Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың



бет1/4
Дата31.01.2018
өлшемі370,27 Kb.
#36430
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасында  тілдерді дамыту  мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Ұлан ауданында жүзеге асу барысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ауданда іс-шаралар жоспары Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы  28 сәуірдегі № 541 шешімімен бекітілген.


Тіл саясаты туралы мәселелер аудан әкімдігінің отырысында қаралып отырады. 2015 жылғы 26 тамыздағы аудан әкімдігінің отырысында «Қазақстан Республикасында  тілдерді дамыту  мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Ұлан ауданында жүзеге асу барысы туралы» сұрағы қаралды.  
Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту мақсатында аудан көлеміндегі мекемелер мен мемлекеттік органдардағы іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру бойынша бөлім ай-сайын мемлекеттік органдар мен мекемелердің құжат айналымына мониторинг жасап, талдап отырады. Талдау нәтижесі бойынша мемлекеттік тілдің жалпы құжаттағы үлесі 96,5 пайызға жетті. Бүгінгі күні ауданның мемлекеттік органдарындағы мемлекеттік қызметшілердің  97 пайызы қазақ тілінде іс жүргізе алады.
Қазіргі қазақ ономастикасындағы өзекті мәселелердің бірі аты-жөнімізді біріздендірумен байланысты болып отыр. Қазақстан Республикасы  Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Жарлығының негізінде 2015 жылдың 10 наурыздан 10 сәуірге дейінгі аралықта айлық акция ұйымдастырылып, аталған Жарлық бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аты-жөнді өзгерту мектеп жасындағы жастар арасында басталатындықтан аталған Жарлықты кеңінен таныстырып, насихаттау мақсатында аудан мектептерінде оқушылар мен ұстаздар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік тілдің әлеуметтік коммуникативтік қызметін нығайту және кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын түсіндіру және насихаттау мақсатында 8 аудандық әртүрлі конкурстар өткізіліп, «Есіміңді ескер, қазағым!» атты тіл айлығы акциясы аясында 12 семинар, 4 дөңгелек үстел, 3 акция ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстарын іске асыру мақсатында 9 кеңес өткізілді, оған барлығы 1390 адам қатысты. Сондай-ақ, облыстық  тілдерді дамыту басқармасымен бірлесе ұйымдастырылған дөңгелек үстел Герасимовка ауылында өткізілді.
Жыл сайын дәстүрлі түрде Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өткізіледі. Биылғы жылы өткізілген байқаудың жеңімпазы, Бестерек ауылының 9 сынып оқушысы Кабиев Слямбек Күршім ауданында өткен облыстық О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына қатысып, «Сахна шебері» номинациясына ие болып, сыйлыққа Алғыс хат пен планшет алды.  «Абай оқулары» байқауы, «Тіл-парасат» байқаулары өзге ұлт өкілдерінің арасында өткізілсе, үш тілді меңгерген жастар арасында «Тіл шебері», «Тілдарын» атты байқаулар өткізілді.. «Тіл шебері» аудандық байқауының жеңімпазы Маханова Ақторғын облыстық байқауға қатысып, арнайы сыйлыққа ие болды.
Тілдер күні мерекесіне арналған «Тілдер шеруі» акциясы аясында   «Ана тілім – асыл қазынам» атты аудандық викториналық сұрақ-жауап сайысы болып өтті. Сондай-ақ, «Тұғырында тұрсын тіліміз» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Отбасынан кейінгі баланың баратын тәрбие ошағы – балабақша. Бүлдіршіндердің тілді үйренуге қызығушылығын арттыру мақсатында «Бала шақтан болашаққа – мемлекеттік тілмен», «Қазақшаң қалай балақай?», «Біз қазақша сөйлейміз, «Бүлдіршін полиглоттар» атты тіл туралы аудандық іс-шаралар, байқаулар өткізіліп тұрады.
2015жылғы 15 қыркүйекте Р. Мәрсеков мектебінің акт залында қазақ, ағылшын, орыс тілдерін меңгерген жастар арасында  Тілдер күні мерекесіне арналған «Тіл – достықтың кепілі»  атты аудандық  байқау өткізілді.
Тіл саясатының стратегиялық  бағыттарының бірі – орыс тілінің ұлтаралық тіл ретінде қолданысын сақтау. Осы мақсатта «Ой-сана» атты қазақ жастары арасында орыс тілін білгірлерінің аудандық байқауы өткізіліп, байқау жеңімпазы, Привольное ауылының 8 сынып оқушысы Зейінолла Мирас облыстық байқауда арнайы сыйлыққа ие болды.
«Тіл-тұнық ойдың кәусары» атты аудандық байқаудың жеңімпазы Какенова Гауһар «Тіл – тұнық ойдың кәусары» атты облыстық байқауға қатысып, жүлделі ІІ-орынға ие болып, құрмет грамотасы мен ұялы телефонмен марапатталды
Аудандағы көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін заң талаптарына сай біріздендіру, үйлестіру және қоғамдық бақылауды одан әрі күшейту, бұл іске аудан жұртшылығын кеңінен жұмылдыру мақсатында өткен «Көрікті тіл-көрікті жарнама» тіл айлығы аясында аудан көлемінде 5 дөңгелек үстел өткізіліп, оған 88 адам қатысты. Екі рет байқау ұйымдастырылып, оған  20 адам қатысса, өткізілген 3 семинар-кеңеске 13 адам қатысты. Сондай-ақ, 6 мәрте рейд жасалып 62 нысан тексерілді.  Тексерілген нысандар дәріханалар, сауда орындары, дәмханалар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар болды.
Жүргізілген рейдтердің нәтижесі бойынша анықталғаны нысандардағы көрнекілік ақпараттарда көбінесе грамматикалық қателер жіберілгені анықталды. Атап айтсақ, сауда орындарындағы жұмыс кестесі мен дәріханалардағы дәрінің қолданылуы туралы анықтама жазбаларындағы жіберілген грамматикалық қателіктер анықталып, аталған қателіктерді түзету шаралары атқарылды.  Сондай-ақ, кәсіпкерлердің сұранысы бойынша орыс тілінде жазылған тауарлар атауының қазақ тіліндегі баламасы беріліп, көмек көрсетілді.     
Көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін заң талаптарына сай безендіруде аудан орталығындағы «Халық банкі» АҚ мекемесі мен «Ұлан ауданы бойынша салық басқармасының», Таврия ауруханасының, балалар спорт мектебінің ғимараттарын, Қасым Қайсенов кентіндегі дәріхананы, «Ұлан» дүкенін, Таврия ауылындағы «Имидж» дүкенін, Герасимовка ауылындағы «Береке» дүкенін атап өтуге болады. Аталған мекемелердегі көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндері заң талаптарына сай, ешқандай қатесіз жазылған. 
Ауданда көрнекі ақпарат және жарнамаларды ресімдеу деңгейі 85,1 пайызды құрайды.
Тілдік саясатты жүзеге асыруда ономастика жұмысын реттеудің маңызы зор. «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіндегі әкімшілік-аумақтық бірліктер мен геонимдердің атауларын біріздендіру, расталған мекенжайларды өзектілеу бойынша ауқымды жұмыстар толығымен орындалды. Аудандағы 51 елді мекен және 389 геоним атаулары ресми  құжаттармен бекітілді.    
Елді мекендердегі көшелерге, нысандарға атау беру немесе атауын өзгерту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ,  Қасым Қайсенов кентінің 2 көшесіне жаңадан атау беріліп, 1 көшесінің атын өзгерту бойынша құжаттар жинағы облыстық ономастика комиссиясы тарапынан қолдау тауып, өзгертілді. Бозанбай ауылдық мәдениет үйіне Сағидолла Мұқашевтың аты берілді. Аудан орталығындағы «Аленушка» бала бақшасының атауы «Айжұлдыз» атауына өзгертілді. Сонымен қатар, Бестерек ауылындағы М. Горький атындағы мектепке Ғадас  Салықовтың аты, Привольное орта мектебіне Мұрат Қожановтың атын беру бойынша құжаттар Респубикалық ономастика комиссиясы тарапынан қолдау тапқан қорытындысы келді. Қазіргі таңда Министрліктің қорытынды қаулысы күтілуде. Восточное ауылындағы «Қазанның 17 жылы» мектебіне Мұхтар Әуезовтың атын беру бойынша құжаттар облыстық ономастика комиссиясынан қолдау тауып, республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданды. Бүгінгі күні Министрлік тарапынан көшелерге, елді мекендерге, нысандарға атау беру, атауын өзгерту мәселелері бойынша жұмыстар уақытша 2016 жылға дейін тоқтатылып отыр. Тек қана Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай Ұлы Отан Соғысы Батырларының атын беру бойынша ғана рұқсат етілген.
Жыл басынан бері аудандық, облыстық газет беттерінен аудандағы тіл мәселесі бойынша 48 мақала жарық көрді. Іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жалғасын табуда.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет