Қазақстан Республикасының Елбасы биылғы Жолдауында әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлді.2011-2020 жылдары Қазақстан републикасының білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты-білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын жақсы білім беру қорлары мен технологияларына тең қол жетімділігін қамтамасыз ету болып отыр.
Мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі-мүмкіндіктері шектеулі балалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім алу құқықтарын жүзеге асыруын қамтамасыз ету болып табылады.
Білім беру саласындағы халықаралық құжаттар негізінде құралған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі баланың білім алудағы тең құқықтар қағидасы қарастырылады.