Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі33,1 Kb.
#98176
  1   2   3
Байланысты:
ТУП өзгертулер



"Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 195 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда № 20625 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 23 ақпандағы № 74 (28013) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 604 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын іске асыру мақсатында

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет