Қазақстан республикасы мектепке дейінгі ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



Дата08.09.2017
өлшемі338,57 Kb.
#30747
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ



ЖОБА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫНДА

БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

2017-2018 оқу жылы
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

Астана, 2017

2017-2018 оқу жылы Қазақстан республикасы мектепке дейінгі ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат – Астана, 2017.17 - бет

Әдістемелік нұсқау хат 2017-2018 оқу жылында меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарының барлық түрлерінде білім беру процесін ұйымдастыруға бағдарланған.

Осы хат мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына, әдіскерлеріне, педагогтары мен мамандарына әдістемелік көмек көрсетуге арналған және «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылады (2017 жылғы 5 маусымдағы №5 хаттама).



ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту баланы жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес, жан-жақты дамытуға, әлеуметтік дағдыларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін адамгершілік нормаларын қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесінің негізі болып табылады.

2017-2018 оқу жылы мектепке дейінгі білім беру жүйесі үшін маңызды болып табылады. Ғасырлық тарихта мектепке дейінгі білім беру саласындағы саясат мектепке дейінгі ұйым желісін дамытуға бағытталған.

Бүгінгі күні 807,2 мың бала контингентіне 9410 мектепке дейінгі ұйым қызмет етеді, оның 2336 – жеке мектепке дейінгі ұйым.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі бағыттары:

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту;

- балаларды сапалы мектепке дайындауға бағытталған инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу;

- мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бақылау бойынша индикаторлар жүйесін енгізу.

Мектепке дейінгі ұйымдар меншік нысанына қарамастан нормативтік құқықтық құжаттарды басшылыққа ала отырып, келесі міндеттерді орындайды:



  • балалардың денсаулығы мен психикасын нығайту;

  • балаларды ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға баулу;

  • рухани және адамгершілік негіздерін қалыптастыру;

  • балалардың жеке қабілеттері мен дарындылықтарын дамыту;

  • әрбір баланың жағымды көңіл-күйін қамтамасыз ету, жағымды өзін-өзі сезінуін дамыту;

  • баланы мектепте оқуға мақсатты түрде дайындау.

2017-2018 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (бұдан әрі – Стандарт), (2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 ҚРҮҚ), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (бұдан әрі –Үлгілік бағдарлама) (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығы), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығына 1 қосымша), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына әдістемелік нұсқаулыққа (бұдан әрі –Нұсқаулық) сәйкес ұйымдастырылады.

Стандартта мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптар айқындалған.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны:

- өтпелі тақырыптар негізінде құрастырылған перспективалық жоспар;

- апталық циклограмма;

- балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бақылау үшін индикаторлар жүйесін енгізу арқылы іске асырылады.

Әдістемелік-нұсқау хат жаңартылған мазмұнды іске асырудың негізгі бағыттарын, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдерін, Стандарт талаптарына сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жағдайлар жасауды, мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыруды, тәрбиешілердің педагогикалық шеберліктерін арттырудың негізгі тәсілдерін қарастырады.

Әдістемелік-нұсқау хат мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді және мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына, әдіскерлеріне, педагогтары мен мамандарына әдістемелік нұсқаулық болып табылады.


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын іске асыру Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен Стандартта айқындалған міндеттерді орындауды талап етеді.

Үлгілік бағдарлама Стандарт талаптарына сәйкес:

- балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға;

- «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеуге;

- баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы орта құруға;

- мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз етуге;

- балалардың дене, зияткерлік, коммуникативтік, адамгершілік, эстетикалық дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіруге;

- әр жас тобында бағдарлама материалының мазмұнын игеруде балалардың дамуына мониторингті ұйымдастыруға;

- мектепке дейінгі ұйым мен отбасының бірлескен ынтымақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Үлгілік бағдарламаның мазмұнын іске асыру балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларын кіріктіру арқылы қамтамасыз етіледі.

Білім беру салаларының өзара байланысуы балада қоршаған ортаның тұтас бейнесінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Білім беру салаларының мазмұнын кіріктіру балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың міндеттерін біріктіру әдісімен іске асырылады. Мысалы, «Денешынықтыру» ұйымдастырылған оқу қызметін өткізуде, сондай-ақ күн тәртібінің сәттерінде педагог ауызекі сөйлеуді дамытады, сөздік қорды толықтырады, санауға, би қимылдарын қолданып, музыканың сүйемелдеуімен жаттығулар орындауға үйретеді. Кіріктіру ұстанымын қамтамасыз ету балалардың танымдық белсенділігін дамытуға және қоршаған ортаны тұтас қабылдауға ықпал етеді.

Білім беру салалары мазмұнын кіріктіруді балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес Үлгілік бағдарлама мазмұнын игерудің сабақтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз ететін өтпелі тақырыптар негізінде құрастырылған Перспективалық жоспар қарастырады.

Перспективалық жоспар келесі өтпелі тақырыптар бойынша іске асырылады:

1. «Балабақша» - балалардың бойында балабақшаға, балаларға, ересектерге сүйіспеншілік сезімді қалыптастыруға; бірлескен әрекетке қызығушылықты дамытуға бағытталған.

2.«Менің отбасым» - отбасы, ана, әке, әже, ата, аға, әпкенің рөлі; отбасы мүшелерінің еңбек міндеттері; отбасындағы жағымды өзара қарым-қатынас, өзара көмек, отбасының барлық мүшелеріне сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етеді.

3.«Дені саудың жаны сау»- баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы байытуға, шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін пайдалана отырып, қимыл белсенділігіне қажеттілікті жетілдіруге бағытталған.

4. «Менің Қазақстаным» - балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларды, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясына негізделген жалпы адамзаттық қасиеттерді, патриотизм мен толеранттылықты тәрбиелеуге ықпал етеді.

5.«Табиғат әлемі»- тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстары, маусымдық өзгерістер, өсімдіктер туралы білімдерін кеңейтуге; жануарлар, жәндіктер мен өсімдіктердің барлық түрлерін сақтаудың қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыруға; табиғатпен тікелей байланысты тәжірибені игеруге; қоршаған ортаға ұқыпты қарауды және тіршілік ету ортасының маңызын түсінуге бағытталған.

6.«Бізді қоршаған әлем»- қоршаған ортамен өзара әрекет етуге қажетті танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларына ие баланың тұлғасын дамытуды, адамгершілік нормаларын, төзімділікті және адамдарға құрмет танытуды сезінуін қамтамасыз етеді.

7.«Салттар мен фольклор»- Қазақстан Республикасында тұратын қазақ және басқа халықтардың мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне тәрбиелеуге, адамдарға мейірімді және сыйластық қатынасты қалыптастыруға бағытталған.

8.«Біз еңбекқор баламыз»- қарапайым еңбек дағдыларына, еңбек сүйгіштікке, еңбек адамдарына құрмет сезімдерін тәрбиелеуге, адамның қолымен жасалғанның барлығына ұқыпты қарауға; балалардың сөйлеуін, зейінін, қиялын дамытуға; мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін және ойлауын қалыптастыруға ықпал етеді.

9.«Әрқашан күн сөнбесін»- балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді: жақын адамдарына сүйіспеншілікті, оларға қамқорлық жасауға ынтасын, өзінің туған қаласына, өз еліне құштарлық сезімді, оның тарихына қызығушылықты тәрбиелеуді қарастырады.

Педагог Перспективалық жоспарға, өтпелі тақырыптарға сәйкес балаларды қабылдаудан басталатын барлық күн тәртібі процестерінің орындалуын ұйымдастырылған оқу қызметтері, серуен, балалардың үйге қайтуын қамтитын бір аптаға Циклограмма құрастырылады.

Циклограмманы жоспарлауға талаптар:

- ұйымдастырылған оқу қызметтерінің тақырыптары Перспективалық жоспарда көрсетілген мақсатқа сәйкес анықталады;

- өтпелі тақырыптың мазмұнына сәйкес бағдарламалық материалды бөлуде жүйелілік пен сабақтастық ұстанымын сақтау;

- Үлгілік бағдарлама мазмұнына сәйкес балалардың сапалы және толыққанды дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

- балаларды дамытушы оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ету үшін инновациялық технологиялар, әдістер мен тәсілдерді қолдану;

- циклограмманың құрылымдық бөлімдерін сапалы жоспарлау үшін заттық-дамытушы ортаны қалыптастыру.

Циклограммада балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес күн тәртібінің әрбір сәтінің ұзақтығы «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №217 бұйрығы) талаптарына сәйкес анықталады.



Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған үлгiлiк күн режимі

Режим компонентi


Жас ерекшелік топтары, жасы

2 3

3 4

4 5

5 6

1

2

3

4

5

Үйде (ұйқыдан тұру, дәретхана)

6.30 7.30 

6.30 7.30 

6.30 7.30 

6.30 7.30 

Қабылдау, тексеріп-қарау, ойындар, таңертеңгі жаттығу       

7.00 8.00

7.00 8.00

7.00 8.00

7.00 8.00

Таңғы ас

8.00 8.30 

8.20 8.55 

8.30 9.00 

8.30 8.55 

Ойындар, сабаққа дайындалу

8.30 9.00 

8.55 9.20 

9.00 9.15

8.55 9.10

Сабақтар (үзiлiстердi қоса алғанда)

9.00 9.30 

9.20 10.00

9.15 10.00

9.10 10.10

Серуенге дайындық

9.30 9.50 

10.00 10.20

10.00 10.20

10.10 10.30

Серуендеу

9.50 11.30

10.20 12.00

10.20 12.10

10.30 12.35

Серуеннен оралу

11.30 11.50

12.00 12.20

12.10 12.30

12.35 12.50

Түскi ас

11.50 12.30

12.20 13.00

12.30 13.00

12.50 13.20

Ұйқы

12.30 15.00

13.00 15.10

13.00 15.10

13.20 15.20

Бiртiндеп тұру, ауа, су емшаралары

15.00 15.30

15.10 15.40

15.10 15.40

15.20 15.50

Бесін асы

15.30 16.00

15.40 16.00

15.40 16.00

15.50 16.10

Ойындар, өз бетiнше жұмыс   

16.00 16.20

16.00 16.30

16.00 16.30

16.10 16.40

Серуенге дайындық

16.20 16.40

16.30 16.50

16.30 16.50

16.40 17.00

Серуендеу

16.40 18.00

16.50 18.00

16.50 18.00

17.00 18.00

Серуеннен оралу

18.00 18.20

18.00 18.20

18.00 18.20

18.10 18.20

Кешкi ас

18.20 18.45

18.20 18.45

18.20 18.45

18.20 18.45

Балалардың үйге жіберілуі

18.45 19.00

18.45 19.00

18.45 19.00

18.45 19.00

Үйде













Серуендеу

19.00 19.50

19.00 20.00

19.00 20.10

19.00 20.15

Тыныш ойындар, гигиеналық күтім

19.50 20.20

20.00 20.30

20.10 20.40

20.15 20.45

Жатқызу, түнгi ұйқы

20.00 6.30

(7.30)


20.30 6.30

(7.30)


20.40 6.30

(7.30)


20.45 6.30

(7.30)


Білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері
Мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру процесі балалардың жастарына сәйкес жұмыстың түрлері мен әдістеріне негізделеді. Жұмыс түрі мен әдістерін педагог мектепке дейінгі ұйымның бағыттарының ерекшелігіне, жабдықталуына (материалдық-техникалық қор), мәдени және аймақтық ерекшеліктерге сәйкес өздігінен таңдайды.

Балалармен білім беру әрекетінің бірнеше түрлері бар, олар: жеке баланың мүмкіндіктерін қарастыратын жеке; бала саны 3 адамнан кем емес топтық; 6 адамнан артық кешенді.

Мектепке дейінгі ұйымда білім беру процесін тиімді ұйымдастыру және балаларды сапалы тәрбиелеу және оқытумен қамтамасыз ету үшін келесі тәсілдер мен қағидалар қарастырылады:

- тәрбие мен оқытудың барлық қатысушыларына – педагогтардың, психологтардың, ата-аналардың баланың тұлғасының қалыптасуына және оның қабілеттерінің дамуына кешенді тәсіл;

- балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың дамуына әрекеттік тәсіл;

- балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға денсаулықты сақтау тәсілі;

- баланың даму деңгейіне мониторинг жүргізуге және мектепке дейінгі ұйым әрекетіне (мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына мониторинг жүргізуге арналған автоматизация жүйесі) инновациялық тәсіл;

- оқытудың тұтастық, сабақтастық, үздіксіздік ұстанымдары келесі бөлімде бұрын игерген білімді бекітуді, кеңейтуді және тереңдетуді жалғастыратын білім беру салаларының бөлімдерінің арасындағы байланысты қарастырады;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, білім беру процесін интерактивті құру.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мазмұнына мектеп жасына дейінгі балаларға арналған оқыту және дамыту бағдарламалары бар, ресурстар кіретін интерактивті жабдықтар жатады. Бұл технологиялар балалардың логикасына, ойлауына, сенсорлық қабілеттерінің дамуына ықпал ететін электронды контентті ресурстары бар дидактикалық үлестірмелі материалдарды үйлестіреді.


Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру
2017 жылдың қыркүйек айынан бастап республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында түрлі кезеңдерде баланың даму динамикасын есепке алуға, педагогикалық қолдау көрсетуге және олардың әрі қарай жасайтын жұмыстарына түзету жүргізуге ықпал ететін баланың даму деңгей мониторингін жүргізудің бірыңғай тәсілі енгізіледі.

Мониторинг жүргізу үшін жартыжылдық бойынша берілген білім беру салаларынан күтілетін нәтижелер бойынша индикаторлар анықталған.

Мониторинг жүргізудің басты тәсілі табиғи жағдайда баламен жүргізілетін бақылау тәсілі болып табылады.

Диагностика оқу жылының басында, ортасында және аяғында жүргізіледі:

- бастапқы – 1-10 қыркүйек;

- аралық – 10-20 қаңтар;

- қорытынды – 20-30 мамыр.

Бастапқы бақылау алдыңғы жас тобындағы мәліметтер (ІІ жартыжылдықтың күтілетін нәтижелері) негізінде жүргізіледі. Осы диагностика негізінде тәрбиеші психолог және педагог-мамандармен бірге Үлгілік бағдарлама мазмұнын меңгеру деңгейін анықтайды, сондай-ақ, балаға педагогикалық қолдау қажет ететін жұмыстың міндеттері анықталады.



І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша аралық диагностика (қаңтарда) жүргізіледі. Аралық педагогикалық диагностиканың жүргізілу мақсаты балаға білім беру стратегиясының дұрыс таңдалғанын бағалау болып табылады.

Қорытынды диагностика ІІ жартыжылдықтың күтілетін нәтижесінде жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері бойынша бағдарлама материалдарын меңгеруде балаға көмек көрсетуде алдағы педагогикалық процестің болашағы айқындалады.

Стандарт талаптарына сәйкес баланың жетістіктерін бақылау оның жас ерекшеліктеріне сәйкес 3 деңгейдің болуын болжайды:

1-деңгей – бала белгілі бір қимыл мен біліктерді қайталай алады;

2- деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие;

3- деңгей – бала өзінің білетінін және жасай алады, білімін өз бетінше және шығармашылықпен қолданады.

Нәтижелер Бақылау парағына толтырылады. Алынған мәліметтер негізінде Баланың жеке даму картасы толтырылады.

Баланың жеке даму картасы балалармен жұмыс істейтін педагогтармен, мамандармен толтырылады, және бала мектепке дейінгі ұйымда болған жылдары ішінде жүргізіледі.

Бақылау парағы мектепке дейінгі ұйымның әдіскеріне беріледі.

Әдіскер топтың Бақылау парағын мектепке дейінгі ұйым бойынша Жиынтық есепке біріктіреді.

Әр жастағы топ балаларының даму мониторингі материалдары электронды түрде әдістемелік кабинетте сақталады.

Стандарт талаптарына сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасау
Психологиялық-педагогикалық жағдайларға қойылатын талаптар

1) ересектердің балаларға құрметпен қарауы, балалардың өзін-өзі оң бағалауын қолдау, өз мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сенімділік;

2) балалардың жас ерекшеліктері мен қабілеттеріне сәйкес білім беру іс-әрекеттерінің түрлері мен тәсілдерін балалармен жұмыс барысында қолдану;

3) әрбір баланың қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне бағытталған мектепке дейінгі ұйымдардың барлық педагогтарының, мамандарының және ата-аналардың балалармен жұмыс істеу өзара әрекетінің негізінде білім беру іс-әрекетін құру;

4) балалардың бір-біріне жағымды, мейірімді қатынастарын және олардың бір-біріне өзара әрекеттерін түрлі іс-әрекеттер түрлерінде ересектердің қолдауы;

5) балаларды барлық дене және психикалық күш түрлерінен қорғау;

6) балалардың дамуындағы кемшіліктерді түзетуге және диагностикалауға, әлеуметтік бейімделуіне қажетті жағдай жасау;

7) балаларды тәрбиелеуде, олардың денсаулығын сақтау мен нығайтуда ата-аналарға қолдау көрсету, мектепке дейінгі ұйымның білім беру әрекеттеріне ата-аналарды тарту.



Педагогикалық процесті ұйымдастыруға қойылатын талаптар

1) мектепке дейінгі ұйымдарды мектепке дейінгі білім бар педагогикалық кадрлармен қаматамасыз ету;

2) педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін арттыру;

3) баланы тәрбиелеу мен дамыту мәселелерінде педагогтар мен ата-аналарға консультативтік қолдау көрсету, соның ішінде инклюзивтік білім беру;

4) білім беру процесінде ұйымдастыру-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету.

Ұйымдастырылған оқу қызметіне қойылатын талаптар

1) ұйымдастырылған оқу қызметінің ең жоғарғы көлемін және ұзақтығын қамтамасыз ету;

2) ұйымдастырылған оқу қызметінің санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың барлық жас деңгейлермен сәйкестігі.

Апталық нормативтік оқу жүктемесі Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңы негізінде Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарында анықталған.

Мектепке дейінгі ұйым топтарындағы балалардың апталық оқу жүктемесінің мүмкін ең жоғарғы көлемі:

ерте жастағы балаларға – 7 сағат;

1 кіші топ балаларына – 9 сағат;

II топ балаларына – 12 сағат;

ортаңғы топ балаларына – 14 сағат;

ересек топ балаларына – 20 сағат;

мектепалды даярлық сынып балаларына – 24 сағат.

Ұйымдастырылған оқу қызметтерінің ұзақтығы:

ерте жастағы балаларға – 7-15 минут;

орта жастағы балаларға – 15-20 минут;

ересек жастағы балаларға – 25-30 минутты құрайды.

Олардың арасында бірқалыпты қимылды ойындар ұйымдастырылатын үзілістердің ұзақтығы 10-12 минут.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес екінші кіші топтан бастап вариативті компонент енгізіледі. Апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі:


  • екінші кіші топтың балалары үшін – 1сағат;

  • ортаңғы топтың балалары үшін – 2 сағат;

  • ересек топтың балалары үшін – 3 сағатты құрайды.

Вариативті компонентті анықтауда балалардың жас және жеке ерекшеліктері, қажеттіліктері мен қызығушылықтары және мектепке дейінгі ұйымның бағыты ескерілуі қажет.

Вариативті компонент ұйымдастырылған оқу қызметтерінің бөлімі ретінде жоғары білікті мамандармен мектеп жасына дейінгі балалар үшін оқу жүктемесінің шекті деңгейінен асырмай күннің екінші жартысында ұйымдастырылады. Мектепке дейінгі ұйымның жасалған жайлы жағдайы әрбір баланың жақсы бейімделуіне және дамуына, қажетті білім, білік және дағдыларды игеруіне жәрдемдеседі.



Заттық-кеңістік дамытушы ортаға қойылатын талаптар:

Заттық-кеңістік дамытушы орта толық мазмұнды, өзгермелі, көпатқарымды, вариативті, қолжетімді және қауіпсіз болуы керек.

Заттық-кеңістік дамытушы орта:

- әрбір жас кезеңінің ерекшеліктеріне сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеуге арналған заманауи дидактикалық материалдарды, жабдықтар мен құрал-саймандарды қолдана отырып Үлгілік бағдарлама мазмұнын тиімді іске асыруға;

- балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға;

- балалардың дамуында кемшіліктерді түзетуге, инклюзивтік білім білім беруге жағдай жасауға;

- түрлі білім беру мен дамыту бағдарламаларын іске асыруға;

- балалардың ойын, танымдық, зерттеу, шығармашылық және қимыл белсенділігін қамтамасыз етуге;

- заттық-кеңістік дамытушы ортада ересектер мен балаларды қоршаған өзара әрекеттерде балалардың эмоционалдық жағдайын жасауға;

- балалардың өзін-өзі таныту үшін мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Заттық-кеңестіктік дамытушы ортаны құруда гендерлік тәсілдемені есепке алып, қыздарға және ұлдарға арналған ойыншықтар, материалдар және арнайы заттармен жабдықталуы тиіс.

Заттық-кеңестіктік дамытушы орта білім беру салаларын біріктіру принципі есебінен құрылады. Бір білім беру саласына арналған материалдар мен жабдықтарды басқа білім салаларын жүзеге асыруда қолдану қажет. Келесі қызмет түрлеріне жабдықтарды таңдау жүзеге асады: балалардың шығармашылық, психологиялық және дене бітімінің дамуына ықпал ететін ойын, танымдық-зерттеушілік, коммуникативтік, еңбек, көркем-музыкалық, көркем әдебиетті қабылдау және басқалары.


Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыру
Меншік нысанына, түрлеріне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары, мамандары мен қызметкерлері өз қызметін Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңын және мектепке дейінгі білім беру саласының басқа да нормативтік құжаттарын басшылыққа ала отырып жүзеге асырады. Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес балалардың тәрбиесі мен дамуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдай жасауға жеке жауапкершілілікте болады.

Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі:

-ұйым Жарғысымен және мектепке дейінгі білім беру саласының нормативтік құқықтық құжаттарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарға басшылықты жүзеге асырады;

-мектепке дейінгі ұйым қызметінің мақсаты мен міндеттерін, болашағын анықтайды.

-білім беру, тәрбиелеу, әдістемелік және әкімшілік-шаруашылық жұмыстарын қамтамасыз етеді;

- балалардың жан-жақты толыққанды дамуы және олардың денсаулығын нығайту мен қорғау үшін тиімді жағдай жасайды;

-практикада озық ғылыми және педагогикалық тәжірибені зерделейді және енгізеді;

-қызметкерлердің және мамандардың, педагогтардың біліктілігін үздіксіз және уақытында көтеру үшін жағдай жасайды;

-балалардың тәрбиесі мен оқу мәселелері бойынша ата-аналардың ортасында жұмысты ұйымдастырады, мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне қатысуға ата-аналарды тартады, педагогикалық білімдерін насихаттауға ықпал етеді.



Мектепке дейінгі ұйым әдіскері барлық педагогикалық процесті бағдарламалық-әдістемелік қолдау сапасын қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі ұйым әдіскері педагогтар мен мамандарға:

-жұмыс жоспарын құрастыруда, тәрбие мен оқу мазмұнын, формасын, әдістері мен құралдарын анықтауда;

- баланың даму мониторингін өткізуде;

- озық педагогикалық тәжірибені қорытындылау мен таратуда;

- ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілері, мамандарының өзара іс-қимылына әдістемелік көмек көрсетеді.

Әдіскер педагог кадрлардың аттестациясын, педагогтардың шеберліктері мен әлеуетін арттыру үшін семинарларды, тренингтерді және басқа да шараларды ұйымдастырады және өткізеді.

Тәрбиеші білім беру процесін тиімді ұйымдастыру үшін:

- балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

- топтағы білім беру қызметін жоспарлайды;

- денсаулық сақтау шараларын өткізеді;

- білім беру саласының кіріктірілу ұстанымын ескере отырып заттық-дамытушы ортаны құрады;

- балалармен жұмыста тұлғаға - бағдарланған тәсілдерді жүзеге асырады;

- жеткен нәтижелерді талдау негізінде баланың және топтың одан әрі қызметін жоспарлайды;

- озық педагогикалық тәжірибені зерделейді, инновациялық әдістер мен технологияларды қолданады;

- балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелерінде ата-аналарға кеңес береді;

- мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивтік тәрбиесі мен оқуына қажетті жағдай жасайды.

Тәрбиеші күні бойы жас топтарындағы күн тәртібіне сәйкес әртүрлі педагогикалық қызметті: ертеңгілік қабылдау, таңғы жаттығу, ұйымдастырылған оқу қызметін, балалармен қарым-қатынас жасау, тамақтану, күндізгі ұйқы, гигеналық және шынықтыру шараларын, еңбек, сюжеттік-рөлдік, шығармашылық, дидактикалық және қимылды ойындарды, ата-аналармен жұмысты жүзеге асырады.

Мемлекеттік, орыс, шетел тілі педагогтары:

- оқылатын тілдің ерекшеліктерін ескере отырып, ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлайды және ұйымдастырады;

-оқудың әртүрлі формаларын, әдістерін, тәсілдерін және құралдарын қолданады;

-бала тұлғасының тіл мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді және баланың тілге деген жеке қабілетін дамытуға жәрдемдеседі;

-интерактивтік жабдықтар негізінде инновациялық технологияларды қолданады;

- үш тілді оқытудың бірлігін жүзеге асырады.

Мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінің оқытушылары орыс тілінде оқитын топтарда мақсатты қазақ тілінде оқытуды, қазақ тілінде оқитын топтарда орыс тілінде оқытуды Үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметтері арқылы жүзеге асырады

Музыкалық жетекші:

- балалардың музыкалық дамуын жүзеге асырады;

- музыка сабақтарын, балалар мерекелерін және басқа да мәдени-көпшілік шараларын ұйымдастырады және өткізеді;

- музыкадан дарынды балаларды анықтайды;

- балалармен жеке жұмыс өткізеді;

- балаларға музыкалық тәрбие беру мәселелері бойынша тәрбиешілер мен ата-аналарға кеңес береді.



Мектепке дейінгі ұйым педагог-психологы:

-балалардың психологиясы мен әлеуметтік амандығы үшін жағдай жасайды;

- балаларға, тәрбиешілерге, ата-аналарға әртүрлі оңалту және кеңес беру көмек түрлерін көрсету бойынша шаралар қабылдайды;

- әрбір баланың жеке психологиялық-педагогикалық картасын құрады;

- шығармашыл дарынды балаларға психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына ықпал етеді.

Мектепке дейінгі ұйым дефектологы, логопед:

- балалардың психологиялық, дене бітіміндегі және физиологиялық ауытқушылықтарына диагностика жүргізеді;

- ауытқушылық көріністері құрылымы мен дәрежесін анықтайды;

- бұзылған функцияларды қалпына келтіру бойынша жеке және топтық түзетулерді жүзеге асырады;

- мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтенуіне ықпал етеді;

- дамуында ауытқушылығы бар балаларға көмек көрсетеді, арнайы әдістер мен тәсілдерді қолдану бойынша педагогикалық қызметкерлер мен ата-аналарға кеңес береді.



Дене шынықтыру бойынша инструктор:

- ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлайды және жүзеге асырады;

- дене тәрбиесі бойынша озық педагогикалық тәжірибені зерделейді;

- инновациялық технологияларды қолданады;

- денсаулық сақтау мәселелерінде ата-аналарға кеңес береді, қауіпсіздік шаралары мен санитарлық-гигеналық жағдайды қамтамасыз етеді;

- арнайы медициналық топқа жататын, балалармен қосымша сабақтар өткізеді.



Медицина қызметкерлері:

- балалардың денсаулығы және дене бітімінің дамуына жауапкершілікте болады;

-емдеу-профилактикалық шараларын өткізеді;

- санитарлық-гигеналық нормаларды, күн тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді;

- балаларды тамақтандыруды ұйымдастыруды бақылауды, азық-түлік сапасын бақылауды жүзеге асырады, тағайындалған нормалар мен талаптарға сәйкес ас мәзірін құрайды, өнімдерді салуға қатысады, сынама алады, дәрігердің ұйғарымына сәйкес диетамен тамақтануға мұқтаж балалар үшін жеке ас мәзірін қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі ұйымдарға қосымша білім беру қызметін енгізу (хореография, жүзу, ағылшын тілі, компьютерлік сауаттылық және т.б.) әрбір жас кезеңі үшін тағайындалған оқу жүктемесі аясынан аспауы тиіс.


Тәрбиешілердің педагогикалық шеберліктерін арттырудың негізгі тәсілдері
Мектепке дейінгі ұйымның заманауи педагогы үйлесімді дамыған, ішкі жан дүниесі бай, рухани, кәсіби, мәдени жетілуге ұмтылысы мықты тұлға болуы тиіс тиіс.

Үлгілік бағдарламада анықталған міндеттерді табысты іске асыру үшін педагог балаларды оқыту мен тәрбиелеудің барынша тиімді құралдары мен технологияларын білуі және қолдануы тиіс. Осы мақсатта ол үнемі өзінің кәсіби шеберлігін арттыруы, өздігінен білім алуы тиіс.

Педагог мектепке дейінгі педагогика мен психологияны, мектепке дейінгі білім беру саласында халықаралық және отандық нормативті-құқықтық құжаттарды білуі тиіс.

Бүгінгі күннің талаптарына сәйкес педагог баланың дамуына диагностика жүргізу әдістерін игеруі, мамандармен бірге қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болашаққа жеке жоспарларын анықтауы қажет.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, мектепке дейінгі ұйым педагогтары мен мамандары:

- үнемі өздігінен білім алуы;

- педагогтар мен ата-аналар үшін ашық сабақтар беруі;

- оқытудың иннновациялық әдістері мен технологияларын игеруі;

- мақалалар, баяндамалар дайындау арқылы өзінің әлеуетін көтеруі;

- үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтуі;

- өзінің біліктілігін алуы және дәлелдеуі үшін мерзімінде аттестациядан өтуі;

- жас педагогтарға әдістемелік көмек көрсетуі;

- педагогтарға арналған түрлі байқауларға қатысуы;

- портфолионы өзінің педагогикалық жетістіктерінің нәтижелерімен үнемі толықтырып отыруы қажет.

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы 2017 жылы педагогтарға көмек көрсету мақсатында мынадай әдіснамалық материалдарды әзірледі:

- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына әдістемелік нұсқаулық;

- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптарды қолдану бойынша бойынша әдістемелік ұсынымдары;

- Үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеру бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдары;

- «Халық ауыз әдебиеті - мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің негіздері» әдістемелік ұсынымдары;

- «Сюжетті-рөлдік ойын - мектепке дейінгі ұйымдардағы театрландырылған әрекеттің алғашқы сатысы» әдістемелік ұсынымдары;

- Балалар әндері жинағы әдістемелік ұсынымдармен бірге;

- «Мектепке дейінгі ұйымдардың жас топтарында ұйымдастырылған оқу қызметтеріне денсаулық сақтау технологияларын енгізу» әдістемелік ұсынымдары.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың педагогтары мен мамандарына кешенді әдістемелік көмекті «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының rc-dd.kz. порталы қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін нормативті-құқытық құжаттардың тізбесі
Мектеп жасына дейінгі балаларға сапалы білім беру қызметін қамтамасыз етуде қажетті жағдайларды жасау мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін нормативті-құқытық құжаттардың тізбесі:


  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы

2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 заңы

3. Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы» 2012 жылғы 28 маусымдағы № 23-V заңы

4. Қазақстан Республикасының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі №306 заңы

5. Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 заңы

6. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы

7. «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары, ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығы

8. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарттары, 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 ҚРҮҚ

9. Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 ҚРҮҚ

10. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы

11. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы, ҚР БҒМ 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығы

12. Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу ережесін бекіту туралы, ҚР БҒМ 2008 жылғы 10 маусымдағы № 337 бұйрығы

13. Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы, ҚР БҒМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы

14. Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары, ҚР БҒМ 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 бұйрығы

15. Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы, ҚР БҒМ 2013 жылғы 17 мамырдағы № 206 бұйрығы

16. 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары, ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы

17. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы, ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы



18. Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы, ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет