Білім беру саласы: «Денсаулық». Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене тәрбиесі. Тақырыбы: «Доғаның астынан еңбектеп өту»



Дата08.11.2019
өлшемі41,5 Kb.
#51296
түріСабақ
Байланысты:
дшшшшшшш

Білім беру саласы: «Денсаулық».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене тәрбиесі.
Тақырыбы: «Доғаның астынан еңбектеп өту».
Мақсаты:

Білімділік: Балаларды доғаның астынан дұрыс еңбектеп өтуге үйрету. Өздерін еркін ұстауға дағдыландыру. Ойын тәртібін сақтап,сапта өздерін еркін ұстауға баулу, спорттқа деген қызығушылығын қалыптастыру. Балаларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа, бірлікке, достыққа бір-бірімен тіл табыса білуге тәрбиелеу және баулу.

Көрнекілік құралдар: Доға, қуыршақ театрының кейіпкерлері- әтеш, аю, қоян, үн таспа, кедергілер, гимнастикалық орындық.

Әдіс – тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап

Сөздік :доп-мячь.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық іс-әрекет

Балаларды ұйымдастыру. Бірінің артынан бірі сапқа тұрып,тізбектеле жүруге үйрету.

-Қане балалар, шаттық шеңберін құрайық:

Жалқаулықты тастаймыз,

Шынығамыз жастай біз.

Ырғағымен әуеннің

Жаттығуды бастаймыз.



Балалар саппен спорт залына кіріп бірінің артынан бірі жүреді.


Ұйымдастыру-іздену

Сапқа тұрып әртүрлі жаттығуларды дұрыс орындауға үйрету.Ал балалар, жаттығу жасау үшін алдында күш жинап алайық.

(Музыка әуенімен жаттығулар жасау.)

Балалар, енді бас жаттығуынан бастап аяқ ұшы жаттығуына дейін жасаймыз.

1.Басты алға, артқа, оңға, солға ию.

2.Қолды иыққа қойып, алға, артқа айналдыру.

3.Қолды кеуде бойына қойып, қайшылаймыз

4.Қолды белге қойып, оңға, солға жантаю.

Енді балалар екі топқа бөлініп, доғаның астынан ешбір кедергісіз еңбектеп өтулерің керек.

(Балалар доғадан өтеді).

«Кім жылдам» ойыны.

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлініп, доғаның астынан еңбектеп өтеді.



Сергіту :

Қолды белге қоямыз

Үлкен болып өсеміз,

Жұлдызға да жетеміз

Тышқан сияқты аяқтың ұшымен жүреміз, (тышқан сияқты жүру)

Қоян сияқты секіреміз, (қоян сияқты секіру)

Аю сияқты қорбаңдап жүреміз.(аю сияқты қорбаңдап жүру).

Қимылды ойын:

«Шармен секіру».

Мақсаты: Жылдам жүре білуге тәрбиелеу.


Тәрбиеші берген нұсқауларды орындай отырып бір іс-әрекет түрінен екіншісіне ауысып отырады. Жалпы жетілдіруші жаттығуларды жасайды. Негізгі қимыл-қозғалыс түрлерін есте сақтай отырып қайталайды.

Балалар ойын ойнайды.

Балалар іс қимылды қайталайды.

Екі топқа бөлініп, шармен екі бала секіріп келіп, доға астынан өту. Қай топ бірінші айналып келсе, сол топ жеңімпаз болады.




Рефлексивті түзету

Сабақты қорытындылау.

-Балалар біз бүгін қандай жаттығуларды жасадық?

- Қолымызды созып неге жеткіздік?

- Нелер сияқты жүрдік?

- Біз қандай қимылды ойын ойнадық?

- Дене тәрбиесі сабағының бізге пайдасы бар ма?

Жарайсыңдар балалар! Сендер сабаққа белсене қатыстыңдар.



-Бас жаттығуынан бастап, аяқ ұшы жаттығуына дейін жасадық.

Қолымызды жұлдызға жеткіздік.

Тышқан,аю,қоян

«Кім жылдам» ойынын ойнадық.



Әрине, денсаулығымыз мықты болады

Күтілетін нәтиже:

Білу: тақырыпты толық меңгеру

Игеру: берілген нұсқау бойынша тура, еңбектеп жүру.

Меңгеру: қимылды ойын шартын меңгеріп ойнай білу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет