерілді немесе 100 % оның ішінде:
-білім бөліміне Chevrolet Orlando жеңіл автокөлігі сатып алынды;
-399,9 мың теңге сомаға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне ноутбук, компьютер сатып алынды;
- білім, дене шынықтыру және спорт бөліміне вирусқа қарсы бағдарлама және компьютер жиынтығы сатып алынды;
-2012-2020 жылдарға моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында мноқалаларды ағымдағы жайғастыруға 46418,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100%. Жеңіс саябағына жөндеу жұмымтары жүргізілді, креберіс стеллалар орнатылды, «Аллея строителей» және «Буратино» саябақтарына ағымдағы жөндеу ;
- 187905,2 мың теңге сомаға көшені жарықтандыруды қайта жаңарту жүргізілді, соның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 180000,0 мың теңге бөлінді, облыстық бюджет қаражаты есебінен 6540,0 мың теңге бөлінді, қаражат толық көлемде игерілді немесе 100%.
-«моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредиттеу» бағдарламасы бойынша 48890,0 мың теңге бөлінді, кәсіпкерлікті шағын кредиттеу үшін, қаражат толық көлемде «Ертіс» ӘКК Ұлттық компаниясы» АҚ аймақтық өкілдік ұйымға аударылды;
-«2012-2020 жылдарға моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында жобаларды жүзеге асыру үшін кредиттер бойынша пайыздық ставкамен қаражаттандыруға» 45155,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді,қаражат «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аударылды;
-«2012-2020 жылдарға моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беруге» 8000,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, гранттар «Дегелен Сервис KZ» ЖШС-2500,0 мың теңге, ЖК Базархан.Ш.- 2700,0 мың теңге, ЖК Демышев В.А.-2800,0 мың теңге сомада берілді;
Бюджеттің атқарылуы бойынша
уәкілетті ұйымның басшысы А. Қуандықов
Достарыңызбен бөлісу: |